Ұлттық тестілеуден ҚАЗАҚ ТІЛІ алынып тасталды!!! Оның орнын Баян Есентаева басты…

26515
115
Бөлісу:

Ұлттық тестілеу орталығы Баян Есентаева жайлы сұрақты неліктен енгізгенін түсіндірді деп хабарлайды КТК арнасы.

Жылда реформа жасап, жаңалық ашатын Білім министрілігі биылдан бастап Ұлттық тестілеуден қазақ тілі мен әдебиетін алып тастаған.

Қаңтардан енгізілген сол ереже, емтихан басталмай жатып қып-қызыл дауға қалды. Өйткені, оқушы түгілі шоу-бизнесте жүргендердің өзін шатастыратын сауал көп.

Биылғы түлектерге арналған тестке атышулы продюсер туралы сауал енгізілгенін хабарлаған едік. 1 қаңтардан бастап жаңа форматқа өзгертілген сұрақ-жауапта Баяннан бөлек талай әртіс-шоумендердің аты аталған екен.

Ал қазақ тілі мен әдебиетінің орнын басқан «Оқу сауаттылығы» пәнін ойға келмейтін сұрақтармен толтырған Ұлттық тестілеу орталығындағылар болса, жастарды шоуға тарттық деп мәлімдеме жасады.

«Біз мұны білдік осындай болатынын. Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетіндердің қызығушылығын көтеру үшін.  Баян Есентаева мен Нұртас Адамбай туралы сұрақ та бар.  Олар киноматография, кино саласы дамуы  туралы өзінің ой-пікірін көрсеткен», – дейді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов.

Әдебиеттегі өнегені өсекке толы гламурмен алмастырғандар осылайша талапкер білімін шоу-бизнес арқылы «арттырғанына» мәз.

Ал небәрі 8 күннен кейін түлектерден ұлттық тесті тапсыруға өтініштер қабылдау басталады. Бұл сынақ бұрынғы сынақтан өзгерек болмақ. Мектеп бітірушілер міндетті үш пән – «Математика сауаттылығы», «Қазақстан тарихы» және осы шоу-бизнестен сауатын ашатын «Оқу сауаттылығы» пәндерінен, сондай-ақ өздері таңдаған екі пәннен сынақ тапсырады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 115 пікір жазылған

  1. admin 2 Наурыз, 2017 23:33 Жауап

    Ұлттық тестілеуден ҚАЗАҚ ТІЛІ алынып тасталды!!!
    Оның орнын Баян Есентаева басты…

    Жылда реформа жасап, жаңалық ашатын Білім министрілігі биылдан бастап Ұлттық тестілеуден қазақ тілі мен әдебиетін алып тастаған.
    Әдебиеттегі өнегені өсекке толы гламурмен алмастырғандар осылайша талапкер білімін шоу-бизнес арқылы арттырғанына мәз.

    Ал небәрі 8 күннен кейін түлектерден ұлттық тесті тапсыруға өтініштер қабылдау басталады. Бұл сынақ бұрынғы сынақтан өзгерек болмақ. Мектеп бітірушілер міндетті үш пән – «Математика сауаттылығы», «Қазақстан тарихы» және осы шоу-бизнестен сауатын ашатын «Оқу сауаттылығы» пәндерінен, сондай-ақ өздері таңдаған екі пәнен сынақ тапсырады.
    http://www.qazaquni.kz/2017/03/02/65778.html

    • Джулбаева Нургуль 3 Наурыз, 2017 17:23 Жауап

      Мен министрди колдаймын, ойкени буган дейнги министрлер жаналыкты енгизбей, бир багытпен отырды. Ал бул кисинин негизги идеясы жаксы, тек колдауымыз кажет. Касына жаксы мамандарды жинауы керек, ен бастысы осы. Мен жана реформа, жана турли стратегиялык багытка енуимиздин барлыгы осы министр мырзанын сауаттылыгы деп ойлаймын.Ал тест маселесине керек болсак, тест жасау орталыгындагы адамдар оте сауатты болуы кажет. Баланын басын катыратын сурактарды коймай, баланын омирине кажетти сурактарды азирлесе, нур устинен нур болар еди. Менде карапайым мугалиммин, барлыгын корип жане естип отыргасын, оз пикиримди калдырганды жон кордим.

      • Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2017 10:39 Жауап

        Бала өзіне керек сұрақты онсыз да интернеттен алады ,ал Баянның оған қатысы қанша?

