Мемлекет басшысы Димашқа арнайы стипендия тағайындады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әнші Димаш Құдайбергенге арнайы стипендия тағайындады. Бұл туралы бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министр бұл ақпаратты бүгін Қазақ Ұлттық өнер университетінде Димашпен бірге өткен кездесу кезінде айтты.
«Бүгін Ұлттық университетте ерекше күн. Бәріміз бірге Димашты өнер ордасында қарсы алып отырмыз. Бұл елімізге үлкен мақтаныш. Димаш жастайынан өзін өнерге арнап, Ақтөбедегі өнер училищесінде, енді Астанадағы Өнер академиясында дәріс алып жүр», – деген министр, жас дарынның ата-анасы – Қанат пен Света Айтбаевтарға, Димаштың ұстаздарына алғысын айтты.
«Димаш аяқ астынан танымал болған жоқ, бұрыннан конкурстарға қатысып келеді. Димаштың бұрыннан бері халықаралық байқауларға, мемлекеттің үлкен концерттеріне қатысып жүргенін жақсы білесіздер. Жақында ғана Елбасы өзінің арнайы стипендиясымен Димашты басқа да өнер адамдарымен бірге құрметтеді. Біздің Елбасымыздың Димашқа деген қамқорлығын осыннан білуге болады», – деді министр.
Конил болип Димашка степендия тагайындаганына рахмет. Тек алдап очко жинау ушин он- жиырма мынмен кутылмай,комакты сомма болса екен.
Иа, жақсы жаңалық. Бұны қалайша қуанышпен қарсы алмаймың?
Бәрі әнші болып кете мекен? Бұдан да Үлкен мәселелер бар,
Бұны қалай бағалаймыз? Өнердің де қоғамда өзіндік орны бар. Қызғанышпен емес, тілектестікппен қарайық.
Ең Үлкен мәселе ? Иманды, ақылды, елім деген, тілім деген,жерім деген Қазақ Жастарын Еліміздің барлық саласына еге болатын нағыз мамандарды тәрбиелеп дайындау керек және үлкен жұмыстар жүргізі керек, Ол ән айтыла береді.
Димаш бұл стипендияға әбден лайықты, себебі жас болса да еліміздің атын шығарып жатыр.
Дұрыс. Оған ешкім дауласа қоймас. Алтын дауысты баламыз. Қадірін білейік,
Міне осыдан-ақ Елбасымыздың өнерді, жастарды қалай қолдайтындығын аңғаруға болады. Жарайсың Димаш!
Біздің Елбасымыз реті болса өнерді де басқаны да бағалайды. Бұл оң шешімдердің бірі деп білемін.
Димаштың дауысы расында ерекше, қолдау көрсетіп жіберсек бұдан да биік белестерді бағындырары сөзсіз.
Бұлақ көрсең көзін аш демекші, сол Димаш атты бұлақтың көзін Елбасымыз ашып отыр десек артық болмас.
Расымен де орынды пікір. Жақсы әрі оңды шешім болған екен.
Димашқа жақсы мүмкіндік туып отыр, осы дарынын дұрыс бағытта қолданса алар асуы әлі алда.
Әрине, аман болса біздің Димаш талай белестерді бағындырары сөзсіз.
Жарады Димаш!!! Қандай қүрмет көрсетседе жарасымды. Нағыз талант, дарын, әнші!
Жарайсыі! Өнерің өрге жүзссін. әлі талай асулардан өтесің! Аман бол!
Мына жаңалықты оқып біраз қуанып қалдым. Нағыз таланттарды көтеру керек.
Елбасымыздың стипендияға тағайындауы, өзімді қуантады. Соңғы бір ай ғаламтордың Димаш бауырымыздың жетістігі бойынша шулап жатқаны, үлкен нәтежие деген ойдамын.
Осындай жастарымыз Қазақстанымызда көбейе берсін! Димаш бауырызбен мақтанамыз!
Думаю вся страна гордится Димашем Кудайбергеновым! Побольше бы таких талантливых ребят на Казахстанской эстраде.
Алдағы уақытта да Димашты үлкен белестерден көретінімізге сенімдімін!