22 жастағы астаналық мұғалім оқушы қыздардың денесіне қол жүгіртіп, қырындаған

3436
9
Бөлісу:

Жетінші сынып оқушысының анасы елордалық №58 мектепте сынып жетекшінің қызына қол жүгірткенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

мұғалім, мектеп, астана, білім басқармасы, қырындады

Әйел адам бұл туралы қоғам қайраткері Марат Қабылбаевқа айтқан. Ол Facebook парақшасында жазған соң, бұл оқиға көпшілікке аян болды. Білім басқармасы істің анық-қанығына жетіп, жариялы түрде түсініктеме беруге уәде берді.

Телефон арқылы Sputnik Қазақстан агенттігіне сұхбат берген қыздың анасы 14 ақпан күні қызының мектептен жылап келгендігін айтты. Ол «мұғалім сабақ соңынан алып қалып, қолым мен иығымнан сипады» деп айтыпты.  Оқушының сөзіне сүйенсек, мұғалім «басқа қыздарға да тиіседі», бірақ олар мұны айтуға қорқады екен. Бұдан бұрын сынып жетекшісі дене шынықтыру кезінде мұғалімге  байқаусызда доп тигізіп алған ер баланы ұрып жіберген.

Ата-ананың айтуынша, 18 ақпан күні мектепте жиналыс өтіпті, бірақ директор да, мектеп психологы да қатыспаған. Есесіне жиналысқа келген оқу ісі меңгерушісі мен өзге мұғалімдер әріптестерін мақтап, болған оқиғаның түсінбеушілік екенін айтқан.

«Мен мұғаліммен сөйлестім, жасы 22-де. Мектепке қараша айында орналасқан, екінші тоқсанда. Басында жылап, ештеңе айта алмады. Мұғалімдер оны қорғаштап еді, өзгеріп сала берді. Қызымды сипағанын мойындап, мұны оқушыларымды жақсы көргеннен деді. Басқа қыздарға тиіспегенін айтып, тіпті ер баланы ұрып жібергенін де жоққа шығарды. Ол жайтты бүкіл сынып көрген болатын. Мені жала жапты деп айыптауға тырысты», — дейді оқушы қыздың анасы.

Осы оқиға әлеуметтік желілерде таралып кеткен соң, мұғалімнің әпкесі қыздың анасына хабарласып, бауыры үшін кешірім сұраған. Кейін мұғалімнің өзі де қоңырау шалған екен.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 9 пікір жазылған

  1. Айнұр 27 Ақпан, 2017 21:28 Жауап

    Онлай ауру адамдарға мектепте тіпті орын жоқ. Кейін не болмақ ол. Жазалау керек.

  2. аймангүл 28 Ақпан, 2017 09:17 Жауап

    Олай емес, қазір оқушылар ушлый. Ер мұғалімдерді солай өздерінше «жазалайды » подстава ғой. Сондықтан да ер мұғалімдер мектепке барғысы келмейді. Кез келген сайтқа кірсеңіздер, педофилдер туралы тақырып деп жазыла береді. Оқушылар соны оқып, ұнамаған мұғалімдерді тиісті, өйтті, бүйтті деп жала жабуды шығарып жатыр.

  3. Сəкен ақсақал 28 Ақпан, 2017 09:24 Жауап

    Қысқасы мұғалімдердің статусын жойып жатырмыз. Кеңес үкіметінің кезінде ондай болмаған. Темірдей қатал тəртіп болатын! Мұғалім ұрса, онікі дұрыс саналатын. Үйге келіп: » мені бəленбай ұрды десең, үйдегілер тағыда тоқпақтайтын»
    Ақырында одан жаман болған жоқпыз ғой. Білімді, үлкенді сыйлайтын, тұлға болып қалыптастық.
    Ал, қазіргі жастар, бала бақшадан бастасақ, «құмырадан шығарып жатқан жын»-сияқты болып кеткен.

    • Шаки 1 Наурыз, 2017 01:55 Жауап

      Сізге келісем, қазір мұғалімдердің өзін бейшара ғып тастаған. Менің әкемде бұрынғы кездегі темірдей тәртіпті айтып отырады.Бірақ бұл жерде мұғалімнен кінә кетпесе кешірім сұрар ме еді?! Әлде бұл жерде қыз бала мұғалім оған сондай қылық көрсетсе «ой бұл мұғалімнің маған берер тәртібі, еш етпейді, бұдан жаман болмаспын» деп жүре бермейтін шығар.Оның үстіне мұғалімнің себепсізден себепсіз жай баланың байқамай доп тигізгені үшін жазалауы да дұрыс емес қой!
      Қате сөйлеп, қатты айтсам Кешіріңіз!

  4. гүльмира Советқызы 28 Ақпан, 2017 09:28 Жауап

    Тəрбие отбасынан басталады.
    Балаларға дұрыс тəрбие керек. Онсызда жалақысы аз, жұмысы қағаз жазудан арылмайтын мұғалімдерді қорламайық. Мұғалімді түсіну үшін, мұғалімнің кебінін кию керек.

  5. Əсия 28 Ақпан, 2017 09:30 Жауап

    Рас, келісемін. Қазір оқушылар өте қу. Неше түрліні біледі. Сену қиын осы қызға. Пəле жауып тұрған сияқты.

  6. 28.02 28 Ақпан, 2017 15:47 Жауап

    Иә, оқушылардан барин күтуге болады. Кешке дейін телеф,интернетте отырады. Ата -анасы ақша табам үй бетін көрмей жумыс истейди. Қай уақытта тәрбие …

  7. Шаки 1 Наурыз, 2017 01:44 Жауап

    Менде оқушымын. Жоғарыда жазылғандарға қарасам үлкен кіслер жазған сияқты, мен бұл пікірлерге әрине қосылам. Қазіргі өзімнен кіші оқушы балаларды көргенде, бала-бақшадағы балаларды көргенде әдепсіз, үлкенді сыйлап көрмеген.Менімен ұрсысса бір жөн мені оқушы дер олар менен де үлкен мұғалім апай-ағайлармен ұрсысады.Бірақ мына жерде мұғалім кінәсіз болса кешірім сұрар ме еді?! Тіпті, оның әпкесі де кешірім сұраған ғой аржағында іш насырға шаппауын қалағанда. Оның үстіне мынау жас мұғалім ғо жас. Баланыда олай кінәлауға болмайды.

  8. Шаки 1 Наурыз, 2017 01:47 Жауап

    Әрине, тәрбие отбасынан басталады мүмкін мұғалім отбасынан кішкене кезінен бастап дұрыс тәрбие ала алмағандықтан осындай ағаттыққа жол берген шығар!

Пікір немесе жауап жазу

16 − 7 =