      • Кара балп 6 Наурыз, 2017 12:41 Жауап

        казах тилин тарихын билу керек бала деген, мугалим екенсиз жаксы патриоттык жонинде тарбие беоиниз

      • Акниет 6 Наурыз, 2017 13:04 Жауап

        Ахмет пен Шәкәрім, Мұхтар мен Бейімбеттер өнегесін жоққа шығарып, байынан таяқ жеген Баян Есентаеваны үлгі тұттырамыз ба жас ұрпаққа?

      • Қазақтың қызы 29 Наурыз, 2017 01:09 Жауап

        Джулбаева Нургуль Сізді сатып алған ба?Баян қатынды қосқанша. Батыр Баянды танысын ұрпақ.Қатын Баяннан еш үлгі жоқ ұрпаққа.

        • Әйбат 1 Маусым, 2017 23:06 Жауап

          Сіздің пікіріңізге қосыламын, дұрыс айтасыз. Бұзылған қатыннан басқа үлгі тұтар қазақтың қызы құрып қалып па? Елді жаудан қорғаған, халқым деп отқа түсіп, жанын берген, айта берсек, адал еңбек етіп, ақ сүтін беріп, саналы ұл – қыз тәрбиелеп өсірген аналар аз ба?
          Баян Есентаеваны тестке енгізген адам не нағыз топастың өзі, не болмаса қазақ қыздарын азғындыққа итермелеуші қаскүнем, қазақ халқының жауы деп білемін.

  2. Руза 3 Наурыз, 2017 00:10 Жауап

    Жарайсыздар, жастар! Барлық үміт Сіздерде! Дұрыстап, жан жақты дайындалуы керек, білім ғылым саласындағы мен қазақпын деген мамандар, министрден бұқара болып жауап алу керек, барлық масқарашылықтары үшін! Ағылшынға ауыстырылмақшы 4 пән жөнінде де нақтылы жоспарларын, Қазақстан тарихын, ЖОО алынып тасталған (алда, 2-3 жыл өткенде тағы көтеру керек емес, бұлардың тамырына балта шабу керек!), енді міне қазақ тілін оқытпау – осының бәрі ұлтты жоюдың, орысқа ассимиляциялаудың алғышарттары, өздерінің орыстілді кешіріңіздер «отпрысктері» үшін бүкіл қазақ халқын құрбандыққа шалу! Одан да өзі құрысын! Есентаева, т.с.с. ҰБТ-ға қою, жасөспірімдерді іріту! Бір жаманы жанымда мектепте оқитын немерелерім жоқтығынан тағы қандай масқарашылықтар бар екенін оқулықтарда біле бермеймін, бірақ көп естимін. Көп жылдар өтті валеология деген пән кіргізгеннен, жыныс сауаттылығын ашатын балалардың. Статистика бойынша, сол кезден бастап, пәктігінен айырылған қыздар саны күрт өсті! Бұл масқара министрлік тек халықтың бақылауымен жұмыс істеуі керек! Өйткені әркіміміздің баламыз, немере жиендеріміз бұлар жазған/бекіткен оқулықтардан тәлім тәрбие алады. Кәдімгідей үлкен комиссия құрып, барлық қулық сұмдықтарының быт шытын шығару керек! Біз жан-жақты сауатты, тарихын терең білетін, ұлтшыл (мемлекетшіл деген сөз), рухты, қазақтілді, ары мен ұяты бетіне шығып тұратын, ұрпақ көруге мүдделіміз!

    • Айдос 3 Наурыз, 2017 02:30 Жауап

      Білім министрінің ақылдары өте төмен екен! Баяннан қандай тәжірибе алады жастар? Нұртастан ше? Неге еңбегі бар ағаларымыз жайлы сұрақ қоймайды?

    • Арыстан 3 Наурыз, 2017 14:59 Жауап

      Дұрыс айтасыз. Соңғы жылы көптеген заңдар, реформалар жасалып жатыр, олардын барлығы Қазақ халқын құрту үшін істеліп жатқаны анық. Жерден және тілден айыру. Менің ойымша бұны жасап жатқан министрлер емес, олар тек орындаушы ғана, ал бұйрықты беріп жатқандар, Қазақтын байлықтарын 25 жыл бойы асап жатқан 3-4 миллиардер. Олардын атары Forbes журналда жазылған. Сол олигархтар Қазаққа қарсы істерді жасап жатыр.

  3. Руза 3 Наурыз, 2017 00:16 Жауап

    Кешіріңіздер, Қазақ Үні! Бұл Нұргелдінің (Абай кз), мақаласына жазған пікірім еді, мәні осы жазбағымның, бірақ өңдеуге миымнан шатастым министрдың мындай сұмдығына. Не өзі кеткен бе екен басынан? Әйтеуір маған осындай әсер етті. Сұмдықтың сұмдығығой бұл, тарихта болмаған шығар өз ұлтын жою үшін жан салатын құбыжықтар?

