Қазақстан әлемнің әдеби картасына енді

Британдық The Independent басылымы әлемнің әдеби картасын жариялады. Әлемнің 197 елі енген картадағы әрбір мемлекет белгілі жазушылардың бір кітабымен белгіленген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан әлемнің әдеби картасына енді - Фото Әлемнің әдеби картасына енген Қазақстан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясымен көрсетілген.

Сонымен қатар картаға Орталық Азия елдері де енген. Мысалы, Қырғызстан – Шыңғыс Айтматовтың «Жәмила» повесімен, Тәжікстан – Андрей Волостың «Хуррамабад» романымен, Өзбекстан ­– Том Бисселдің «Теңізді іздеу: Орталық Азияның елестер арасында ғайып болған империясы» («В погоне за морем: Потерянная среди призраков империя в Центральной Азии») еңбегімен ұсынылған.

Өкінішке қарай, Түркіменстан бұл картаға енбей қалған.

Моңғолияны Чинагийн Галсанның алғаш рет неміс тілінде жарияланған «Көк аспан» романы таныстырады. Қазақстан әлемнің әдеби картасына енді - Фото Сонымен қатар, картаға енген басқа елдерге тоқталып өтсек: Ресей – «Соғыс және Бебітшілік» («Война и Мир» (Лев Толстой), АҚШ – «Қылжақбасты өлтіру» («Убить пересмешника» (Харпер Ли), Қытай – «Қызыл теремдегі ұйқы» («Сон в красном тереме» (Цао Сюэцинь), Канада – «Жасыл мезонинде тұратын Аня» «Аня из Зелёных Мезонинов» (Люси Мод Монтгомери), Украина – «Мұз үстіндегі пикник» («Пикник на льду» (Андрей Курков), Беларусь – «Чернобыль дұғасы» («Чернобыльская молитва» (Светлана Алексиевич), Ұлыбритания – «Тәкаппарлық және теріс ұғым» («Гордость и предубеждение» (Джейн Остин), Швеция – «Дракон татуировкалы бойжеткен» («Девушка с татуировкой дракона» (Стиг Ларссон), Чехия – «Тұрмыстың төзгісіз жеңілдігі» («Невыносимая лёгкость бытия» (Милан Кундера), Германия – «Превращение» (Франц Кафка), Франция – «Шеттетілгендер» («Отверженные» (Виктор Гюго), Түркия – «Менің атым – қызыл» («Имя мне – красный» (Орхан Памук), Оңтүстік Корея – «Вегетариан қыз» («Вегетарианка» (Хан Канг), Жапония – «Желікпе құстың хроникалары» («Хроники заводной птицы» (Харуки Мураками).