Астанада Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өтті (ФОТО)

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Астанада дүлдүл күйші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші және Алғи Ахмедияровтың «Өмір белестері» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Еске алу кешіне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Әкім Тарази, Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік секілді белгілі әдебиет майталмандары, режиссер Талғат Теменов т.б. зиялы қауым өкілдері мен Қаршыға Ахмедияровтың отбасы мүшелері қатысты.

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Мырзатай Жолдасбеков:

«Алғи мен Қаршығаның әкелері Ахмедияр ағаны көргенмін. Аңшы, мерген, күйші, ұсталық өнерді терең меңгерген жан. Домбыра дариды, Қобыз қонады. Бұл кітап жас күйшілерге, Қаршығаның мұрасын зерттейтін жастарға азық болары сөзсіз».

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.