  4. Қазыбек 3 Наурыз, 2017 00:19 Жауап

    Ашық xат дайындау керек, қазақ тіліне-қазақ әдебиетіне- қазақ тариxына -яғни қазақ ұлтына, қазақтың болашағына қарсы министр орнынан кетсін деп

  5. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2017 00:23 Жауап

    Петиция жасап, қол жинайық немесе Ашық xат дайындау керек, қазақ тіліне-қазақ әдебиетіне- қазақ тариxына -яғни қазақ ұлтына, қазақтың болашағына қарсы министр орнынан кетсін деп!

  6. Айнұр 3 Наурыз, 2017 00:24 Жауап

    Жаһандану деп аталады бұл процес! Бірақ Қазақ тілін алып тастау масқарағой! Бұл жаһандану жайлы оқушыларым да мазасыздануда! -Апай осы біз өз тіліміз бар тәуелсіз елміз, онда неге өз тілімізде гана оқымаймыз ? – деп сұрақтың астына алады

  7. ЛЕЙЛА 3 Наурыз, 2017 01:20 Жауап

    Сағадиев кетпейінше мұғалімге де оқушыға да тыныштық жоқ! Мұғалім мен оқушыны қоя тұрсақ » Ол байғұстар» бəріне көнеді ғой …Тілімізді қайтеміз ?????жұлым жұлымы шығып таздың тақиясындай талаққа түсіп жатқанСағадиевтан ұлттық рухы жоқтарды білім басынан тайдыру қажет!!!Оян Қазағым!!!

  8. Гүлмира Садық 3 Наурыз, 2017 01:28 Жауап

    Өте дұрыс айтасыз,Қазыбек аға!Ел болып бірігіп мұндай бассыздыққа шұғыл қарсы тұру керек.»Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөз білім басшысының миына да кіріп шықпағаны ғой.Ұлтты жоюға апаратын қатерлі жолға бастап бара жатқанын ел болып ескертіп,орнынан алу керек.бұл енді масқара ғой

  9. Гүлмира 3 Наурыз, 2017 08:10 Жауап

    Неге!!! Неге ғана осындай бассыздыққа баруда, неге мұндай кемшіктер орын алуда? Неліктен осындай қалаулы да, білім саласында жауапты адамдар, еліміздін келешегіне, балаларымыздың білімінің жетілуіне септігін тигізетін, арқа сүйер азаматтарымыз осындай сұмдыққа жол беруде? Бұған жауап беретін кім? Неге ғана бұлай ақыл есі енді ғана толысып келе жатқан жастардың санасында керек емес дүниелерді жетілдіруге тырысуда? Неге бәрін қиындатып жіберді?
    Қазақ тіліміз болашағы ақсап, өзін-өзі алға әрең тартып, енді ғана бой көтердім бе деп тұрған уақытта, барымыздың болшағына балта шабудың кімге керек болды? Сан сұрақ….
    Қарапайым көзбен қарасақ, сол басшылықта отырған, елдің сенімін ақтайды деген азаматтарымыз мұндай жолмен білім алып, қазіргі жастарымыздың күйін кешпегені анық.

  10. Б.Баймахан 3 Наурыз, 2017 08:13 Жауап

    :zhlau: :zhlau: Ел ағаларынан үлгі аламызба десек бұл жауыздар елімнің тозын шығаруда.Баян Есентаева не еңбек етті сонша.Керісінше қазақ тілі мен әдебиетін басты пәндер етіп қою керек

  11. Мұқан 3 Наурыз, 2017 08:29 Жауап

    Осы саланың реформасы таусылмайтын болды. Министрі де жылда ауысады. Демек, Сағадиев кетсе орнына басқа Сағадиев келетін болып тұр. «Жел диірменімен» күрескен Дон Кихоттан аумай бара жатқан сияқтымыз.

    • Асхат 3 Наурыз, 2017 12:23 Жауап

      25 жыл бойы битпейтн бул негылган реформа. Министерствоны пиар жасайтын мекемеге айналдыргангой булар.

