"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қариннен қайыр болмай тұр: «Ұлттық арна» – әлі де сайқымазақтар арнасы екен

Ерлан Қарин

Ерлан Қарин

Бұған дейін отандық телеарналарды әншілер «жаулап алды» деп көрермендер жиі шағымданатын.

Расымен де, қай телеарнаны қоссаңыз да беті жылтыраған эстрада жұлдыздары жұртқа ақыл айтып немесе өтірік күліп отыратын. Коммерциялық телеарналар болса мақұл, мемлекеттен қаржыланатын «Қазақстан» мен «Хабарыңыз» да эфирді журналистерге емес, әнші-әртістерге беріп қойған, деп жазады sn.kz.

Дегенмен, «Ұлттық арна» аталып кеткен «Қазақстан» РТКР АҚ-ға жаңа төраға Ерлан Қарин тағайындалғаннан кейін жағдай түзелетін шығар деп үміттенгендер көп болды. Бірақ, эфирде таң атқаннан күн батқанға дейін қазақстанықтардың көңілін әлі сол әнші-әртістер мен «сайқымазақтар» көтеріп жүр. Көңіл көтергендері өз алдына, енді олар білікті сала мамандарын ығыстырып, ұлттық арнаның басшылық құрамына ене бастады. Мәселен,

бұрынғы «КВН-щик» Нұрлан Қоянбаев бүгінде «Қазақстан» арнасының бас продюсері. Бұл Ерлан Қариннің төраға болғаннан кейін жүргізген алғашқы ауыс-түйісі.

Ал, жуырда ғана Қарин «Таңшолпан» бағдарламасының басшылығына эстрада әншісі Гүлнұр Оразымбетованы тағайындапты. Иә, әнші әрі Қызылорда облысы экс-әкімінің әйелі енді ұлттық арнаның эфирін ашады, турасын айтсақ ашып жүр. Аша салысымен сынға да ілігіп үлгерді. Әнші жаңалық енгізгісі келсе керек, таңғы бағдарламаны бұрынғыдай екі емес қазір төрт бірдей жүргізуші жүргізеді. Экранға әрең сыйып отырған оларды көргендер «жағасын ұстамаса» да, таңданыстарын жасырмай айтып жүр.

Ерлан Қарин сондай-ақ, «Қазақстан» арнасынан енді ағылшын тілінде фильмдер көрсететінін де хабарлады. Елбасы былтыр ғана 100 пайыз қазақша хабар таратсын деген телеарна бұдан былай ағылшынша да «сайрайды».

Міне, елдегі идеологияның басты құралдарының бірі саналатын ұлттық арнаның қазіргі сыйқы осындай.

Таңертең Гүлнұр Оразымбетованың компаниясында таңғы шайыңызды ішсеңіз, түнде КВН-щик Қоянбаевпен бірге ұйқыға кетесіз. Бұлардың арасында «Жайдарманның» күлдіргіштері, Тәуекел Мүсілім, Тұрсынбек Қабатов секілді «супермендер» (әмбебап адамдар) барлық проблеманы ұмыттырып, көңіліңізді көтереді.

Ал, халықтың рухани құндылықтардан қол үзгенін күнделікті жаңалықтардан көріп жүрміз. Жаңа туған балалардың қоқысқа, дәретханаға, көшеге тасталуы, жетімдер санының көбеюі, жастар арасындағы ауыр қылмыстар, сотталушылар санынының тым көбейіп кетуі, қарттар үйлеріндегі қазақ ата-әжелер және тағысын тағы. Бұл жағымсыз құбылыстардың белең алуы қазақ қоғамының деградацияға ұшырауының белгісі десек қателесе қоймаспыз. Ал, елге үлгі болуы тиіс депутаттар тастанды балаларға арнап бэби-бокстар орнатуды ұсынып жүрсе, халыққа рухани азық беруі тиіс телеарналар көңіл көтеруден қолдары босамайды. Өкінішке қарай, Ерлан Қарин бастаған команданың іскерлігі әзірге сол эстраданың деңгейінен әрі аса алмай тұр. Бірақ, жаңа келген басшыдан әлі де күтеріміз мол. Өйткені, Қарин жуырда ғана телеарнаның жаңа маусымы Наурыз мерекесінің қарсаңында көрерменге ұсынылады деп уәде берген.

SN-ақпарат




Осыған ұқсас:

  1. Қазақстандық арналар Азия ойындарын неге көрсетпейді?
  2. Мәулен Әшімбаев: Елдік мүддеге қызмет ету – қазақ телевизиясының негізгі миссиясы
  3. Ерлан Қарин: Көңіл көтеру бағдарламалары – теленарықтағы маңызды сегменттердің бірі
  4. Бибігүл Дәулетбекқызы: ҚАЙТАРЫЛСЫН МИЛЛИОНДАҒАН ҚАРАЖАТ!
  5. Меруерт Түсіпбаева Баян Алагөзовадан сериалға кеткен ақшаны қайтаруды талап етті
  6. Баянның «БАЯН СҰЛУЫ» енді қайтып КӨРСЕТІЛМЕЙДІ!..

