Дос КӨШІМ: Біздің шенеуніктерде ұлттық иммунитет те, ар-ұят та жоқ

9488
43
Бөлісу:

Қазақстанда тіл туралы баптарды өзгертіп, „Мемлекеттік тіл туралы„ қайта заң қабылдау керек. Ал қазіргі қолданыстағы заң аяққа байланған тас секілді қоғамды артқа тартуда.

Біз бір орнымызда «буксовать» етіп, көп тұрып қалдық

Мұндай ұсынысты саясаттанушы Дос Көшім kaz.365info.kz сайтының „Неге солай?„ бағдарламасында қонақта болып, айтқан әңгімесінде мәлім етті. Саясаттанушының айтуынша, 1989 жылы қабылданған біздегі тіл туралы заң кезінде екі топты (қазақтілділер мен орыстілділерді — авт.) тыныштандыру үшін жасалған, алайда қазір ол Қазақстанды ыңғайсыз жағдайға қалдырып жүрген жайы бар.

Өйткені қазір Википедияны ашып қарасаңыз, мемлекеттік тіл мен ресми тіл екеуі бір ұғым секілді сипатта тұр.

Мемлекеттік тіл дегеннің жанында жақша ішінде ресми тіл деп жазулы тұр. Мемлекеттік тіл деген тілдік мәртебе. Адамның аты секілді. Ал ресми тіл дегеніміз оның қолдану мүмкіншілігі. Яки, ол ресми түрде мемлекет ішінде барлық жерде қолданылады дегенді білдіреді. Сонда екеуінің бір-бірінен ешқандай айырмасы жоқ.

Шындығында, Қазақстанда мемлекеттік тіл туралы заң жоқ.

Сондықтан мемлекеттік тіл зорға әрең тәлтіреңдеп орнынан көтеріліп келе жатыр. Ол заңды да. Өйткені оны көтеретін заңдық негіз жоқ қой. Бұл — біріншіден.

Қазақ халқы екі есеге өсті, мұнымен Үкімет неге санаспайды?

— Екіншіден, Латвия, Литва сынды Балтық жағалауы елдері тіл туралы заңды біз секілді 1989 жылы қабылдады, бірақ одан соң 1995 жылы оны қайтадан өзгертті, 2014 жылы тағы да қарады. Осылайша үш рет заң қабылдады, өйткені елдегі тілдік ахуал алмасты, кезінде саяси амалмен қабылданған нәрселер өзгертуді қажет етті. Яғни, олар заңды 4-5 жыл сайын өзгертіп жатты, ал

біз 27 жыл бір заңмен отырмыз, қоғамда ешқандай өзгеріс болмағандай. Бірақ біз өзгердік қой. Бастапқыда қазақтың саны 39 пайыз болатын, ал қазір — 70 пайыздаймыз. Екі есеге өстік, тілге деген сұраныс 2 есеге артты.

Демек, қазақ тілі өз инерциясымен тіріліп келеді. Қазір қазақ тілді қолданатын азаматтар көбейді. Қазақ тілін қолдайтын топтар көбейді. Қысқасы, біз бір белестен өттік…

Шенеуніктерде ұлттық иммунитет те, ұят та жоқ

„Менің миымды ауыстырып бермесеңдер, мен қазақша сөйлей алмаймын„ деген министр

Саясаттанушы билікке келетін мемлекеттік қызметкерлердің ұяттан, этикадан жұрдай екенін айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда министрлік қызметке тағайындалатынын біле тұрып, қазақ тілін білмеу, тіпті оны үйренуге құлық танытпау қалыпты жағдайға айналған. Нақтысында,

бұл — өте ұят нәрсе, өзі қызмет ететін халықты менсінбеу, тіпті өзіне орыстандыру саясатының өтіп кеткенін, яғни ұлттық иммунитеті жоқ осал тұлға екенін әшкерелеу.

Сондықтан заңға мемлекеттік қызметкерлерді мемлекеттік тілді білуді міндеттеуге еріксіз баруымыз керек.

