Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды

2263
2
Бөлісу:

Сотталғандар Жаманкұлов, Юдина және Әбішев. © Tengrinews.kz

Сот алдына тоғыз адам келді: Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссер Талғад Жәнібеков, «Феникс» фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина, Қазақфильм» АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Гизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, «Феникс» фильмінің дайындығы кезінде түсірілім тобын басқарған директор Марлен Әбішев, ЖШС өкілі Данияр Маратұлы Әбдіқадыров.

Сотталғандар Талғад Жәнібеков пен Гаухар Ысқақова. Екеуі де қамауға алынған. © Tengrinews.kz

Осылайша, Тұңғышбай Жаманқұлов, Наталья Юдина, Талгад Жәнібеков, Гизат Сұлтанов, Гауһар Ысқақова ҚР Қылмыстық кодексінің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша күдікті болып отыр.

Илья Коробейников, Марлен Әбішев, Бижан Әбишев, Данияр Әбдықадыров ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы, 189-бабының 5-бөлігі және 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Сотталғандар адвокаттарымен бірге. © Tengrinews.kz.

Бүгінгі отырысты судья Тайман Шәкіров жүргізді.

Судья Тайман Шәкіров. © Tengrinews.kz

Сотта түрлі өтініштер айтылды. Оның ішінде екі сотталушыға – Жәнібеков пен Искаковаға таңдалған бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініштер де бар.

Режиссер Талгад Жәнібеков анасымен бірге. © Tengrinews.kz.

«Сондай-ақ, біз сотқа дейінгі тергеудің заңсыз басталуына қатысты өтініш білдірдік. Себебі сот екі қалада да процессуалдық әрекеттер жасады. Сондай-ақ, осы істе зардап шегуші ретінде ҚР Мәдниет және спорт министрлігін өтіп жатыр. Біздің ойымызша, министрлік бұл жерде зардап шегуші тарап болмайды. Мүмкін Қаржы министрлігі мен «Қазақфильм», – деді Жәнібековтің адвокаты Серік Айтбаев.

Жаманқұлов пен Юдина. © Tengrinews.kz

Адвокат Серік Айтбаев. © Tengrinews.kz

Гаухар Ысқақованың адвокаты Рена Керімова осыған дейін қорғалушысының денсаулығына байланысты тергеу изоляторында бола алмайтынын айтқан еді. Сондықтан сот оны кепілақымен босатқан еді. Ал тағы бір адвокат  Елена Жигаленок тергеу барысында Гаухар Ысқақованың кінәсінің дәлелденбегенін айтты.

Айта кетейік, сотталушыларға қолдау көрсетуге біраз адам келді. Адамдар сот залына сыймай, тұрып тұруға тура келді. Судья тіпті оларға ескерту жасады.

Тұңғышбай Жаманқұлов адвокатымен бірге. © Tengrinews.kz

Тұңғышбай Жаманқұлов ақпарат құралдарымен байланысқа шығудан бас тартты. Себебі оған адвокаттары тыйым салған. Жаманқұловтың орнына журналистермен оның адвокаты Бақытгүл Қадырбекова сөйлесті.

«Нақты мәлімет айтуға әлі ерте. Біз соттың әділ шешім қабылдайтынына сенеміз. Бұл мәселені шешеміз, дәлелдейміз. Сотқа дейінгі тергеу барысында көптеген процессуалдық қателіктер болды. Біз әділ шешім қабылданады деп сенеміз», – деді Жаманқұловтың адвокаты.

Прокурор. © Tengrinews.kz

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, «Қазақфильм» АҚ-ның «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. «Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол – «Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS» ЖШС-ның құрылтайшысы», – делінген еді хабарламада.

Ал кейінірек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» фильмінің түсіріліміне бөлінген қаражатты жымқыру бойынша қылмыстық істің тергеуін аяқтаған болатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Адам 27 Ақпан, 2017 21:18 Жауап

    Ешкандай рахымшылдык болмасын. Кнаси далелденсе абактыда отруы керек.Оте силаушы едим,уры екен.

  2. Қолқоюсыз 20 Наурыз, 2017 22:02 Жауап

    Ұялмай халық алдында ақыл айтып жүргендер! Егер ұрлығы әшкереленсе орны абақты болуға тиісті. Бәсе, тәуелсіздік алғалы бері дені дұрыс кино шығарылмайды, таланты жоқ актер мен актриасалар киноны бермейді. осындай ұры режиссер мен актерлер арзан актерлерді экранға сүйреп жүрген екен ғой. Ал дарынды актер образды сомдағаны үшін ақшаны көбірек сұрайды ғоййй… :zhlau:

Пікір немесе жауап жазу

4 + он =