"ҚАЗАҚ ҮНІ" ГАЗЕТІНІҢ ЖУРНАЛИСІ ЖЕҢІМПАЗДАР ҚАТАРЫНДА

Ұлыстың Ұлы мерекесі – Әз наурыздың қарсаңында М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында өткен Қазақстан және КСРО Халық артисі, профессор Хадиша Бөкееваның 100 жылдығына арналған дәстүрлі «Театр көктемі – 2017» фестивалінде "Театр және ақпарат" номинациясын жеңіп алған әріптесіміз "Қазақ үні" республикалық қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшысы, журналист Гүлмира Садықты осынау марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Келешекте қаламы қарымды қаламгерлердің қатарынан көрініп, биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектестік білдіреміз. qazaquni.kz