— Кез келген мемлекетте, мысалы Германияда мемлекеттік қызметке келетін адам неміс тілін, Францияда француз тілін білу міндетті. Ол үшін ешкім дауласпайды. Өйткені ол — аксиома. Сондықтан оны заңға да жазып жатпайды. Себебі адам аузымен тамақ ішеді, аяғымен жүреді дегенді заңға жазбаймыз ғой. Бұл — дәл осындай жайт. Содан кейін де біз осылай ашу-ызамызды айтамыз. Неге биліктегі адамдар мемлекеттік тілде сөйлемейді, неге осындай адамдар басшылықққа келеді дейміз. Тағы бір жағынан, бізде билікке, мемлекеттік қызметке келетін адамның ар-ұяты аздау. Егер мемлекеттік тілді білмесе, министрлікке тағайындалған адам:

жақында ғана үлкен жиында тілшілерге қазақ тілінде ақпарат беруден бас тартқан елші

„Мен қазақша білмеймін, ертең халық алдына қалай шығамын, ұят емес пе„ деп айтуы керек қой.

Кеше ғана бір жерден оқыдым. Чехияда министр болған қазақтың келіншегі бар ғой. Сол сұқбатында айтады. Оны бір министрлікке ұсыныпты. Мәдениет жағынан болуы керек. Сол уақытта мен оған бармадым дейді. Себебі мен чех тілін бір адамдай білемін, бірақ ол Мәдениет министрлігі ғой, мен сондай жоғары деңгейде тілді игермегем, сондықтан ұялып, ол ұсыныстан бас тарттым дейді. Міне, бұл — жоғары мәдениеттіліктің белгісі.

Мемлекеттік қызметке мемлекеттік тілді білмей келетін адамдарды, өз басым, мәдениетсіз, бұл  оның ақымақтығы деп білемін. Егер жағдай түзелмейтін болса, онда амал жоқ, заңға мемлекеттік қызметкер мемлекеттік тілді білуі міндетті деп жазу керек. Бұл алғашқыда мүмкін 10 жылға арналған уақытша заң болады, мұның заңдылық екенін түсінгенге дейін. Сырт жақ күлетін шығар, бірақ ыңғайсыз болса да осылай етуге тура келеді. Бірақ бұл біздің болмысымыз, біздің шындығымыз, өмірдің талабы. Талап — заңдастыру, — дейді Дос Көшім мырза.

Саясаттанушының айтуынша, жаңа заңда Қазақстанда мәртебесі бар бір-ақ тіл бар деп жазылуы шарт.

— Ол — мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Ал орыс тілі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінде қазақ тілімен қатар қолданылады делінілуі тиіс. Ал мемлекеттік емес орындарда — басқа жерлерде, мәселен банк қазақ тілінде сөйлеуі керек.

Қазақ тілінің жолын байлап отырған — өзіміздің орыстанып кеткен қазақтар

Дос Көшім 25 жыл бойына қазақ тілінің дамуына биліктің неге ыждаһаттылық танытпауының себептерін атады. Осы себептер алда да қазақ тіліне тұсау болады, алайда іске қосылған процесті тежеуге олардың шамасы жетпейді.

— Біз — орыстандыру саясаты өтіп кеткен елдің біреуіміз. Басқа 14 посткеңестік мемлекетке қарағанда бізде бұл процесс өте жоғары деңгейде жүрді. Сондықтан орыс тілі, болмысы қанымызға сіңіп кетті. Иә, халқымыздың белгілі бір бөлігі әлі де болса — орыстанған қазақ. Әсіресе, солар мемлекеттік тілді қабыл алмайды. Өздері барлық жерде отыр. Мемлекеттік билікте де, барлық жерде де.

Екіншіден, үкіметіміздің орыстілді болуы. Олардың мемлекеттік тілді игеруге деген ниеті шамалы. Елімізде мемлекеттік тіл мәртебесі, оның қолдану аясы туралы деклоративті құжаттар қабылдап, заңдарды қолданысқа енгізеді. Алайда оның барлығы жүзеге аспайды. Өйткені оны жүзеге асыруы тиіс атқарушы билік, заң шығарушы билік болсын мемлекеттік тілге деген көзқарасы өте төмен. Жоқ деп айта алмаймыз, бірақ өте төмен. Бұл арада олардың жеке бастарының мүддесі бірінші орында тұрады. Өйткені

өздері орыс тілді, балалары орыс тілді, немерелері орыс тілді, биліктің тілі қазақша болып кетсе, ертең олар қай жаққа барып күн көреді? Олар қазақ халқының болашағын немесе қазақ мемлекетінің ертеңін емес, өздерінің күйкі-тірлігін, қарнының қамын көбірек ойлап кеткен.

Үшінші мәселе — басқа елдерге қарағанда басты айырма — қос тілділік туралы 1989 жылғы заңның сол күйінде сақталып келе жатқандығында. Ал мемлекеттік тіл туралы бізде заң жоқ. Міне, осы себептерді жою үшін де бізге арнайы мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек.