  12. Алдар 3 Наурыз, 2017 08:59 Жауап

    Таза туфой ғой мыныу не сұмдық бұл ҰБТ ға түсіетін жас түлектер енді жұлдыздарды тануы керекпе енді қалғаны прадюсерлерді зертеу еді. Өздерін таныту керек болса туындысын жақсы шығарсын жақсы шыққан туындыны кім білмейді. Бəрі біліп қолдайды. Өздері орысша сойлегені аз болғандай енді қазақ тілі мен əдебиетін жоғалтуға ат салысайын дегенба бұл прадюссерлер Баян мен Қайрат

  13. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2017 10:45 Жауап

    Қазақ сорлы болып туған сол сорлы қалпында өледі. Соны біле тұра неменеге еліресіңдер. Бəрібір ештеңе өзгермейдіқазақ атам заманнан асылдарынаяқтарының астына салып таптапшіріктерінтөбесіне көтеріп дəріптегенін бүкіл əлембіледі босқа даурықпаңдар

  14. Жамиля 3 Наурыз, 2017 11:44 Жауап

    Енді Баян мен Нұртас тұралы нақты қандай сұрақ болған екенін жазып жіберсеңдерші!

  15. Гүлжамал Байменова 3 Наурыз, 2017 13:15 Жауап

    Жаңаруға бет бұруға қарсы адамдар қоғамдағы кері тартпа адамдар. Оларға ешқандай өзгеріс қажет емес-жалқаулық!!! Менің мектеп ұжымымда 50% ұстаздар білім мазмұнын жаңарту және деңгейлік курстан өтті. Нәтижесі жоғары. Нағыз саналы қазақ тілі мен дінін ешқашан ұмытпайды! Әдебиет пен қазақ тілін тест ретінде қайталай бергеннен гөрі, мемлекеттік емтиханда эссе жазу да жөн,қазіргі заманда техника, ғаламтор дамып, әлемде прогресс болып жатқанда, біз неге өзгермейміз? Қазақ, ағылшын, орыс, тілін меңгеруге қазіргі оқушылардың санасы толық жеткілікті. Дәл бүгінгідей Министр мырза Ерлан Сағадиев қолдағандай, ешқандай министр… мұғалімнің жай-күйін, жағдайын, тыныс-тіршілігін түсінген емес. Мен өз атымнан Білім Министріне, министрлік қызметкерлеріне үлкен алғысымды білдіремін. РАХМЕТ!!!

  16. Педагог 3 Наурыз, 2017 13:58 Жауап

    Сағадиев қазақ тіліне жау емес, керісінше тіл мен əдебиетті терең меңгеру, кез-келген жағдайда қалыптасқан дағдыларын пайдалана білуге үйреткісі келеді. Сағадиевке жұиыс істеуге бөгет жасауға болмайды.

  17. Төлеубек Зайсан 3 Наурыз, 2017 16:31 Жауап

    Сауттылық деген дұрыс сөйлеп, дұрыс өз ойыңды жеткізу емес пе еді?Уәзірдің мынасы тіпті сауатты адамның ісі емес екен. Қазақта сұраққа дәйек боларлық тұлғалар қалмаған ба? Сонда Абайдың орнын енді еріне опа бермеген Баян басқан ба?

  18. Айна 3 Наурыз, 2017 16:42 Жауап

    Тілді, əдебиетті алып тастаса, енді оқушылардың да оны оқуға құлқы соқпайды, себебі ұлттық намысты оятатын басшылардың дауысы естілмейді. Қалың елім қазағым, қайран жұртым, ұстарасыз аузына түсті мұртың.

  19. Алмас Аргын 3 Наурыз, 2017 16:54 Жауап

    Баян Есентаева мен Келинка кімдер.Біреүі күйеүінің көзіне тірідей шөп шөп салып енді біреүдің от басын ойрандар жатыр.Келінка өзі еркек бірақ дəстүрде жоқ ролдерді орындап еркек емес əйел болғысы кеп жүрген жігіт.Сағадиевтің əкесі Қазақ ғылым академиясын құртқаны шынба кім біледі…

  20. Ерден Мусабаев 3 Наурыз, 2017 16:54 Жауап

    Шынымды айтсам осы шаршатты бар ғой біздіде бала шағаныда уф нерв болып біттік әр күні сабаққа дайындалған сайын, бұл негізі түсіне білген адамға айтарым ҚАЗАҚ деген ҰЛТқа болашағына балта шауып отырған жоқпа?

  21. Еркін Кахаров 3 Наурыз, 2017 16:55 Жауап

    Фуд мастердін иіесіғой. Оны кім қойды министр қылып. Кетпейдіма басты аурытпай. Бүнын қылықтарын білеміс. Қалай котеріледі бүлар, тан калам?

