ҰЛТТЫҢ ЖАНЫ немесе АКАДЕМИКТІҢ АЙТАЛТАҚ ҰЛЫ

2598
20
Бөлісу:

Расын айтсам, Білім министрлігінің қазақ тілі мен әдебиетін тізімнен алып тастады дегенге онша бір мән бермеппін. «Кезекті бір шу шығар, олай болуы мүмкін де емес қой» дегем де қойғам. «Әкем аты шапқан сайын өрлейді» демекші, бақсам мына әңгіме шынға айналып бара жатқанға ұқсайды ғой өзі.

Оу, Сағадиев мырза абайласаңызшы! Елбасының қабағына қарамасаңыз да, елдің қабағына қараңыз. Қазақтың тілі жоқ болса, сіз де, сіздің әкеңіз, болашақ ұрпағыңыз да жоқ. Сіз бәлкім, академиктің баласы, айталтақ боп өскен шығарсыз. Сол себепті де ұлттың жанын жан-жүрегіңізбен түсіне алмассыз. Министр болмай жатып-ақ, аффшордағы ақшалылардың қаралы тізімінен атыңыз шыққанда да үнсіз қалдық қой осы. Енді келді, жас адам жағасынан жармаспайық деп. «Бір апамнан, бір апам сорақы» демекші, сіздің реформаларыңыздағы сорақылықтың бітер түрі байқалмайды.

Сізді білмедім, алайда мына қазақтың ертеңгі күннен үміті үлкен. Біле білсеңіз, сіздің орынтақ та ең бір ұрымтал мансапқа жатады. Өйткені онда елдің болашағы тұр. Демек, сізге деген жауапкершілік те екі есе жоғары. Сіз керісінше, бәрімізді масқара қылдыңыз ғой. Әлде, «атың шықпаса жер өрте» деп, елдің есінде осылайша қалу мақсатын қойғансыз ба, алдыңызға. Сіз елдің де, Елбасының да алдында жауап бересіз әлі. Көптің наласымен ойнамаңыз. Ондайлардың соңы ешуақыт жақсылыққа апарғанын көрмек тұрғай, естіген пенде де жоқ. Әлде де болса, қалған-құтқан абыройыңызды сақтап қалыңыз. «Халық көнеден сұрайды, қайық кемеден сұрайды» деген. Ақыл сұрайтын кемеңіз бар ғой, шүкір…

Елубай Әуезов,

Фейсбук парақшасынан алынды

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2017 01:43 Жауап

    иә, енді есіме түсті. профессор к. сағадиев ағаның баласы екенсіз. мына «реформаларыңыз» тіпті масқара. ұят нәрсе. әкелерің осылай жаса деп айтпаған болар. ақыл сұраңыз әкеден, ақсақалдан.!

  2. Нұргүл 3 Наурыз, 2017 08:04 Жауап

    Басқа елге баратын болсақ, сол елдің тілін үйренеміз! Неге біз өз елімізде басқа ұлтты өз тілімізде сөйлетпейміз, осы!!! Басқа тілді де біл, білгің келсе, бірақ өз тіліңді қастерлеп, өз тіліңде сөйле, ағайын!!! Тілің кетсе, дінің де ұлтың да құриды!!! Өз ұлтымыздың азаматтары, өзара қазақша сөйлесейік!!!

    • калбит 4 Наурыз, 2017 19:06 Жауап

      баска елге озинди салыстырма казах ягни сен кулсын тукымын кулы .кулы халык улы халыктын тилимен соилеп соларга кызмет корсету миндет улы халык кул халыкты баскарып соларга жумыс истетип солардын карнын тоигызу миндет

  3. Мұқан 3 Наурыз, 2017 08:21 Жауап

    ТІЛ ТҰҒЫРЫМ
    Ұлттың тұғыры тіл. Тілдің қорғаны да, авторы да Ана. Тіліміздің Ана тілі деп аталатыны да осыдан. Демек, тілдің
    бұзылғаны, қыздың бұзылғаны, қыздың бұзылғаны ұлттың бұзылғаны. Ұлы Аталарымыздың «Қызға қырық үйден тыйым салғаны» осыдан.

