БАҚ: Алтай Әбибуллаев орысша сөйлемегені үшін қызметінен қуылған

Бөлісу:

ЕНДЕШЕ ЕҢ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒА АЛТАЙ ӘБИБУЛЛАЕВ ЕКЕН ҒОЙ! МҰНДАЙ ҰЛТ НАМЫСЫН ОЙЛАҒАН ЕРДІ ОРНЫНАН АЛУ ЕМЕС, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕТІП ТАҒАЙЫНДАУ КЕРЕК!

Алтай Абибуллаев

Алтай Абибуллаев

Апта басында Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаев қызметінен босатылды. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова оның мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзды деп айыптап, мемлекет басшысынан шара қолдануын сұраған болатын, – деп жазады Skifnews.kz.

Артынша, президенттің жарлығымен Әбибуллаев елші қызметінен босатылды.

Алайда, Гүлшара Әбдіқалықова мемқызметкер этикасы нақты қалай бұзылғанын сол күйі айтқан жоқ. Яғни, Алтай Әбибуллаевтың нақты не үшін жұмыстан кеткені халыққа белгісіз. Жұмыс орнына мас боп келді ме, есірткі қолданды ма, құмар ойын ойнады ма, бәлкім Астанадан келген жоғары лауазымды әйелдердің көңілін таба алмаған болар? Бұл жағын Ақорданың бірде-бір өкілі ашып айтпай отыр, – деп жазады басылым.

Ресми өкілдер ашық мәлімдемесе де, сол Сыртқы істер министрлігінің маңайында жүрген «ұзынқұлақтар» мәселенің мән-жайын «сыбырлап» үлгерді. Естуімізше, Әбибуллаевтың жауапкершілікке тартылуына орысша сөйлемеуі себеп болған. Тарқатып айтсақ, Польшадағы кәсіпкерлермен кездескен Қазақстан елшісі баяндамасын қазақ және поляк тілдерінде жасаған екен. Алайда, бұған шамданған орыстілді орта баяндаманы орысша жасауын талап еткен. Ал, Алтай Ибрагимұлы бұл талапты орындаудан бас тартыпты. Содан оның артына «шам алып түсіп», ақыры жұмыстан кетуіне қол жеткізген көрінеді.

Әрине, бұл тек сыбыс қана. Мәселенің нақты мән-жайын Қазақстанның билік өкілдері ресми айтып береді деген үміттеміз.

Танымал саясаттанушы Расул Жұмалы да Әбибуллаевтың мемқызметкердің этикетін бұзатындай сауатсыз емес екеніне күманданбайды.

«Алтай Әбиболлаев сауатты да мемлекетшіл, қолынан іс келетін елшілердің бірі. Не үшін мансаптан айырды? Себебі неге айтылмайды? Сонысына қарағанда арандату әрекеті сияқты. Кезінде дипломат болғанда менің де артымнан талай арыз жазылған болатын «агашкаларға» бас имегенім үшін. Соған ұқсайды. Қалай болғанда өкінішті жағдай кәсіби мамандардың қудаланып, пәтуәсіз ығай-сығайдың салтанат құрып отырғаны. Керісінше болу керек», – деп жазды саясаттанушы өзінің Facebook-парақшасында.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 19 пікір жазылған

  1. ан тан 3 Наурыз, 2017 13:46 Жауап

    поляктар орысты жети жынынан жаман кореди сонда калаи тусинбедим керисинше шыгар?

  2. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2017 15:51 Жауап

    Алтай сол үшін жұмыстан кетсең Қазақ Ұлты сені шын жүректерінен қолдап саған мың алғыс айтады. Аллаһ Тағала қолдасын.

  3. Бектас 3 Наурыз, 2017 16:04 Жауап

    Поляктар шағымданбайды, орыстар жасайды. ФСБ радикальдарды қолданып отыр деген жөн болар. Нағыз поляктар мұндай азғын іске бар қоймас.
    Бізде ұлтжанды азаматтарды президент те қолдай алмайтын сияқты. ФСБ бұлты қаһарлы…

  4. ррррп 3 Наурыз, 2017 17:31 Жауап

    Қазақстанда заңның жоқтығы анық көрініп тұрғой сонда. заң емес бандиттік басқаруғой.әйтпегенде бұлай бір бірін шұқымас еді-ау.