Facebook арқылы пікір жазу



5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. Белгісіз 18 Наурыз, 2017, 23:03

    Орынды айтылған. Ұлттық арна да сайқымазақтар арнасы болып барады. Әсіресе таңғы бағдарламаны төрт жүргізушінің жүргізуі тіпті сорақылық, Бірінің сөзіне екіншісі таласып отырады. Қарағың да келмейді.

  2. Белгісіз 19 Наурыз, 2017, 00:12

    осыдан умит кутип жургендерин ахмакшылык барып турган сабынсыз жуынатын адамнан не умит не каиыр.еки жылдан бери сараптамасын окып келгенмин тек женилдин устимен билик не десе макулдап нанын тауып журген еди .акыры ости бырак каиыр кутпендер.

  3. Белгісіз 19 Наурыз, 2017, 08:27

    ҚАБАТОВ ЖӘНЕ ҚАСЫНДАҒЫ АТТАРЫН ДА БІЛМЕЙМІН ОЛАРДЫҢ НЕМЕНЕГЕ ОЛАРДЫ КӨРІНГЕН ТЕЛЕАРНАҒА ТЫҒА БЕРЕДІ, ТЕЛЕДИДАРДЫ КӨРУДЕН ҚАЛДЫҚ, КАНАЛДАРДЫҢ БӘРІН СОЛАР ЖАУЛАП АЛҒАН, АМАЛ ЖОҚ ТЕЛЕДИДАРДЫ ӨШІРІП ТАСТАЙМЫЗ. НЕМЕНЕ ОРАЗЫМБЕТОВАДАН БАСҚА ЖУРНАЛИСТЕР ҚАЛМАҒАН БА, КӨБІ ӘНШІМІН, ЖУРНАЛИСТЕ МЕНМІН, БАСТЫҚ ТА МЕНМІН ДЕП, БИЗНЕСМЕН ДЕ МЕНМІН ДЕП, ҚОЛДАРЫНАН ТҮК КЕЛМЕЙ, НАҒЫЗ МАМАНДАРДЫҢ ОРНЫН, БАСА КӨКТЕП АЛЫП, ХАЛЫҚТЫҢ НАРАЗЫЛЫҒЫН ТУДЫРАДЫ, БӘРІМІЗ ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ АРАСЫНДА ЖҮРІП, ХАЛЫҚТЫҢ ОЙЫН БІЛЕМІЗ.ШЫНДЫҚ ПЕН АҚИҚАТТЫ ТУ ЕТІП, ОСЫ ҚАЗАҚ ТЕЛЕАРНАЛАРЫНА ШЫНАЙЫ КОНКУРС ӨТКІЗСЕ, ҚАНШАМА НАҒЫЗ ЖУРНАЛИСТЕР, МЕНЕДЖЕРЛЕР КЕЛЕР ЕДІ, ӨТЕР ЕТЕДІ, ЖАҚСЫ ИДЕЯ МЕН ЖАҢАЛЫҚ ӘКЕЛЕР ЕДІ, АЛ ҚАЗАІРГІ ТЕЛЕАРНАЛАР ЕШҚАНДАЙ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ. АЛ ӨЗ БАСЫМ ОРАЗЫМБЕТОВАЛАРДЫ,ҚАБАТОВТАРДЫ,,ЕСЕНТАЕВАЛАРДЫ, Т. Б. КӨРГІМ ДЕ , ЕСТІГІМ ДЕ КЕЛМЕЙДІ. БОЛАШАҚТА ҚАЗАҚ ТЕЛЕАРНАЛАРЫ НАҒЫЗ ЖУРНАЛИСТЕР МЕН ТІЛШЛЕРДІҢ ОРТАСЫ БОЛАДЫ ДЕП СЕНГІМ КЕЛЕДІ, БІРАҚ ОЛ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА ҒАНА БОЛАТЫНЫН БӘРІМІЗ БІЛЕМІЗ, СЕБЕБІ, ХАЛЫҚ ЕШТЕҢЕ ШЕШПЕЙДІ ҒОЙ, МЕН ДЕ СОЛ ХАЛЫҚТЫҢ БІР БӨЛШЕГІМІН, БІРАҚ ӘЗІРШЕ ТЕЛЕДИДАР КӨРУГЕ, ТЫҢДАУҒА, ТАҢДАУҒА МҮМКІНШІЛІК ЖОҚ. БҰЛ КЕДЕР ДЕ ӨТЕР ДЕП СЕНГІМ КЕЛЕДІ.

  4. 20 Наурыз, 2017, 11:49

    Мен кормеимин де осиларди.жулдизсимактарди курту керек журналистердин жумисина жабистирмаи.арким оз мамандигина барсин.манка сакаулар курисин

  5. 5 Қаңтар, 2018, 17:44

    Ұлттық арнаның басшысы Қариннен бастап бүкіл әкімшілігін ауытыру керек. Анау министр Абаев бәрі шырауықша шатылған сыбайлас жемқорлар ұйымы.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.