Елімізде келісім-шарт бойынша әскерге барғандар енді одан жаппай қашып жатыр

1798
4
Бөлісу:

Елімізде келісім-шарт бойынша әскерге барғандар енді одан жаппай қашып жатыр. Сондықтан бұл салада қазір мерзімді қызметке баратындардың саны өсуде. Жалпы, болашақта олардың әскери борышын өтеу мерзімі бұрынғыдай екі жыл етіледі деушілер де бар.

Бас штабтағы арнайы жабық кеңесте еліміздің қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев қорғаныс жөніндегі департаменттердің (бұрынға әскери комиссариаттар) барлығын дерлік осы тұрғыда түсіндіру жұмыстарын нашар жүргізіп жатқаны үшін сынады, деп жазады «КАРАВАН» газеті.

Бір жыл бұрын ғана мерзімді борышын өтеушілер мен келісім-шарт жауынгерлері санының пайызбен алғандағы айрмашылығы, 30 да 70 болса, биыл олар 50 де 50-ге жақындаған.

Келісім-шарт бойынша әскерге барғандардың енді одан жаппай кетіп жатқанына не себеп екенін қорғаныс министрлігіндегілер ашып айтпайды. Десе де, барлық әскери бөлімдерге жіберіліп жатқан бұйрықтарда бұл ынталандырудың жоқтығынан деп көрсетілген.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 13 Наурыз, 2017 10:16 Жауап

    Тәртіп жоқ, мәдинет жоқ. Бақ – талас, осының салдарынан бәрі құлдырауда. Иманды, ақылды, таза азаматтар далада қалуда.,

  2. Қолқоюсыз 13 Наурыз, 2017 21:42 Жауап

    президентіміз ішкі-сыртқы қорғаныс министрін тағайындауды өз құзырына алды ғой. тәртіп орнайтын шығар. күтейік. шыдаңдар.

  3. Қолқоюсыз 13 Наурыз, 2017 21:44 Жауап

    президентіміз ішкі-сыртқы қорғаныс министрін тағайындауды өз құзырына алды ғой. тәртіп орнайтын шығар. күтейік.кішкене шыдаңдар.

Пікір немесе жауап жазу

14 + 16 =