  5. Қазыбек Иса 3 Наурыз, 2017 19:11 Жауап

    ЕНДЕШЕ ЕҢ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒА АЛТАЙ ӘБИБУЛЛАЕВ ЕКЕН ҒОЙ! МҰНДАЙ ҰЛТ НАМЫСЫН ОЙЛАҒАН ЕРДІ ОРНЫНАН АЛУ ЕМЕС, СЙРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕТІП ТАҒАЙЫНДАУ КЕРЕК!

  6. Қазыбек Иса 3 Наурыз, 2017 19:12 Жауап

    ЕНДЕШЕ ЕҢ МЕМЛЕКЕТШІЛ ТҰЛҒА АЛТАЙ ӘБИБУЛЛАЕВ ЕКЕН ҒОЙ! МҰНДАЙ ҰЛТ НАМЫСЫН ОЙЛАҒАН ЕРДІ ОРНЫНАН АЛУ ЕМЕС, СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ЕТІП ТАҒАЙЫНДАУ КЕРЕК!

  7. Серік 3 Наурыз, 2017 21:20 Жауап

    Бұл жігіт ер екен! Алла сізге жар болсын Алтай мырза! Осындай жігіттерді премьер министрге тағайындап әйтпесе президент етіп сайлау керек!

  8. ан тан 3 Наурыз, 2017 21:57 Жауап

    губернияыныздан жиберген адамыныз орысша соилемеди деп царь Владимир жоккыл дедимекен?сорлы болдыкгои казахша соилеи алмасак.

  9. Қазақ 3 Наурыз, 2017 22:36 Жауап

    АЛТАЙ МЫРЗА ОСЫ РАС БОЛСА СІЗГЕ АЛЛА ЖАР БОЛҒАЙ.БАЛА ШАҒАҢНЫҢ ҚЫЗЫҒЫН КӨРІП БАХЫТТЫ БОЛЫҢЫЗ.

  10. Дорес 4 Наурыз, 2017 00:23 Жауап

    Ой, өтірік, бір достары ғой осылай шығарып жіберген. Әйтпесе Абибуллаевтың қазақ ісі үшін карьерасын пида ететін патриот емес екені белгілі. Керісінше, мұндай қазағыңды карьера үшін түгін қалдырмай сатып жіберуге бар. Біршама білемін, мұны. Натуральный карьерист еді. Скорее всего мемлекеттік қызметпен қатар бизнеспен айналысты деген ресми ақпарат дұрыс шығар.

  11. Түңілген 4 Наурыз, 2017 19:19 Жауап

    Егер, ол, шымкеттік болса, онда оның шаруасы белгілі.
    Ал, егер, ол, шыныменде орысша сөйлемегені үшін кетсе, онда, оны сыйлауға тұрарлық жігіт.
    Бірақ, рожасы парсыланған қазаққа ұқсап тұр ғой. Демек, ол шымкеттік.
    Сосын, қазіргі бандиттер жайлаған Қазақстан жағдайында жақсы адам соншалықты лауазымға дейін өсетініне күмәнім бар.
    Содан соң, тағы бір өзгермейтін аксема бар. Ол қазақ қай кезде де әлсіз болып келеді. Себебі, қазақтың «арты» ешқашан таза болмайды. «Артынан» майпалауы ағып жүреді. :koisai: :bala: :aaa: :jap: :oilanu: :zhlau: :unatu: :shoshu:

  12. Қолқоюсыз 5 Наурыз, 2017 02:20 Жауап

    Намысты казак азаматтырын коргап колдау керек.Паракор,жемкорлардын билктен кететин уакыты болды.

Пікір немесе жауап жазу

тоғыз − 7 =