Астанада Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өтті (ФОТО)

3494
3
Бөлісу:

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Астанада дүлдүл күйші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші және Алғи Ахмедияровтың «Өмір белестері» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Қазақ үні» ұлттық порталы хабарлайды.

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Еске алу кешіне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Әкім Тарази, Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік секілді белгілі әдебиет майталмандары, режиссер Талғат Теменов т.б. зиялы қауым өкілдері мен Қаршыға Ахмедияровтың отбасы мүшелері қатысты.

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Мырзатай Жолдасбеков:

«Алғи мен Қаршығаның әкелері Ахмедияр ағаны көргенмін. Аңшы, мерген, күйші, ұсталық өнерді терең меңгерген жан. Домбыра дариды, Қобыз қонады. Бұл кітап жас күйшілерге, Қаршығаның мұрасын зерттейтін жастарға азық болары сөзсіз».

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 3 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 17 Наурыз, 2017 22:19 Жауап

    қаршыға қытай радиосына елу төрт күй жаздырған, яки ол күйлер бес мың жылдық қорда сақталады дейді.

  2. кіші жүз баласы 22 Наурыз, 2017 20:34 Жауап

    қаршығаның үлкен әкелерінің бірі дәулетияр да ерен дарынды сыбызғышы кісі болған. қобыз бен сыбызғыға ескілік сарқыншағы ретінде қарап тиым салған жылдары елсізге барып, қамыс арасында тығылып ойнайтын болған. батыста мұндай әруақты кісілер көп болған

Пікір немесе жауап жазу

16 + он бір =