Путин Назарбаевпен кездесуін алғыс айтудан бастады

Жұмыс барысымен Қазақстанға келген Ресей президенті Владимир Путин мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер жүргізді деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

[caption id="attachment_1422454" align="aligncenter" width="656"]Путин Назарбаевпен кездесуін алғыс айтудан бастады (фото) ВЛАДИМИР ПУТИН МЕН НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ. ФОТО KREMLIN.RU[/caption] Кездесу барысында маңызды тақырыптар мен мәселелер талқыға түсіп, екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жолдары туралы айтылды.

Сондай-ақ, Ресей басшысы Астандағы Сирия келіссөздері үшін Қазақстан президентіне алғысын білдірді.

"Біз осы 25 жыл ішінде көршілес мемлекеттер арасында болуға тиіс үлгілі қарым-қатынасты орната білдік деп есептеймін", - деп атап өтті елбасы. 

Назарбаевтың айтуынша, Ресей федерациясы Қазақстан үшін "саясат пен экономикадағы нөмірі бірінші серіктес" болып қала бермек.

Осы орайда, мемлекет басшысы алдағы уақыттарда Путинмен тағы бірнеше мәрте жолығатынын айта кетті.