Асқар Жұмаділдаев: Қазақ тілі орта мектепке білім беруге жарамаса, ол тілдің не керегі бар?!

Бөлісу:
Асқар Жұмаділдаев

Асқар Жұмаділдаев

Осыдан біраз уақыт бұрын бір ғылыми жиналыс болды. Сол жиында мен бір сағаттық баяндама жасадым. Баяндаманың тақырыбы: «Математиканы қазақ тілінде оқытуға бола ма, болмай ма?». Әрине, бұл қандай ақмағи сұрақ деп ойларсыздар. Өкінішке орай, XXI ғасырдың басында осы сұрақ ғылыми талқыға түсіп отыр, деп жазады dalanews.kz порталы.

Тіл деген не? Тіл – байланыс құралы. Оның бес функциясы бар. Олар – отбасы, ошақ қасы, бизнес, саясат, экономика, ғылым және технология. Адамның он екі мүшесі бар болатын болса, сол он екі мүшенің бәрі жұмыс жасау керек.

Қазақта мықты поэзия бар, әдебиет бар. Бірақ басқа жағында түк те жоқ. Менің ойымша, біздің саясат былай болуы керек, сіз көмектеспей-ақ қойыңыз, бірақ кедергі жасамаңыз. Соңғы кезде қазақтың тілі дамып келе жатыр. Біздің министр қазақ балаларының білімі төмен деп айтады. Бос сөз. Кешегі өткен ҰБТ-да ең жақсы нәтиже көрсеткен қазақ мектебінің балалары. Құдай біледі, «Болашақпен» шетелге оқуға кеткендердің 80 пайызы қазақ мектебін бітірген балалар. Қазақша мектепте оқу методикасы қалыптасты. Қазақ тілінде бастауыш пен орта мектепке лайық жеткілікті тіл бар. Біз қазақтың тілі бай дейміз. Сол бай тіліміз орта мектепке білім беруге жарамайтын болса, ол тілдің не керегі бар?! Министрліктің өкілдері «қазақ тарихын қазақ тілінде оқытатын болдық» деп жетістік ретінде айтып отыр. Бұл жетістік емес, күлкілі нәрсе. Бүкіл ғылымның барлығы ана тілінде оқытылуы керек.

Елімізде білім берудің екі түрі бар – бастауыш пен орта мектеп, және жоғарғы мектеп. Біздің Ата заңда жазылған. Әр ата-ана баласын мектепке беруге міндетті. Егер балаңызды оқытпай қойсаңыз, онда сізді Заң шеңберінде жауапқа тартыласыз. Конституциямызда тағы бір бап бар. Кез келген қазақтың азаматы өз ана тілінде ақпарат алуға құқы бар.

Оқу – ақпарат алу деген сөз, білім беру деген – информацияның көкесі. Демек, бүгінгі министрлік біздің балаларымызды ақпарат алу құқығынан айырайын деп отыр. Бұл бүкіл бір халықтың адам құқығын бұзу деген нәрсе.

Қазақта математиктер бар. Жақсы ұстаздар көп. Қазір өзеніміз табиғи ағып келе жатыр. Біз неге оған бөгет қоямыз? Менің ойымша, министрлік ең болмаса бұған кедергі жасамауы керек.

Айта кетсек, жиында қоғам белсенділері үштілділік реформасының ұлтты жоюға бағытталғанын ашық айтып, өз қарсылықтарын білдірді. Сондай-ақ, Білім министрлігінің өкілдеріне қоғам белсендісі Руза Бейсенбектегінің 4 жарым мыңнан астам адамның қолы жиналған ашық хатын тапсырды.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 12 пікір жазылған

  1. Мен қазақпын. Өз тарихымды өз тілімде! 7 Наурыз, 2017 12:38 Жауап

    Асеке, көп жасаңыз! Сіз айтқан сөздерге жүз проц.қосыламын. Қазақтың тілі керек па деген мəселені қазақтардың талқыға салғаны күлкілі, əрі өте өкінішті. Тіпті күйіп отырмыз. Тіл министірі тіл білмеген соң, ешқандай қарсы пікір білдіре алмаймыз! Түсінбейді! Модератыр жіберіңіз! құлға да бір сөз!