  22. Мерей Шамилхан 3 Наурыз, 2017 16:55 Жауап

    Əліппе болмаса қалайша балдар əріпті тани алады сондықтан бірінші орында əліппе тұру керек кезінде өзімізде сол əліппеден əріп танып барып оқыған жоқпызба онсыз болмайды сондықтан əліппені қайта жаңғырту керек

  23. Темірәлі 3 Наурыз, 2017 16:57 Жауап

    Недеген сұмдық бұл. Не ойлайды бұлар. Тестте қазақ тілі мен əдебиеті болмаса оны ешкім оқып жарытпайды енді. Онсызда оқып жатқаны шамалы еді. Бұлай болса қазақ тілінің алға емес артқа кеткені болар

  24. жанар баталова 3 Наурыз, 2017 17:02 Жауап

    Маскара естимеген елде коп деген осы екен гой,ана тилимиздин касында мына екеуи кимказак тилин алып тастап оларды косатындай,мумкин бойында кызуы болдыма екен.Айтпесе сау кисинин сози емес кой.

  25. бахадыр беккулов 3 Наурыз, 2017 17:03 Жауап

    Менің ойымша қазақстанда ұлт деген ұғымды жою болып жатқан сияқты. Осылай жүріп ең соңында нәсілге, яғни европойд және монғолойд болып қалмасақ болғаны.

  26. алма алма 3 Наурыз, 2017 17:04 Жауап

    Барып турган маскара! Оз елимизде турып, оз тилимизде сойлей алмау деген осы емес пе?! Тоскауыл кою керек, булай бара берсе улт болудан каламыз гой!

  27. Гульжан Успанов 3 Наурыз, 2017 17:05 Жауап

    Осындай адамдар билик басында отырса,казак кайдан дамысын. 1 сыныптан 3 тилде оку керек деп агылшынша, орысша косты. Ана тилинде арен сойлейтин балдардын басын катырып мангурт кылайн деди. 3 тилде окимыз деп балдар казак ариптерин айта алмайтын болды. Маскара гой.

  28. Айнұр Массаева 3 Наурыз, 2017 17:05 Жауап

    Ұлттық тестілеуден қазақ тілі мен əдебиетін, бастауыш 1 сыныптан əліппе пəнін алып тастаса болашағымыз не болмақ? Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі деп қағаз жүзінде ғана оқимыз ба? Болашақта «қазақ» атымызды өшіріп алмасымызға кім кепіл?

  29. Ұштап Пенская 3 Наурыз, 2017 17:06 Жауап

    Баян Есентаева несімен үлгі балаларға???
    Нұртас Адамбаев ше Орыс шекілдеуігін жарнамалағаны үшін үлгі ме??
    Орнынан кетсін БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ..
    Адам боламыз Қазақ боламыз деп жан айқай шығарып жатқанда …

  30. Асия 3 Наурыз, 2017 17:06 Жауап

    ОСЫНЫ УШТИЛДИЛИКТИ ЕНГИЗГЕНИНЕН АК,ОКУЛЫКТЫН ЖАГДАЙ АНАДАЙ БОЛГАНЫНАН АК ЕЛГЕ ЖАКСЫЛЫК АКЕЛМЕДИ АУ ДЕП ЕДИМ.СОЗ САПТАУЫ,ТУРИ БИРТУРЛИ ГОЙ.КАЛАЙ ГАНА ОЗ УЛТЫНА ЖАНЫ АШЫМАЙДЫ ЕКЕН ЖАЛПЫ КАЗАГЫМ АЛЕМДЕ КАЗАГЫМА БОЛСЫН ДЕП ТУРГАНДАР АЗ ГОЙ.ИШТЕН ШЫККАН ЖАУ ЖАМАН

  31. Рауан Жексенбек 3 Наурыз, 2017 17:09 Жауап

    Асслаума агалейкум қазақ бауырлар. Мынау министр биздин қазақ тилинен, әдебиетімізден өз күйеуінің көзіне шөп салған және ана бир сайқымазақ артық болғаны ма? Қазақ тили мен адебиети мазақ болғаны ма?

  32. ГҮЛБАХРАМ ЖҮНІС 3 Наурыз, 2017 17:48 Жауап

    Шоу-бизнестің тестілік білімге қандай қатысы бар?! Шоу-бизнес адам салауаттылығын қай жағынан дамытып, қандай патриоттық ұлттық тәлім-білім бермек?! Ұлттық тәлім-білім, интелекті ұлттық минталитеттік салауаттылық біріншіден адамға АТАЛЫҚ тегінен, екіншіден отбасы тәрбиесінен, үшінші саналы-деңгейлі қарым-қатынас ортасымен білім алу ошағынан адамизат бойына дарымай ма?! Баяннан және оның болашақ «күйеуінен» үлгі-өнеге алған ҰЛЫ АЛАШ ҰРПАҒЫ және олардың болашағы кім-не болмақ???!!! Бұл не МАСҚАРАЛЫҚ?! Өнер – киелі дүние, ол тегінен тарайды, «әу дегеннің бәрі – әнші емес» деген бар!!! Дарынды өнер қайраткері боламын деген адам – министрдің тестісізінсіз-ақ АЛЛА берген, АТА тегі қанынан дарыған өз талантымен ӨНЕР АРЛАНЫ бола алады!!! Жасанды «әртіс» кімге керек – жалып етіп жанған «шөпшек» отындай «жылуын» бермей жатып өшеді!!! Мүмкін ұрпақ болашағын АМАНАТ етіп отырған министріміздің өзі «озобоченный» біреу шығар… Дәрігерлік-психологиялық немесе генекологиялық «тесттен» өтуін ТАЛАП етелік министр мырзаның…?!