    Тарихтағы Сақ, Күн (Ғұн), Түрік атанған халықтардың бәрі ежелде Қазақ деп аталған. Бұлардың бәрі Қазақтан тараған. Жақында әлемдік БАҚ (Бұқаралық Ақпарат Құралдары) әлем елдері тіл ғылымы осыдан 6000 жылдан әрі де бүкіл әлем елдерінің бір тілде сөйлеген деген қорытындыға келгендерін жариялады. Әрине, ол тіл Қазақтың АНА тілі. Бүкіл жер шарындағы жер, су, тау, ұлттар мен мемлекеттер және елді мекен атауларының қазақтың рулық шежіресі мен Ана тіліне сәйкес келетінінің сыры осы. Сондықтан, Қазақстанның тіл ғылымы «ұш тұғырлы тілді» емес, осы бағытты зерттеп, зерделеп, бүкіл әлемге осыны уағыздағаны жөн болады.
    Алты Алаштың арысы Мұстафа Шоқайдың «Бала қай тілде білім алатын болса, сол ұлтқа қызмет етеді» деген даналық сөзін ешқашан естен шығаруға болмайды.

    Тарих тағлымы: Тіл бар жер де қазақ бар. Тіл жоқ жерде қазақ та жоқ. Қазақ болудың бұдан басқа жолы да жоқ.

  4. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2017 10:06 Жауап

    Анекдот: «Жемқорлық пен жалақорлықтың, маскүнемдік пен әйелқұмарлықтың қайсысы жаман?» – «Бұлардың ба?.. Тақ пен креслоға жабысып қалған шикі шенеунік жаман!» :kulki1:

  5. жәнібек 3 Наурыз, 2017 12:03 Жауап

    менің тек түсінбеитінім оян қазақ оян дегенен неге ауыл ауылдағы үлкен ақсақлдарды оятып неге осындай мәселерді қолға алмайды қәзір ауылдағы ақсақлдарды мына үкіметің әкімшіліктің ашып қоиған ардагерлер кеңесі деген пәлелер алдап жүр неге осындай өзекті мәселерде үлкендерге елдің болшағы біртіндеп жоқылып бар жатқанын айтып көтермеиміз сосын осындай қазақ ұлтын мәгүртеп жүргендерді елден биліктен аластамаймыз

  6. Адiлет 4 Наурыз, 2017 01:12 Жауап

    Маскара! Казак тiлi мен адебиетiн куртуга кiрicкен министрдi токтату керек! Ел агалары, тiл жанашырлары, галым ага- апаларымыз кайда?! Ултжанды азаматтарымыз, араша тусiндер тiлiмiзге! Мектеп бiтiрушi жастарымызга оз кара басымен, азаматымен алысып, отбасылык жеке омiрiн жер жузiне жария етiп журген женiлтек айел баяндар, бiресе айел, бiресе еркек боп журген нуртастар улгi-онеге боп па? Тулга боп па?!

    • Гуля 8 Наурыз, 2017 10:17 Жауап

      Мен тусинбеим баска улттар тили жаилы еш аитпаиды осы биз казактар неге осын даимыз

  7. Әдемі 4 Наурыз, 2017 08:10 Жауап

    Көп сөзді қойып іске көшу керек! Нақты мәселелерді ашып айтып, шара қолдану керек! Осы ақымақтығы үшін кетсін орнынан! Бұл не масқара, билік басына осындай адамдар қалай тағайындалады өзі? Ел-халық шаршады…ашу-ызаны тудыра бермесін…үндемей келді жалпы жұрт…не шықты содан..ойларына келгенді жасап, халықтың ақшасын ұрлап тым асып кетті…токтау салатын кез келді…тезге салу керек!

  8. шал 4 Наурыз, 2017 22:03 Жауап

    оилап коям министрлердин кобиси оз саласынын адал маманы емес офшорда аты шыккан бурынгы орнында жеген накурыстар осылар осы орындарды сатып алып журген жокпекен?ставкалары канша екен?билетиндер барма? :shoshu:

  9. Элеонора 5 Наурыз, 2017 00:15 Жауап

    Ақыр заман деген осы шығар. Сұмдық екінші Гитлер ғой мынау,еврейлерді құртқандай қазақты тілден айырып содан соң салт дәстурден айырып не ойлағаны бар мына министрдің. Өзіңіз қазақ бола тұра оныңыз не? Қысқасы орнын босатсын қазақ болашағына еліне жанашыр дені дұрыс адамды қою керек.

