ҰҚК бұрынғы төрағасының қамау мерзімі тағы да ұзартылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың қамау мерзімін мамырға дейін ұзартты деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Астана сотының баспасөз қызметі.

ҰҚК бұрынғы төрағасының қамау мерзімі тағы да ұзартылдыӨткен жылдың соңында Қылмыстық кодекстің 185-бабының 3-тармағы "Мемлекеттік құпияны жария ету" және 362-бабының 3-тармағы "Билік пен қызметтік бабын асыру" бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы, Хасен Нұрлан Болатұлы және Нұртаев Ерлан Сүйімбайұлы ұсталған болатын.

"№2 Есіл аудандық соты Дүтбаев, Хасен Нұрлан және Нұртаевтің қамауға алу мерзімін 26 мамырға дейін ұзартты", — деп хабарлады әңгімелесуші Sputnik Қазақстанға.

Нартай Дүтбаев 2001-2006 жылары Қазақстан Ұлттық комитеті төрағасы қызметін атқарған.