Келесі Президент Әсет Исекешев болады ма?

Картинки по запросу асет исекешев

Соңғы уақытта Елбасының саяси мұрагері кім болады деген сауал отандық саясаттанушылардың жиі көтеретін мәселесіне айналды. Саясаттанушылар былай тұрсын, бұл сауал елдегі көріпкел мен балгердердің де басты тақырыбына айналғанын қайтерсіз...

Өзін "Елорданың басты патриоты" деп санайтын М. Ерғали есімді Астана қаласының тұрғыны Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтан кейін ел Президенті болып бас қаланың қазіргі әкімі Әсет Исекешев сайланады деп есептейді.

Бұл туралы gu-gu.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

- Соңғы кездері Ақорда ірі кадрлық ауыс-түйістер жүргізіп, бәрімізді аң-таң қылды. Соңғы тағайындалған облыс әкімдері соған дәлел.

Картинки по запросу нуртай абыкаев

Менімше, Мемлекет басшысы өзінің ұзақ жылғы сенімді кадрларын саясат сахнасынан жылжытып, жастарды тартқысы кеп жүрген секілді. Бұл баяғыдан жүзеге асып келе жатқан жоспар. Нұртай Әбіқаев алғашқы болып осы тізімге ілікпеп пе еді…

Жаңадан әкім боп тағайындалғандардың дені қырықтан енді ғана асқандар. Бұрын-соңды олар туралы көп ешкім естімеген. Бұл запастағы кадрлар ғой. Елбасы жаңа команданы бекер алдыға шығарып жатпаған секілді, - деп жазады Ерғали.

Картинки по запросу тасмагамбетов

Оның пікірінше, тақ туралы әңгіменің барлығы Иманғали Тасмағамбетовтың елші болып кетуінен кейін өзекті бола қалған. "Осыған дейін келесі Президент кім болады деген сұраққа бәрі бір ауыздан Нұрсұлтан Назарбаевтың ең сенімді серіктерінің бірі Тасмағамбетовты айтушы еді. Имекең енді елшіліктен қашан және кім болып оралатынын бір құдай және Елбасы ғана біледі…" - деп пайымдайды автор.

Пікір иесінің жазбасын ары қарай еш өзгеріссіз ұсынуды жөн санаймыз:

Экспо-2017 өткесін мұнан да ірі өзгерістер орын алады деп жатыр ғой билікте. Дүние көшіп кетсе де мызғымайтын Жақсыбеков те өз өтінішімен кетеді деген сыбыс бар. Орнына Исекешев, не Байбек баруы мүмкін деп жорамалдайды білгіштер.

Менімше, бұл сөздердің қисыны бар. Елбасы осы екі жасты, әсіресе, Әсет Өрентайұлын дайындап жүрген секілді. Себебі, аса бір үлкен жетістіктерімен есте қалмаған Исекешевті бас қаланың әкімі етіп тағайындауы үлкен сенім. Астана әкімін осал адамдар басқармаған. Шүкеев, Жақсыбеков, Тасмағамбетов, Мамин… Бәрі де аса ауыр салмақтағы саяси ойыншылар. Назарбаев бұлардың қатарына енді Исекешевті де қосты.

Картинки по запросу асет исекешев

Менімше, біздің сұңғыла да, дана Елбасымыз өзінің орнына осы Әсеттей іскер де, білімді жігітті қалдырғысы келетін секілді.

Қазіргі уақытта Исекешев бас қаланың әкімі бола отырып, халықпен өте тығыз қарым-қатынаста жүр. Тіпті, әлеуметтік желіде парақшасын ашып алды. Халық алдына тікелей өзі шығып, бар сұраққа жауап беріп жүр. Астана әкімі болған бір де бір шенеунік халыққа мұнша жақын болуға тырыспаған.

Сондықтан, сөзіміздің жаны бар секілді. Несі бар…

Дереккөз: gu-gu.kz