Әйелін сот залында аяусыз пышақтап өлтірген қостанайлық тұрғын мұғалім болып шықты

Қостанай, кісі өлімі, сот, қылмыс

Қостанайда ажыраспақ болған әйелін сот отырысының алдында өлтірген азаматқа қатысты оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Ер адам әйелдің ішіне бірнеше рет пышақ жарақаттарын салған. Шабуыл жасау кезінде ерлі-зайыптылардың жанында ешкім болған жоқ деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға.

Соттың хабарлауына сәйкес, 28 ақпанында сағат 10.00 шамасында сот отырысы басталғанға дейін азамат Н.Ж.Бекибаев азаматша Ж.А.Таубаевамен сөзге келіп, күтпеген жерден аяқ киімінің ішінен пышақ алып, оған бірнеше рет сұғып алған.

Қақтығыс кезінде судья мен сот қызметкерлері сот залында болмаған. Азамат Н.Ж.Бекибаев өзін тоқтатпақ болған сотқа приставына белсенді қарсылық көрсеткен. Кейін оны оқиға орынан шұғыл келген сот төрағасы мен "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ қызметкерлері тоқтатқан.

Жедел жәрдем шақырылып, Ж.Таубаева ауруханаға жеткізілгенмен алайда ол қаза тапты.

Сонымен қатар, оқиға орнына Амангелді аудандық ІІБ шұғыл тергеу бөлімі шақырылып, Н.Ж.Бекибаев соларға тапсырылған.

Айта кетейік, Н.Ж.Бакибаев Арқалық мемлекеттік институтын "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша бітірген, Амангелді орта мектебінде мұғалім, дзюдомен айналысады.

Сот ғимаратына пышақ алып өту фактісі бойынша, аудандық сотта кезекшілік еткен "Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы" ММ қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс басталды.

Еске сала кетейік, кеше қостанайлық тұрғынның ажыраспақ болған әйелін сот отырысының алдында пышақтап тастағаны хабарланған.