Үштілділік — орыстану саясаты өтіп кеткен буынның ышқынысы ма?

Дос Көшім Қазақстанда қазір қазақ тілінің дамуын тоқтату үшін белгілі бір адамдар, белгілі бір орыстілді топтар сан түрлі амалды қолданып, іс-қимыл жасап жатқанын, оның заңды құбылыс екенін айтады. Оның пікірінше, бұл орыстану саясаты өткен кеткен буынның соңғы ышқынысы.

— Баяғыда бір жағдай болған. Сайлау жүйесін бақылайтын бір ұйымның басшысы болдым. Ұмытпасам, 2002 жылы. Сол кезде электронды сайлауды кіргізгенде Жапониядан да асып кеттіңдер ғой деп дүниежүзі күлген. Әлі есімде Венада соған байланысты бір айқай болды. Соған қатысқаным бар-тұғын. Сол кезде бізге электронды сайлаудың бізге қажеті жоқ деп дәлел келтірген едім. Кейіннен 5-6 жыл бұрын электронды сайлау жүйесі дегенді тоқтатты. Қазір ол жүйе жоқ.

Неге тоқатты десем, менің баяғыда айтқан уәждерімді айтып жатыр ғой. Сол сияқты қазақ тіліне қарсы үштілділік және тағы басқа қастықтар кейін тоқталатын сияқты. Азаматтар осы жүйені тоқтататындай қарсылық көрсете білсе, ол тоқтайды. Ондай қарсылық қоғамда жоқ емес, бар.

Саясаттанушының пікірінше, түбі үкімет пен халық өкілдері бір дастарқан басында бас қосып, орта мәмілеге келуді үйренеді.

— Бізді ұлтшылдар және тағы басқа деп айдарлап жатады, шындап келгенде, біз барлығымыз мемлекетшілміз. Қазақ мемлекетшіліміз. Себебі бұл біздің мемлекет екенімізді қазақтар түсініп отыр.

Мемлекет халықпен жұмыс істей білуі керек. Бірдемені бүлдіріп қойып, кейін кешіріңіздер деп кейін шегінген мемлекет оңбайды, мұндай жайт халықтың ашу-ызасына шоқ боп түсе береді. Сондықтан дер кезінде мәмілеге келе отырып, мәселені халықпен талқылауды үкімет үйренуі керек. Соңғы кездері үкімет қоғам талқысына құлақ түріп, ортақ ойларды жинақтау секілді істі қолға ала бастады.

Мен, өз басым, оның шынайылығына сенбеймін. Ол әлі де болса, ойын түрінде шығар. Бірақ осыны нақты дәстүр есебінде қабылдап, күнделікті қолданысқа енгізу қажет. Азаматтық қоғамның дәстүрі, қазақ елінің дәстүрі, бұл дастарқанның басында отырып, сөйлесіп шешейік деген дәстүр. Менің ойымша, осы жол біздің еліміздің дамуына үлкен серпіліс береді.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 43 пікір жазылған

  1. фатима нурпапа 15 Наурыз, 2017 15:10 Жауап

    Дұрыс айтасыз!Тарап кеткен 15 республиканың қайсысында орыс тілінің құқығы мемлекеттік тілмен бірдей…

    • Сіздін жақтасыңыз 25 Мамыр, 2017 15:09 Жауап

      Дос аға қазір тілге жаңы ашитындар саусақпен санарлықтай , жоғарыдағылардын ойлаитындары қалталарынын қамы .Балық басынан шіриді демекші , барлығын ақпарақтан бастау керек , шіріп жатқандарды лақтырып тастау керек.

    • Алтай 25 Қыркүйек, 2017 21:54 Жауап

      Мемлекеттік ұйым мекемелерде білімді,мәдениетті адамдар ғана жұмыстауға тиісті.Халқының 70% Қазақ болып келетін бұл елде үкімет адамдары міз бақпай орысша былдырлаудаБұл білімсіздіік, әдентетсіздік,өздеріне нан жегізіп есіртіп отыоған халықты жамансынып басынушылық.Ақыры шынайы бәсекелі сайлау жүрілмегенінің кеселі.Қазақ елі Орыстың бір пұшпағы тәрізді күй кешуде.Халық өз мүддесі болушы қазақ тілі мемлекет ісі жүрілетін тіл болдыруға табанды талаптар қоятын уақыт әлде қашан болып кетті.қазір мазақ күй кешуде

  2. Қолқоюсыз 15 Наурыз, 2017 17:08 Жауап

    Бұлар Таза Қазақтар емес қой-Қандарында ұйғырдың немесе орыстың қандары аралас болған соң, Қазақша сөйлей алмайды, Ұятсыздар- не деген бәле орысша сөйлесе өздерін крутой, басқалардан жоғары санайды-бұл тек Қазақстанда ғана.

