Тоқтар Серіков: Қытайға ар-намысы жоқ жезөкше қыздар ғана тиеді

[caption id="attachment_66529" align="aligncenter" width="600"]Тоқтар Серіков Тоқтар Серіков[/caption]

Тоқтар Серіков қазақ қыздарының қытай жігіттеріне тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қытай жігіттеріне тек жеңіл жүрісті қыздар тұрмысқа шығуы мүмкін. Ал нағыз қазақтың мен деген намысты қыздары оларға қарамақ түгілі менсінбейді.

Бұл туралы «Сырласу» бағдарламасына сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

«Мен қазақ қыздарының бәрін қызғанамын. Өткенде қазақтың қыздары қытайға тиейін деп жатыр деп инстаграмды шулатты. Мен бір кісідей, жын соққандай ауырдым. Мен қызғандым. Кәдімгі өз әйелімді, үйдегі қызымды, туған қарындасымды алып кететін сияқты қызғандым. Жылағым келді», – деп ағынан жарылды әнші.

Бұл туралы жан айқайын жеткізгісі келген әнші артынша ақылдың сарабына салып, өзін тоқтатқан. Мұның себебін ол былай түсіндірді:

«Менің қарындастарым онсыз да саналы, аттарын айтпай-ақ қояйын, қазақтың мен деген қыздары, олар бізден де намысқой. Қазақтың қыздары жігіттерден де намысты. Намыс сондай болып тұр, олардың тиюі мүмкін емес, олар менсінбейді де. Қытайға тиетіндер кімдер? Жезөкше қыздар тиеді, әбден болған, ар-намысы, тегі жоқ, қаны жоқ, қазаққа түрі ғана ұқсайтын біреулер тиюі мүмкін. Олар тисе тие берсін, қайғырмаймын. Ал нағыз менің қарындастарымның тиюі мүмкін емес. Бай көкелерді менсінбей жүргендер тимейді. Олар нағыз өз махаббаттарын іздеп жүрген қазақ қыздары. Құдайға шүкір, тәубе. Олардан нағыз батырлар туады, ел дейтін, жұрт дейтін, тым құрығанда ат үркитін азаматтарды дүниеге әкелетініне мен сенемін», – деп түйіндеді сөзін Тоқтар Серіков.