Маңғыстаулық азамат мешітте «әумин» деп айтқаны үшін айыппұл төлейді

2315
8
Бөлісу:

Жаңаөзендегі мешіттің бірінде айқай-шу шықты. Намазға жығылғандардың бірі «әумин» деп дауыстап айтқаны үшін, сот оны 113 мың теңге айыппұл төлеуге мәжбүр етіпті.

Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының ақпаратпен қамтамасыз ету бөлімі хабарлады деп жазады halyknews.kz.

Жергілікті имамның айтуынша, жамағат дауыстап «әумин» десе, Ханафи мәзһабының дәстүрін «бұзатын» көрінеді. Осыған шамданған имам әлгі жігіттің үстінен сотқа шағым түсіріпті.

Бұл іс сотқа дейін жетіп, «тәртіп бұзушыға» 50 АЕК бойынша 113 мың теңге айыппұл салған. Бұл мәселе Азаматтық Кодекстің 490 бабы, 2 тармағында қарастырылыпты. Әзірге, шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 8 пікір жазылған

  1. Бектас 27 Ақпан, 2017 15:53 Жауап

    Соттың мешітке не қатысы бар? Мешітке бармайтындарды да, намаз оқымайтындарды да сотқа беру керек онда. Елге іріткі жасап отырған қандай имам, қандай сот???

    • Еркебұлан 28 Ақпан, 2017 21:45 Жауап

      Əр адам намазды өзі үшін оқиды.Мешітке келгеннен соң , мешіттің тəртібіне бағыну керек! АЛЛА-ның үйінде тəртіп болу керек! Өткен жұмада мешітке барып едім, бұрын-соңды имамға ерісетін осындай кейбір жамағат басылыпты.

  2. БЕРІК 27 Ақпан, 2017 22:03 Жауап

    БҰЛ НЕ МАСҚАРА? МҰСЫЛМАНДАР ӘРТҮРЛІ ЕМЕС ПЕ? АРАБЫ БАР, ШЕШЕНІ БАР, ҚАЗАҒЫ БАР? МЕН ХАНАФИ МАЗХАБЫН ҰСТАНҒЫМ КЕЛМЕСЕ ЗАҢМЕН ЖАЗАЛАП ҰСТАТА МА СОНДА? МЕН ХАНАФИ МАЗХАБЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬІН ҰСТАНҒЫМ КЕЛМЕЙДІ. ӨЙТКЕНІ МОЛДА БОЛЫП, САДАҚА, ЖАНАЗАДАН ТАБЫС ТАУЫП ӨМІР СҮРУ МЕН ҮШІН ЖАТ. ӘРІ МҰНДАЙДЫ ПАЙҒАМБАР ДА, САХАБАЛАР ДА ЖАСАМАҒАН. ПРЕЗИДЕНТІМІЗ ЖАҒЫ ТАЛМАЙ ҚАҚСАЙТЫН ДІНИ ТӨЗІМДІЛІК, ТОЛЕРАНТТЫҚ ДЕГЕН ҚАЙДА СОНДА? :shoshu:

  3. шал 28 Ақпан, 2017 00:20 Жауап

    мынау не маскара полицеилерденде откизип жиберипти гои штрафты думше молда.

  4. Адам баласы 28 Ақпан, 2017 01:18 Жауап

    иштен шыккан жау жаман. ….имамдар оз жамагатына камкор болудын орына истегени анау. .. :oilanu:

  5. Кемек 27 Наурыз, 2017 21:13 Жауап

    Имамнан иман кетті деген осы екен ғой.мазхабын иүйіне барып оқысын.не мазғаптың үйіне барсын.
    мешіт құдайдың үйі.

Пікір немесе жауап жазу

19 − үш =