  33. қазақпын 3 Наурыз, 2017 18:19 Жауап

    көзін құрту керек білім министірін тез арада
    шаумен елі атанбай тұрғанда :zhlau:

  34. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2017 22:03 Жауап

    Көктемде күзде қозушы еді, сондай бірдеңесі жоқ ба екен?)))
    Мың өліп,мың тірілген қазақпыз ғой- бұл бəледенде құтылармыз.

  35. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2017 22:42 Жауап

    Елбасымыз жолдауында қазақ тілінің басымдлығы сақталады деген. Министр мырза мұныңыз ұят…

  36. ЫСКАК 3 Наурыз, 2017 22:51 Жауап

    Бұл не сұмдық сонда? Білім министірі де ойына не келсе соны істеп жүргені дұрыс емес. Енді келіп Баян Есентаеваны ҰБТ-ға әкеліп қосқаны не масқара?

  37. Ысқақ Садық 3 Наурыз, 2017 22:59 Жауап

    «Оқу сауаттылығы» пәнін ҰБТ тапсыратын оқушыларға не қажеті бар осы? Бұрынан бері келе жатқан жүйе неге сол күйі қалмайды осы. Бұлар өздерінше бір жаңашылдық ақшанды қойса болады ғой.Ақылға сыймайтын өздерінше бір тірліктер істейді.

  38. Ысқақ Сейдуллаұлы 3 Наурыз, 2017 23:08 Жауап

    Әртіс-шоумендерді білім саласына әкеліп қосқаны қателік деп білемін. Өнер адамдары өз алдына бір төбе ал, білім саласы бір төбе екенін естен шығармаған дұрыс болар.

  39. Қазақ 3 Наурыз, 2017 23:15 Жауап

    Әрине барша қазағымнын жан айқайын еститін жан болса мына масқарага жол бермесе екен!!! Оқу Министрін ауыстыруын сұраймыз !!!әйтпесе бізде мәнгуртер өз тілін сыйламайтын сауатсыздар онсызда :zhlau: :zhlau: көп!!!

  40. Ысқақ 3 Наурыз, 2017 23:20 Жауап

    ҰБТ-ның осы уақытқа дейінгі еш өзгеріссіз келген пәндердің қатарынан ең қажетті деген қазақ тілі мен әдебиетін алып тастағаны өрескел қателік! Онсызда Қазақ тілін қарық қылып сөйлей алмай жүрген, сөйлемек түгілі білмейтін жастарымыз бұдан кейін мүлдем мақұрым болады емес пе?

  41. Садықов Ысқақ 3 Наурыз, 2017 23:26 Жауап

    Білім министірін ауыстыратын уақыт жеткен секілді. Бұлай жалғаса берсе Қазақстанда білім саласы құрдымға кетіп қалуы әбден мүмкін.

  42. Мен Қазақпын... 3 Наурыз, 2017 23:27 Жауап

    «Батыр Баянның» орнына «Қатын Баян». Жетіскен екенбіз. Мәңгүртизация.

  43. Ысқақ 3 Наурыз, 2017 23:30 Жауап

    Осындай болмайтын жаңашылдықтарды еңгізгенді қою керек қой. Онсызда басы қатып жүрген түлектердің басын қатырмағанымыз жөн болар. Жоғарыда отырып алып шешім шығарғанды қою керек!

  44. Ысқақ Сейдуллаұлы 3 Наурыз, 2017 23:36 Жауап

    Тілді аяқ астына таптаған Министрді орнынан алып тастаған жөн болар жұртқа күлкі болмай. Бұл жағдай Қазақстанда болады деп кім ойлаған?

  45. Садықов Ысқақ 3 Наурыз, 2017 23:42 Жауап

    Ендігі жетпегенеі осы еді. Масқара болдық. Қазақ тілі мен әдебиетін ҰБТ-дан қалай алып тастаса, оны да солай оңай шешім шығарып орнынан алып тастаса қалай болады екен көрер едік. :oilanu:

  46. Ысқақ 3 Наурыз, 2017 23:50 Жауап

    ҰБТ-ның мәні мен мағынасы да қалмағаны осыдан көрінеді. Менің ойымша бұл құлдырау кезеңі. ҰБТ-ны мүлде алып тастаған жөн болар еді.

