ШҚО-да апатқа ұшыраған тікұшақ Тұрлыхановтың әйеліне тиесілі болып шықты

[caption id="attachment_65498" align="aligncenter" width="618"]Қайрат Тұрлыханов Қайрат Тұрлыханов[/caption]

ШҚО-да апатқа ұшыраған жолаушылар тікұшағы Семейдің бұрынғы әкімі Қайрат Тұрлыхановтың әйелі - Ғафура Тұрлыхановаға тиесілі болған, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің өкілдері.

Бұл туралы kazdala.kz жазады.

Ұшу жарамдылығының мерзімсіз сертификаты 2016 жылдың 23 желтоқсанында берілген. Жалпы мақсатта пайдалануға рүқсаты бар. Тікұшақ Тұрлыханова Ғафура Мұхатбекқызына тиесілі болып шықты.

Қайрат Тұрлыханов Семей қаласының әкімі, Қауіпсіздік кеңесі хатшысының және Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі, осы министрліктің көлік бақылау комитетінің төрағасы болған.

Жеке меншіктегі С-341 тікұшағы Үржар ауданынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Бірақ тікұшақ жету нүктесіне жете алмай қалған. Іздеу шаралары барысында тікұшақ Аягөз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 60 шақырым жерден табылған.