Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды

[caption id="attachment_65470" align="aligncenter" width="720"]ҚР Президенті Н. Назарбаев ҚР Президенті Н. Назарбаев[/caption]

Базель бейбітшілік кеңесі Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында антиядролық қозғалыс белсендісі өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Ағымдағы жылы мен Кәріпбек Күйіков пен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігерлері үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсындым», - деп жазды ол.

Алин Варе көрсеткен сілтемедегі сыйлыққа үміткерлер шорт-парағында Назарбаев пен Күйіковті ұсыну британдық саясаткер Билл Киддтен түскен. Өтінімде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастамалар қабылдағандығы айтылған.

Президент ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу процесіне ықпал ететін бірқатар бастаманы қабылдауды жалғастырып келеді.

Ал Кәріпбек Күйіков жетекшілік ететін «АТОМ» жобасы әлемді ядролық қарудан азат етуге бағытталған.

Алин Варе - «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үшін» халықаралық форумының жаһандық үйлестіруішісі.