  47. Ысқақ Садық 3 Наурыз, 2017 23:56 Жауап

    Білім министрінің өзінің басында білімі жоқ екені осыдан көрінеді.Егер де өзі оқыған, тоқыған көпті көрген адам болса бұлай жасамас еді.

  48. Садықов Ысқақ 4 Наурыз, 2017 00:12 Жауап

    Министрдің бұл шешімі көптің күдігін ұялатқаны рас. Аяқ астынан шоу бизнесте жүргендерді ҰБТ-ға еңгізгені бір-бірімен ауыз жаласқанын білдірмейді ме? Бұл дегенің жатқан пиар емес пе? Әлде шоу бизнес жұлдыздарынан пара алды ма деген күдік те туындайды.

  49. Ысқақ Садық 4 Наурыз, 2017 00:18 Жауап

    Білім министрі өзі де оқушы болмап педі? Министрдің өзі де сол қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін ел қатарлы оқыған жоқ па? Енді бұл істеп отырған тірлігі ақылға симайтыны рас. Өзі бір мектеп көрмеген, партада отырмаған адам секілді қайдағы бір жаңашылдықтарды еңгізеді.

  50. Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2017 00:20 Жауап

    Масқара…..! Бұлары несі тағы, Қазақ тілі мен Әдебиетін алып тастағаны қалай??? Мисыздар әй қайдам бұлар ертең мектептегі барлық пәндерді орысша жүргізсін дейтін шығар мына МІНІСТІРЛІКТЕГІЛЕР??? Шоу дей ме? Өздерін қайта мектепке жіберу керек сияқты ғой мыналарды. :shoshu:

  51. Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2017 00:21 Жауап

    Білім министірі қайдағы бір баланың тірлігін істейді ей. Өзіне міндеттелген жұмыстың қандай абыройлы екенін түсінетін уақыт келді ғой. Егер де бұл міндетті атқара алмаса орнын босатқаны жөн ғой.

  52. Ысқақ Садық 4 Наурыз, 2017 00:25 Жауап

    Білім министрлігіне бұндай адамдардың қажеті жоқ! Келешекте жағдай бұдан да ушығып кетпей тұрғанда бұнын алдын алу керек!

  53. Садықов Ысқақ 4 Наурыз, 2017 00:27 Жауап

    Келешек жастарымыздың болашағына алаңдайтын түсіне білетін жаңадан Министр қажет!

  54. Ысқақ Сейдуллаұлы 4 Наурыз, 2017 00:30 Жауап

    Баян Есентаеваның Қазақ тілі мен әдебиет саласына қосқан үлесі мүлдем жоқ деуге болады. Қайдан әкеліп қосқаны, Не үшін қосқанын бізге білу қиын әрине. Бірақ тектен тек қоспағаны белгілі.

  55. Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2017 01:19 Жауап

    Минестр мырзаға катын баяан бирденесин берген болар бут га қосқанына карағанда

  56. Марат 4 Наурыз, 2017 06:29 Жауап

    25 жылда ұмытпасам 15 министр ауысты. Бір апам, бір апамнан да сорақы болып шығып жатыр. 15 министр – 15 реформа. Бірде біреуі оң ңәтиже берген жоқ. Ұрпақ таза мәңгүрт болуға айталды. Мұның бәрі не үшін?

  57. Ысқақ Садық 4 Наурыз, 2017 09:18 Жауап

    Біз бұл жерде бұлай талқылап қана қоймай бұл мәселені ұжым болып көтеруіміз тиіс. Бұлай жалғаса берсе болашағымыз бұлыңғыр болуы әбден мүмкін, Өзімізді ойламасақ та болашақ ұрпақтардың келеші үшін ат салысуымыз қажет!

  58. Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2017 09:22 Жауап

    Көп түкірсек көл болады демекші барлығымыз бұл министрдің орнына қашанға дейін дұрыс адам келгенше біз болашағымыз үшін күресуіміз керек!

  59. Садықов Ысқақ 4 Наурыз, 2017 09:23 Жауап

    Шоу жұлдыздардың ҰБТ-да орын алатындай не жасап қойып еді елге? Еңбегі сіңдіма сонша ? Өзіміздің тіліміз бен төл әдебиетімізді алып тастап оларды соның орнына қойған бұл өте өрескел қателік.