  3. Замира Абиталiп кызы 15 Наурыз, 2017 17:35 Жауап

    «Жаны ашыган, жакынын жылатып айтады», Ал оз пайдасын максат койган немесе сенiн елiнiн, калкыннын жагдайын, болашагын ойламайгыойламайандар кулiмсiп айтады….
    «Барлык басынан шiридi» деген, Ел басы екi Ауыз соз, казакша айтып, бар калганына орыс тiлiнде жагдайда… Аузына дейiн сойлейiк казакша… казак тiлiн бiлмеген бастыктарын переводчиктердi- касында алып журсiн, енбек акырын оз айлыгынан толеп…. :unatu:

    • Қолқоюсыз 15 Наурыз, 2017 22:32 Жауап

      Замира, қазақшаны жөндеп жазсаңышшы, не сізде қазақша жаза алмайсыз ба ?

      • Мұрат. 16 Наурыз, 2017 17:40 Жауап

        Ауылдың, қаланың, деген не сөз? Біз мемлекет тілін айтып жатырмыз, сен сияқтылар 1-орыс болса орысша сөйлеп, 10-ағылшын келсе 16-миллион халықтың басын 26-әріппен улап жүрген. Кел, ақшаңды сал, жұмысыңды жаса, табыс тап, деп құшағымызды ашамыз, бірақ ҚАЗАҚ тілін біл демейміз. НЕГЕ?

      • Қолқоюсыз 30 Сәуір, 2017 16:17 Жауап

        Замиражан Қазақшаңыз ботқа боп кетті ғой. Мүмкін қазақша үйреніп жүрсіз ба? Ондай болса Аллаға шүкір!

  4. Бектас 15 Наурыз, 2017 20:22 Жауап

    Шенеуіктің тілді сыйламағаны тексіздігі. Тексізде намыс, ар ұят, иман болмайды. Бұлар қалай билікке өтіп жатыр? Бұл халық болып ойланатые мәселе.

  5. Қолқоюсыз 15 Наурыз, 2017 22:13 Жауап

    Еее,біз сонда 1989 жылы бұрынғы Одақ кезінде қабылданған тіл туралы заңмен жүрміз бе ? Кеше әншілерімізге шүйлігіп жатырсындар,Тәуелсіздігімізді қашан алғанын білмейді деп.Оларға өкпелеудің тіптіде қажеті жоқ.

  6. Жанар 16 Наурыз, 2017 09:12 Жауап

    Өте дұрыс айтылған. Неге көрші мемлекет Өзбекстаннан сабақ алмасқа. Ол елде орысын,кәрісін т.б. өзбек тілінде сөйлейді. Бір өзбек айтқан екен » орыс болғын келсе алдымен қазақ бол» деп

    • Мұрат. 16 Наурыз, 2017 17:49 Жауап

      Бізден қырғыз да жақсы, камера хранения-ны қырғызша аманат бөлмесі деп, аударып жазған. Бізде қай жерде, қалада, далада, бар айтшы, 1-апта ақша төлейін, зат қоймасамда. Сау бол.

  7. Қазақ. 16 Наурыз, 2017 09:48 Жауап

    Мемлекеттік тіл қазақ тілі деп жазу керек. Іс қағаздарын мем.тілде жүргізуге үйренуге уақыт беру қажет(заңда).

    • Гүлжахан 28 Сәуір, 2017 13:51 Жауап

      «Қазақ» депсіз өзіңізді. Осыған дейін берілген уақыт аз болып па?! Өз тəжірибемнен: 9-10 жасар балалар ағылшын тілін 1,5 жылда аптасына үш сағат оқи отыра еркін меңгеріп кетті. Ендігі жерде Сіз сияқты қипақтамай, мəселені төтесінен қою керек. Заңды орындауы тиіс тұлғалар түрлі қитұрқы əдіспен қашқақтап, аяқтан шалады (өздерінің мəңгүрттігін ұқпайды да), ал заңның орындалуын талап етіп, тіліміздің өз босағасында телміріп тұрмауына төзімсіздік танытуы тиіс тұлғалар – жігерсіз, енжар, екіжүзді. Қайтеміз енді… Ал Сіз осының қайсысына жатасыз?

