БАҚ: Билік орыс тілінен неге айырылғысы келмейді?

2445
16
Бөлісу:

Мемлекеттің тілдің тағдырына алаңдаған қаншама мақала жазылды осы күнге дейін. Айтудайын айтылды осы мәселе. Бірақ, не өзгерді? 

Аbai.kz сайтында жарияланған мақаласында журналист Шәріпхан Қайсар осы сауалға жауап іздеуге тырысыпты. Өткір жазған екен. Өзекті. Бірақ, бұдан не өзгерер екен?

Ескірген аргумент…

Автордың пайымдауынша, орыс тілі бізде орыс диаспорасының ғана емес, биліктің тілі. Осыны мойындайтын уақыт жеткен. Бірақ, билік әрнені сылтау етіп орыс тілінің қажеттілігін айтудан танар емес.

«Тоқсаныншы жылдары Президенттің өзі бастап: «Үй өзімдікі демегін, үй сыртында кісі бар», «Жасы ұлғайған адамдарға тілді қыстап үйретудің қажеті жоқ», «Орыс тілі көп ұлтты Қазақстанда ұлтаралық тіл қызметін атқарады», т.б. дегенді үнемі ескертіп отыратын. Билік әлі де сол сөзін қайталаудан жалықпай келеді. Алайда бұның бәрі осы күні ескірген аргумент», — дейді журналист.

Неге?

Иә, неге? Мақала авторы осы сөзіне дәлел келтіруге тырысыпты.

«Өйткені «үй сыртында кісі бар» екен деп жылдар бойы үндемей отыра беру, сыпайылап айтсақ – ұят. Бұл үнсіздік көршінің қас-қабағын баққан үнсіздіктен гөрі қорқақтықты, қосүрей болып сорлаған сорбақтықты білдіреді», – дейді ол.

Және екінші себебін де дәл тапқан сияқты.

«Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағанда қазақ тілін үйрене алмайтын үлкендер: қарттар, шал-кемпірлер қазір таусылып бітті. Қазір олардың орнын мемлекеттік тілді үйренгісі келмейтін  нигилист буын басты.  Олар – кешегі жастар еді.  Олар  қазақ тілінде сөйлеп үйренуді кеше бастағанда бүгін сайрап тұрар еді.

Жоқ, қазақ билігі қазақ тілін оларға қасақана түрде үйретпуге тырысты, сөйтіп, орыс тілін өз мүдделері үшін (билік пен байлықтың қауіпсіздігін қаматамсыз ету үшін) сақтап қалды», — дейді мақала авторы.

Орыс тілінде сөйлейтін орта қалды ма?

Әрине, қалды. Әрине, бар. Бірақ, аясы тарылып келеді. Автор осыны айтпақ болған.

«Орыс тілінің негізгі иесі – орыс диаспорасы біздің елдегі халық санының 30 пайызын әрең құрап отыр. Өзгелері қазаққа қаны да, тілі де жақын түркі елдері. Олар ешкімнің бұйрығынсыз, пәрменінсіз қазақ тілінде сөйлеп  кетті. Сонда аз ғана санды диаспораның (30 пайыз орыстың) тілі қалайша ұлтаралық тіл болып қалады?», — дейді ол.

Айтуынша, «орыс тілі көп ұлтты Қазақстанда ұлтаралық тіл қызметін атқарады» дейтін биліктің бұрынғы аргументі де ескірді, ештеңеге жарамайтын, істен шыққан аргументке айналды.

«Бірақ, сонда да орыс тілі тұғырынан таяр емес. Өйткені бұл тілде ешкім бетінен қақпайтын, қарсы келмейтін, көлденең уәж айтпайтын билік сөйлеп отыр.

Өткенде бір топ қазақ зиялысы Конституцияның 7 — бабының 2 — тармағын алып тастауды талап етті. Бұл талап осыдан алты-жеті жыл бұрын да күн тәртібіне қойылған болатын. Алайда ондай талапқа биліктің бүйрегі бүлк етіп, сирағы сылқ еткен жоқ. Тіпті, елең қылып қоймады да. Себебі, ақ жағалы ұлықтар, шенеуніктер армиясы «ресми тілден» айрылғысы келмейді», деген қорытынды жасапты Шәріпхан Қайсар.

Үрей

Автордың айтуынша, орыс тілінен айырылса, олар (шенеуніктер) биліктен де айрылады. Өйткені,  бүгінгі „шенеуніктер, әсіресе, үкіметтегілер, әкім-қаралар қазақ тілді мамандармен бәсекелесе алмайды. Осыны жақсы білгендіктен бәрі жабылып қазақ тілінде сөйлейтін ортаны биліктің маңына жуытпауға күш салуда„.