  60. Садықов Ысқақ 4 Наурыз, 2017 09:31 Жауап

    Тіл мен әдебиет ол егіз ұғым. Әдебиетте Абай, Шәкәрім, Шоқан, Мағжан секілді алдынғы буын аға, аталарымыз бар еекенін білім министірі естен шығарып алған сияқты. Оларды қайдағы бір кеше жағана сахнаға аяқ басқан адамдармен орнын ауыстырғаны бұл өте қателік!

  61. Ысқақ 4 Наурыз, 2017 09:35 Жауап

    Біздің өзіміз сол Әдебиеттегі еліміздің тәуелсіз ел болуын аңсаған, тәуелсіздік жолында репрессияға ұшыраған ұлы адамдарымызды оқып өстік. Ал, ендігі ұрпақ оларды ұмытып, қайдағы бір әнші сымақтарды оқыса жетіскен екенбіз.

  62. Садықов Ысқақ 4 Наурыз, 2017 09:41 Жауап

    Болмаса мүлдем алып тастай салсын ҰБТ-ны не керегі болып қалды дейсіз? Ішінде барлығы қазіргі заман жаңалықтарымен толып кеткен. Соңғы келіп түскен жаңалықтарға сүйенер болсақ бұл шоу жұлдыздардың қатарына тағы Генадий Головкин, Нұртас Адамбаев секілді адамдар да қосылыпты бұл деген тіпті шектен шыққандық!

  63. Ысқақ Сейдуллаұлы 4 Наурыз, 2017 09:44 Жауап

    Бұндай жүйемен жұмыс істеу қиынға соғады. Онсыз да бастары қатып жүрген жастардымыздың шоу бизнес жұлдыздарын қосып миын ашытпағанымыз жөн болар!

  64. Қазақпын 4 Наурыз, 2017 10:51 Жауап

    Баянның атын ҰБТға не үшін қосады ол ең бірінші қазақша сөйлеп үйреніп алсын,ол не өнеге көрсетіп жатыр екен,күйеуінің көзіне шөп салып,біреудің жанұясын бұзып жатқаны үшін бə.

  65. Қолқоюсыз 4 Наурыз, 2017 15:15 Жауап

    әуелі қазақша дұрыс сауатты жазып алыңдар, екінші өз тіліңдегі «скоро»»реформаларды» жойып, министрмен мәдениетті сөйлеп үйреніңдер. мына пәтуәсіз шу, 103 бос өсек әңгімеден біздің мал сияқты маңырап, мөңіреген қандай тобыр екеніміз көрніп тұр, сондықтан билік сөзіңді к..е қыстырмайды.

    • Айгул 16 Қыркүйек, 2017 13:12 Жауап

      Халыктын назасы орынды.Министр болып,зан шыгаруга ореси жетпейтин адамдар отыр.Халык шежиресин ысырып койып,женил ойлы зансымактарды коргап алек.Солай болады да,егер оз басында билим жок,билимди озык деген осылар екен деп ,батыстан урлай берсек.

  66. ОТАН 4 Наурыз, 2017 21:40 Жауап

    ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУДЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН АЛЫП ТАСТАУ НЕ ДЕГЕН СҰМДЫҚ, БҰЛ ДҰРЫС АҚПАРАТ ЕМЕС ШЫҒАР, НАҚТЫ БҰЛ ЖАЙЛЫ ҚАЙДАН БІЛУГЕ БОЛАДЫ,ҚАЗАҚТЫ ЖЕРІНЕН АЙЫРҒЫЛАРЫ КЕЛДІ, ЕНДІ АНА ТІЛІМІЗГЕ ШАБУЫЛ БАСТАЛЫП ЖАТЫР, ҚАЗАҚТЫҢ ЕЖЕЛГІ ТАРИХЫ ОҚЫЛМАЙДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТ БАР, БІРАҚ ОЛ ШЫНЫНДА СОЛАЙ МА, БІЛМЕЙМІЗ, ЖАУАПТЫ АЗАМАТТАР НЕ БАҒЫП ОТЫР, ОСЫНДАЙ МӘН – ЖАҒДАЙДЫ БІЛМЕІ МЕ?

  67. Ерема 6 Наурыз, 2017 20:01 Жауап

    Озге тилдин барин бил, оз тидинди курметте!
    Министрлердин бакыты гой Кытай Халық Республикасында болмаганы… Айтпесе осындай ойы ушин стенага такап, шуйдесинен атып тастар еди.
    Билгендерин истеп жатыр гой. Министр, сен озин билесин ба не истеп, не койып жургенинди???
    Далбасаламай алып тастандар! Маскара!!! Уят-ай!!! :shoshu:

Пікір немесе жауап жазу

үш × екі =