  10. Даке 5 Наурыз, 2017 20:00 Жауап

    Ақылдымыз!Ақыл айтамыз! Қателер табамыз! Жазалаймыз! Сізде ешқандай қате жоқ па осы? Неге тек кемшіліктер айтылады да Жетістіктері айтылмайд. Ең соңғы рет мектеп оқулықтарын қашан оқыдыңыздар? Ағылшын тілінде математика білсеңіз жаман ба еді? Бболашақ ұрпақ саналы білімді басқа елдермен терезесі тең болса? Емтихандар парасыз болса ? Əркім өз білімімен жетістікке жетіп жатса? Министр мырзаның жобаларынан осыны көрдім. Қазір осы жобалары үшін Біраз кісілер қырсығып жатқандай ол кісілердің аты қосылмағыны үшін. Жақсы жобалары үшін КІНƏЛІ болғаны маған шыныменде батады

  11. Алтай 5 Наурыз, 2017 21:23 Жауап

    Білім министрін тағайндаған кім?!.Сол кісі Спғадиевқа осы былықтың бәрін істетіп отыр.Артында арине мәскеу бар.Бұл іске халық жаппай үн қосу керек.Уақыт көп өтіп кетті

  12. Светлана 6 Наурыз, 2017 16:40 Жауап

    Бұл министр смақ осы орынды ана академик әкесі арқылы алып отырғаны бесенеден белгілі ғой.Ел басы академиктің сөзін тастамай,білдей бір ҚАЗАҚ деген ҰЛЫ халықтың ІЛІМ-БІЛІМІНІҢ кілтін осындай адамға бере салуы да түсініксіз жағдай…Әр заттың сұрауы бар екенін реформатор академиктің АЙТАЛТАҚ баласы түсінбей қалғанға ұқсайды.Шаш ал десе бас алатын бұндай халқына жаны ашымайтын орысқұл министр керек емес! Небір сауатты қазақтың МЕН деген азаматтары баршылық…

  13. Қолқоюсыз 6 Наурыз, 2017 22:34 Жауап

    Арандату үшін, көреалмаушылықтан айтылған сөздер де болуы мүмкін ғой. Расымен жоғарыда аталған пәндер алынып тасталған ба, оқытылмай жатыр ма?! Кім анықтады? Үштілділікті Сағадиевке дейін де елбасы айтып келді емес пе?

  14. Қолқоюсыз 6 Наурыз, 2017 22:39 Жауап

    Мүмкін Сағадиевтің мұғалімдерге араша түсіп жатқаны кейбіреулерге ұнамай жатқан шығар?!
    Мұғалімдер өз жұмыстарынан басқа жұмыстармен айналысуға тиым салынсын деді. Өте орынды. Сайлау кезінде үй араламасын деді. Жақсы айтқан. Осы уақытқа дейін бір депутат мұғалімдерге араша түсті ме?! Меніңше, Ерлан мырзаның батыл іс-әрекеті депутат мырзаларға жақпай жатыр-ау, сірә!?

  15. Қолқоюсыз 6 Наурыз, 2017 22:48 Жауап

    Кезінде тілім деп шырылдаған Мұхтар Шахановты қолдамаған депутаттардан не үміт, не қайыр!
    Депутаттар қара халықтың қамын ойламайтынына көздеріңіз әлі де жетпеді ме?
    Ал Ерлан мырзаға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Қателерін айтып отыру керек. Осыған дейінгі министрлер көп жұмыс тындырды деп ойлайсыздар ма? Заман талабына сай білім саласында да өзгерістер қажет. Айтатын кезде үндемей қаламыз да, артынан жұдырығымызды ала жүгіреміз. Қанша уақыт талқыланып жатқанда қайда қалдыңыздар?

Пікір немесе жауап жазу

9 + жиырма =