«Сөйте тұра, елді алдап, алдарқатып қоюды да ұмытпайды. Қайтіп дейсіз ғой? Орындалуы беймүмкін бағдарламалар арқылы. Мәселенки, 2011 – 2013 жылдары  іс-қағаздары мемлекеттік тілге көшуі керек болған.  Бұны ресми билік 2009-2010 жылдары айтты. Айтты да қойды.

Енді 2020 жылы Қазақстан халқының 90 пайызы қазақ тілінде сөйлейді деп жүр. Онысы енді рас. Қазірдің өзінде бұл жоспар орындалып үлгерді. Жөн делік, халықтың 90 пайызы 2020 жылы қазақ тілінде сөйлеп кетсін, сол кезде билік, анау іскер, табыскер бизнесмен жастар сөйлей жөнеле ме? Жоқ. Сөйлемейді…» дейді ол.

Автор өз ойын былай түйіндепті: «Мемлекеттік тіл дегеніміз – алдымен қазақ халқы. Ал, қазақ халқы биліктің ісін бақылаушы, бағалаушы, пәрмен етуші күш болуы керек. Осыны ескерген зиялы қауым Президенттен бастап барлық билік өкілдеріне ашық хат жазды. Ашық хат, әрине, әдеттегідей жауапсыз қалды.  Неге?».

Дереккөз: 365info.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 16 пікір жазылған

  1. Алаш қызы 1 Наурыз, 2017 14:31 Жауап

    Көкейтесті мақала. Ақиқат əрі дəл айтылған. Тілінен айырылса билігінен де айырылатын болған соң орыс тілді қазіргі билік ағылшын тілді ұл-қыздарына іргетас қалап, ағылшын тіліне мəртебе əперуге жанталасып жатыр. Суға кеткен тал қармайды деген осы. Орыс пен ағылшын тіліне мəртебе бермеу керек. Сонда ғана қазақты қазақ қорғай алады.

    • Қолқоюсыз 1 Наурыз, 2017 14:37 Жауап

      Жарайсың ! Билік орыс тіліне шек қойса, олар билік орындарынан айырылады, Ресейден қорқады, оларға Қазақ Тілінен бұрын мансап атақ керек болып тұр ғой.

  2. Қолқоюсыз 1 Наурыз, 2017 14:40 Жауап

    Халықтың арасында жүрсең басқа ұлтар айтып жүр, Егемен, Егемен дейді теледидардың барлығы, басшылардың бәрі орысша сөйлейді қандай Егеменді Ел деп?

  3. Қазақ бір 1 Наурыз, 2017 15:51 Жауап

    Енді жаздың не, жазбадың не кешікен сияқтымыз. Көршілерімнің 85 пайызы жас қазақ отбасылары, бір-бірімен, балаларымен орыс тілінде сөйлеседі. Мен қазақша амандасып, сөйлесіп көріп едім, көбі жақтырмайды, көрсе қашқалақтап тұрады. Соған қарағанда, қазақты қазаққа бұру, тек билікттің ғана қолынан келеді ғой деймін

    • Қолқоюсыз 1 Наурыз, 2017 18:06 Жауап

      Жоғары жақтан Қазақ Тіліне деген күшті талап қойылса, ондай крутой санап жүрген қазақтар тез қазақша сайрайтын болады. Ақымақ қазақпен ақымақ болмау керек.

  4. Қолқоюсыз 1 Наурыз, 2017 18:37 Жауап

    Жоғары лауазымды қазақ азаматтары өздерінің жайлы креслоларынанайрылып қалмау үшін қазақ тілінің мəртебесінкөтерудіңорнына оның қолдану аясын тарылтадысебебісол зиялы қауымның орынбасарлары орыс ұлтты жəне əйел адамдар. Олар қазақ қызметкерлерді өзінің жантиыштығынойлаған қазақсымақбастығына үнемі жамандап оларды қызметтікжазаменжазалауғаитермелейді. Ондай басшылар орыс ұлтты орынбасарларыншəуклдптіп қойып өздері кабинеттері нен шығу ға да ерінді үнемі қазақтарды басып жаншидыал орыстардыбастарынакөтеріп дəріптейді. Өздерінің осы мазмұндағысорлы кейпінуақытыжеткенде орыстардақазақшасайрайтын болады деп көпіреді.

