Президент әкімшілігі басшысының орынбасары тағайындалды

Оңдасын Сейілұлы Оразалин президент әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақ үні ұлттық порталы.

"Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Атап өту керек, бұған дейін Оңдасын Оразалин президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.