  8. Назар 16 Наурыз, 2017 12:33 Жауап

    Көптің ойында жүрген ой, дұрыс-ақ айтылған. Бірақ билік ауыспай орындала қоюы мүмкін емес сияқты…

  9. Мұрат. 16 Наурыз, 2017 17:35 Жауап

    Ауылдың, қаланың, деген не сөз? Біз мемлекет тілін айтып жатырмыз, сен сияктылар 1-орыс болса орысша сөйлеп, 10-ағылшын келсе 16-миллион халықтың басын 26-әріппен улап жүрген. Кел, ақшаңды сал, жұмысыңды жаса, табыс тап, деп құшағымызды ашамыз, бірақ ҚАЗАҚ тілін біл демейміз. НЕГЕ?

  10. Талғат 16 Наурыз, 2017 22:28 Жауап

    Мемлекеттік қызметке өту жөніндегі «тест» шартында мемлекеттік тілді игеруі және Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша білімі делінген. Бірақ;қазақ тілі бойынша.білімің есепке алынбайды оның құны ноль балл екен. Бұл жайт тек Қостанайда ма екен,ия барлық жердеде осылайма?

  11. Мирас. 16 Наурыз, 2017 23:13 Жауап

    Дос аға, Жер комиссия-сы отырысында жақсы-жақсы пікір айттыңыз, арты немен бітті? Әлде, сатылатын Жер таусылып, комиссия төрағасын Премьер Министр-ге тағайындап, «іс бітті, қу кетті»-ма? Аман-сау болыңыз.

  12. Мемлекетшіл адам 18 Наурыз, 2017 14:20 Жауап

    Қазақ тілін мемлекеттік дәрежеге жеткізу үшін, қазақ тілінен сабақ беретін ұстаз ұлтжанды болу керек. Орыс сыныбында отырған оқушы санының 60% қазақтар. Ал осы ұрпаққа сабақ беріп отырған тіл мамандарының деңгейі көзіңе жас алдырады. Сағаты көбейген соң, өзге пәннің мұғалімдері (ауызекі сөйлеу деңгейіндегі) екінші мамандық ретінде диплом алып, кейбірі тіл үйретіп емес, жалақы алып отыр. Өздері орыс тілділер қатарына жатады. Таңқалдыратыны елімізге оралған оралмандар (Қытай қазақтарынан басқа) балаларын орыс сыныбына береді. Елге оралғандағы мақсаттары не? «Қазақтарды қалай «көтеруге» болады деген саясаттың сан қырынан шаршаған қазақ, түбі бір көтерілмесіне кім кепіл?

  13. Шаршаған 25 Наурыз, 2017 11:02 Жауап

    Шаршадым, соңғы кездері жаман шаршап кеттім… Осы тіл мəселесінен шаршадым… Не деген бейшара, сорлы едік… Құдай-ай, біз əлі тілімізді дұрыстай алмай жүргенде, сонда қашан ел боламыз… :zhlau:

  14. Шәкім Уалиева. 27 Сәуір, 2017 05:59 Жауап

    Проблема тек тілде ғана емес…Проблема өте көп…Ешқандай құндылық сақталмайтын болды,кейінгі кезде…Басқасының бәрін былай қойғанда,ең жоғарғы құндылық адам өмірі – ол да біз де сақталмайды…Адам өмірі түкке тұрмай жатқанда басқаны айтып қайтеміз…Бірінші адам өмірін сақтау керек!…Өз құқығын қорғаймын деп,өз еңбек ақысын талап етіп шыққан қарапайым жұмысшыларға оқ атып,өлім құштырып,одан қалғанын репрессия жасап,түрмеге жауып,ұрып – соғып,кемтар қылып тастағаннан кейін,бұл мемлекеттің басшыларына,яғни мемлекеттік аппаратқа сөзді қор қылудың қажеті шамалы екенін түсінуіміз керек қой…

  15. Жәдігер 27 Сәуір, 2017 09:30 Жауап

    Жириновскидің бір сөзі бар-деген.Бізден басқа ұлттар жиркенетін шығар.Орыстар келіп тілін тықты,араптар келіп дінін тықты,қытаилар жүр қазақтың аиғыры боламыз деп,қазақтар алла оларға берген бас пен көзді бізге де берген,неге біз мал сияқты біреудің аитқанымен жүруіміз керек.

