Путин Тоқаевты "Құрмет" орденімен марапаттады

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекеттік "Құрмет" орденімен марапаттады деп хабарлайды Азаттық.

Путин Тоқаевты "Құрмет" орденімен марапаттадыПутиннің Тоқаевты марапаттау туралы жарлығы бүгін құқықтық ақпарат ресми интернет-порталында жарияланды. Жарлықта сонымен қатар Қазақстан қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Марат Шайхутдиновты "Достық" орденімен марапатталғаны айтылған.

Тоқаев пен Шайхутдиновке бұл наградалар "Ресей мен Қазақстан халықтары арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайтуға қосқан үлкен үлесі үшін" берілген.

Путин сонымен қатар шетелдік бірқатар қайраткерді, соның ішінде Любляна мэрі Зоран Янковичті, "Астана Опера" опера және балет театрының опера труппасының бас концертмейстері Елена Сахноны да марапаттады.