  5. Махмуд 1 Наурыз, 2017 21:07 Жауап

    Қай ақымақ жазған бұл мақаланы. Орыстар таза санақ бойынша 20% ға да жетпейді, өз елінде көшіп келушілерге керемет жағдай жасалғандықтан, бізден кетіп, жыл санап азайуда. Оларға украйн,неміс, корей сияқты халықтарды мүлдем қосуға болмайды,олар бөлек тақырып. Кəзір орыстар жыл сайын 50 мыңдайы көшіп кетуде, жүз мыңнан көбі Ресейде оқып жатыр, жұмыс істеуде, қайта келмейді. Қаншама мыңдағаны Ресей паспортын алып үлгерді, қаншама мың орыс кетуге чемоданын дайындап, кезек күтуде. Орнына қаншама оңтүстік жастары қоныстануда, оралмандар келуде, қазақтың тууы көбейуде. Егер оралмандарға биліктің жасалып отырған арнайы кедергілері жеңілдетілсе, алынып тасталса жəне келгендерге қолдағы бар мүмкіндік сапалы көрсетілсе, бізге алдағы бес жылда шеттегі қазақтардың 5-10 млны көшіп келері анық, сол кезде 70%дан асқан қазағым көрші Өзбек,түркімен,тəжік ағайындар сияқты 90% ға жетеміз.

  6. Руза 1 Наурыз, 2017 22:11 Жауап

    Ұра барсең құдай да өледі! Түбінде жеңіске жетеміз! Тек төпелей беру керек бұл құбыжықтарды!

  7. Тілетхан.Ә 1 Наурыз, 2017 22:58 Жауап

    Қисық өскен ағашты көп жылдан кейін түзей алмайсыз қазіргі қалалық жас қазақтардан үміт үзіліп барады егемендікке туатын қауіп осы екі Корея боп жүрмейік.Құдай сақтасын деп тілейік!

  8. Ассар 2 Наурыз, 2017 16:25 Жауап

    Интернетпен затыңды тауып қоңырау шалып көрші, қазақ білмейтін сорлылар жауап бередін. Интернет дүкендер өздеп жүріп қазақша білмейтін адамды тауып қоятын сиақты. Болмаса екі тілде сайрап тұрған жастар көп емес пе ? ДВД, Жедел жәрдем, өрт қауіпсіздігі сиақты мекемелерге қоңырау соқсаң дәл сол қазақша білмейтін бір есек АЛО деп отырады. Үкіметтегілер де, бизнесмендер де тек орысшадан басқа тіл білмейтін есекті табуға құмар халықпен ,клиентпен жұмыс істеуге.

  9. Ассар 2 Наурыз, 2017 16:26 Жауап

    Интернетпен затыңды тауып қоңырау шалып көрші, қазақша білмейтін сорлылар жауап береді. Интернет дүкендер іздеп жүріп қазақша білмейтін адамды тауып қоятын сиақты. Болмаса екі тілде сайрап тұрған жастар көп емес пе ? ДВД, Жедел жәрдем, өрт қауіпсіздігі сиақты мекемелерге қоңырау соқсаң дәл сондай қазақша білмейтін бір есек АЛО деп отырады. Үкіметтегілер де, бизнесмендер де тек орысшадан басқа тіл білмейтін есекті табуға құмар халықпен ,клиентпен жұмыс істеуге.

  10. Қолқоюсыз 3 Наурыз, 2017 11:33 Жауап

    Расында 7 бап 2 тармак алынып тасталуын халык болып колдауымыз керек. Куш бирликте

  11. Тойбол 4 Наурыз, 2017 01:20 Жауап

    Шал кетпеи Оңалмаиды Бәріне сол.кінәлі Жирма бес жыл боиы Қазақ тілін аяққа таптап келді

  12. Ұ.майдан. 13 Ақпан, 2018 16:04 Жауап

    Дүние жүзінде әр айда екі өледі екен. Жастары сөлемейтін тіл , өлуге жақындаған тіл болып саналады.Іске
    көшу керек. Тілім өлген күні менде
    өлемін.Ана тілін силамағандар силы
    болмауы керек.Олар бейшаралар,ұлттық
    намысы жоқ.Ондайлар басқарған қараңқалады.

  13. Қолқоюсыз 13 Ақпан, 2018 19:12 Жауап

    Айтеуыр быр жау издеп таба алмай журген жансындаргой, тыл-тыл деп каксаганнан баска не бытты. Орыс тылы бызсызак кунын кореды, ал быздер оз тылымызбен оркениеттын барлык саласында артка кетемыз, математикадан гана сол дарежемызде турамыз, себебы улттар тылынын оган кажеты жок.( математикага ) .
    Орыс тылы быздын мемлекеттын быр тылы.
    Казак тылымен катарлас. Онымен сонша неге ошыктындер ? Курескылерын келсе озымыздын карабайыр – конбыс улттык мынезымызбен куресындер, тылымызды техникалык прогресс тылынде сойлетындер, галымдарымыздан тыл дамуын жолга коюды талап етындер. Казак тылды мамандардын кез-келген салада жарымжан – мугедек екены екыге – екыны коскандай анык аксиома екены раской. Осынын барын жасамасан тылын малга шоп салып онын богын шыгаруга гана жарайды, ол солай. Окып, Кан-кысымдарын котерылып о дуниеге аттанып кетпендер.

Пікір немесе жауап жазу

екі + 5 =