  16. Бек 27 Сәуір, 2017 12:13 Жауап

    Бәрі дұрыс айтылған бірақ мен келіспейтін тұсы орыс тілі мемлекеттік органдарда жəне өзін-өзі басқару құрылымдарында т.б. қазақ тілімен қатар қолданылуы тиіс деуі үлкен қате, егер құдай қолдап осылай болатын болса біз босқа арам тер болмайақ қойайық.

  17. Мұрат 27 Сәуір, 2017 22:05 Жауап

    Айта, айта Алтайды Жамал апай қартайды, демекші бұл біздің ұлттың қасіреті!!!
    Өте жоғарғы деңгейде айтылған екен, Дос Көшімдей ұлтымыздың жанашырлары елбасының қасында болсайшы шіркін!
    Əттең-ау, əттең деп жылайды-ау тəтең, дейміз де, булыққаннан шыққан көз жасымызды сүртемізде, сүмеңдеп жүре береміз….

  18. Мұрат дос 27 Сәуір, 2017 22:06 Жауап

    Айта, айта Алтайды Жамал апай қартайды, демекші бұл біздің ұлттың қасіреті!!!
    Өте жоғарғы деңгейде айтылған екен, Дос Көшімдей ұлтымыздың жанашырлары елбасының қасында болсайшы шіркін!
    Əттең-ау, əттең деп жылайды-ау тəтең, дейміз де, булыққаннан шыққан көз жасымызды сүртемізде, сүмеңдеп жүре береміз….

  19. Қолқоюсыз 28 Сәуір, 2017 02:22 Жауап

    Еееее казагым атам замманнан боздап келе жатырмыз. Биз ерме халыкпыз. Озин казах екенине окинетин уялатын адам бар. Казахша сойлемек. Жогарыдагылар бир кун ойлап журген адамдар айтеуир. Дуниенин артын куган!

  20. аноним. 28 Сәуір, 2017 14:23 Жауап

    Жәдігер дәл,турасын айттың.Дәл солай,бұлғақтамай,жалтақтамай туған тілдеріңде сөйлеңдер.Ешкімнің тілі де,діні де бізге таңсық емес.Ертеден келе жатқан Көк Түрік ұрпақтары емеспіз бе?!.

  21. Омарбек 29 Сәуір, 2017 10:35 Жауап

    Дос Көшім дұрыс айтты, бірақ «А» дген екен «Б»- ны да айтып, қазақ тіліне қарсылық көрсетіп отырған нақты бір адамдардың атын да атауы керек еді

  22. Диас Ғазизұлы 21 Мамыр, 2017 03:51 Жауап

    Құрметті ағайындар. Бұл мәселені осында отырған əр қайсымыз ат салысып өзімізден бастайық. Барлық жерде туған тілімізде сөйлейік. Ешкіммен таласып босқа шаршаудың керегі жоқ. Талапты туындататын БІЗ! Түсінбесе басқа тілде айтудың керегі жоқ бұрылып кете берейік. Айналамыздағы жандарға да осылай айтып үгіт жүргізуді ұмытпайық. Іске сəт.

    Осылай істеген балтық елдерінің мысалын Дос ағамыз бір сұхбатында айтқан іздеп көріңіздер.

  23. Косайдар Кыпшак 26 Мамыр, 2017 14:58 Жауап

    …еки жыл бурын Кызылжардан электричкамен Омбыга келе жатырмын, жанымда бирине бири карсы бес казахтын жигиттери отыр,Омбыга дейн 4,5 сагат журип келдик. Сондагы осы 4,5 сагатта алги биздин жигиттеримиз /жастары 20-25 те,/ сойлегендери тек орыс тилинде гана, бир кана ана тилинде соз айыткан жок жол бойы. Бул не, оз тилине огей болгандарыма?

  24. Мұстафа 23 Қыркүйек, 2017 13:03 Жауап

    Бейшара қазақтар.Байыған батысқа қарап ұлыған.Жабайысы базарда тəшке сүійреткен.Кембағалы мешіттерде күнкөрісін қайыр сұраумен тапқан.Барға қанағат еткен тоғышар тілді де елді де ұмытып тойғанына мəз.Осы қазақтың сыйқы .

  25. Қолқоюсыз 18 Қазан, 2017 21:17 Жауап

    Соңғы кезде іс- қағаздардың көпшілігі жоғарыдан тек орыс тілінде келетін болды. Қазақ тілді 3

Пікір немесе жауап жазу

он бір + 3 =