  2. Серік 7 Наурыз, 2017 19:25 Жауап

    Асқар аға, шенуніктердің білім саласындағы бітпейтін жаңалықтарынан әбден шаршадық. Солардың айтқандарына қашанғы мал болып еріп жүре береміз? Әсіресе жастарды дүбара қылатын үш тілдік саясатқа екі қолымды көтере қарсымын. Бізге сапасыз санның керегі не? Бір тілдің өзін өмір бойы оқып түбіне жету қиын ғой ,не істесек болады?

  3. Шариғат Абдыханұлы 7 Наурыз, 2017 21:15 Жауап

    Құметті!. Асқар Жұмаділдаев сізге Жаратқаным жар болсын!. Тіліміңіздің тоқырап тұрғаны жанымызға батады сіздікі орынды құптаймын.
    Тілімізді керек қылмайтын қазақтар өте көп саның басын көпшілігі биліктегілер. Брақ жаңа ұрпақты ана тілімізде тəуір ақ тəрбиеленіп келеді бір қуантарлығы.

  4. Педагог 7 Наурыз, 2017 23:58 Жауап

    Қазақ тілін дамытамыз, барлығымыз мемлекеттік тілде сөйлейміз деп 25 жыл сайрадық. Популизмге салынып кететіндеріміз өте көбейіп барады. Сағадиев нақты қадам жасап отыр ғой. Оның бастамасы басқа ұлт өкілдерін де қазақ тілінде сөйлетуге бағытталған. Сабыр түбі сары алтын.

  5. Қолқоюсыз 8 Наурыз, 2017 10:06 Жауап

    Осы ағамыз министр болуы керек кеше қазіргі министрдің кім оқулықтардағы қателіктерге жауап береді деген сұрақты 3 рет қайталағанда азар жауап беруі жауапкершілікті мойнына алғысы келмеуі деп ойлаймын. Немесе Қырымбек Көшербаев Бердібек Сапарбаев Иманғали сияқты адамдар болуы керек

  6. қыиса қосайұлы 8 Наурыз, 2017 12:52 Жауап

    Қазіргі БжҒ минстрінің жасап отырғын істері, қазақ рухын жедел арада жою екенін халық толық ұқты, сол үшін Ерлан. С мырза оған құйтұрқы жауап іздеп тауып дүйім қазақты алдаусыратам деудің жолын тапбайтынын түсініп ертерек орынын босата қойса жақсы-ақ болар еді!!!

  7. Оюун 8 Наурыз, 2017 12:55 Жауап

    Акырын не тусиникти айтканды естимешен халыкпен санаспаган казакша окытпаймын десе елден кетип Акшга агылшынша уйретсин тилин корлаганнын озин корлау керек Халыкты ашындырмасын

  8. Қолқоюсыз 8 Наурыз, 2017 20:07 Жауап

    Тілді құрметтеген адам ана тілін жоғалпайды ана тіліне жанашыр болмаса ондай адам куəлігін алсында баратын жеріне қоныстансын!

  9. қуан 8 Наурыз, 2017 21:02 Жауап

    сағадиев қуыршақ қой құлағын бұрап қойса не жазылды соны сайрайды. бұның бәрін ұйымдастырып отырған биліктегі кемеңгер оған мәңгүрт қараша керек еш уайымсыз ұрлығын сақтап қалу үшін. шын елді дамытуды ойласа өз көзқарасын қорғай алатын оны нөл екенін көрсететін тұлғаларды қудаламас еді. бұған жантықтар керек олардың ортасында өзін серке сезінеді.

    • Рая 9 Наурыз, 2017 00:49 Жауап

      Өте дұрыс айтасыз. Балаларын шет елде оқытып əкелді енді соларға ақымақ момын ел керек басқаратын ал біздің балаларымыз соған тап келіп отыр. Өкінішті

  10. Біреу 19 Наурыз, 2017 18:45 Жауап

    Осы кісі бітірген мектепті мен де бітіргенмін.айтайын дегенім қазақ тіліндегі оқулықтан емес Сканави орыс тіліндегі оқулықтан есеп беретін.Ал енді қазақшаға аударса тісінбесім хақ.

Пікір немесе жауап жазу

2 + 5 =