Нұрсұлтан Назарбаев Нобель сыйлығына ұсынылды

Бөлісу:
ҚР Президенті Н. Назарбаев

ҚР Президенті Н. Назарбаев

Базель бейбітшілік кеңесі Бейбітшілік ғылыми-зерттеу институтының директоры Алин Варе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен «АТОМ» жобасының құрметті елшісі, суретші Кәріпбек Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында антиядролық қозғалыс белсендісі өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

«Ағымдағы жылы мен Кәріпбек Күйіков пен Президент Нұрсұлтан Назарбаевты ядролық қаруды жоюдағы ерен күш-жігерлері үшін бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ұсындым», – деп жазды ол.

Алин Варе көрсеткен сілтемедегі сыйлыққа үміткерлер шорт-парағында Назарбаев пен Күйіковті ұсыну британдық саясаткер Билл Киддтен түскен. Өтінімде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан көшбасшысы ретінде 22 жыл бойы ядролық қарусыздану саласында бірқатар маңызды бастамалар қабылдағандығы айтылған.

Президент ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу процесіне ықпал ететін бірқатар бастаманы қабылдауды жалғастырып келеді.

Ал Кәріпбек Күйіков жетекшілік ететін «АТОМ» жобасы әлемді ядролық қарудан азат етуге бағытталған.

Алин Варе – «Парламентшілер ядролық қаруды таратпау және қарусыздану үшін» халықаралық форумының жаһандық үйлестіруішісі.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 26 пікір жазылған

  1. Жазира 27 Ақпан, 2017 11:13 Жауап

    Әрине, Кәріпбек ағамыздың жетекшілік ететін «АТОМ» жобасы әлемді ядролық қарудан азат етуге бағытталған маңызды жобалардың бірі.

  2. Шоң бидің ұрпақтары 27 Ақпан, 2017 11:47 Жауап

    90- жылдары жобалаған ол мақсат. Ең соңғы серияның қорытынды сериясы.

  3. Қолқоюсыз 27 Ақпан, 2017 11:58 Жауап

    Құтты болсын! Елімізде тек бейбітшілік болсын! Ел басымыздың мерейі үстем болаберсін!

  4. Мұрат 27 Ақпан, 2017 11:58 Жауап

    Құтты болсын! Елімізде тек бейбітшілік болсын! Ел басымыздың мерейі үстем болаберсін!

  5. Махамбет 27 Ақпан, 2017 12:36 Жауап

    Тұңғыш қазақ президенті -Түңғыш Нобель сыйлығын алған қазақ (Орта Азидан тұңғыш рет) болып жатса, кәнеки! Қолдаймыз, тілектеспіз!

  6. Айна 27 Ақпан, 2017 18:05 Жауап

    Мен ешқандай да таң қалмадым, осындай еңбекқорлығымен түбінде осындай биік марапатқа ие болмаса таң қалар едім.

  7. Сара 27 Ақпан, 2017 18:05 Жауап

    Елбасымыз Нобель сыйлығын алып жатса ол президентке ғана емес, күллі қазақ еліне абырой әкелмей ме?

  8. Наргиза 27 Ақпан, 2017 18:06 Жауап

    Нобельді санаулы адамдар ғана алатынын ескерсек, оның ішінен қазақ азаматтары бой көрсетіп жатса тамаша емес пе!

  9. жазира 27 Ақпан, 2017 18:06 Жауап

    Оған анау мынауды ұсына бермейтіні анық, Елбасымызды лайық көріп жатса неге қуанбасқа!

  10. Әбіл 27 Ақпан, 2017 23:12 Жауап

    Қаланы да, ауылды да «гүлдендірді», жұмыссыздықты «жойды», оппозицияны «нығайтты», тәуелсіз журналистерге, тәуелсіз гәзеттерге «қамқоршы» болды, бізде саяси тұтқын болуына «жол бермеді», саяси көзқарасы ұнамағандарды «соттатпады», «адал» миллионер- миллиардерді көбейттірмеді, обшым Қазақстанда «коммунизм орнатты», – сол үшін Нобель силығын, как исключение, екі рет беру керек! :kulki1:

  11. Қолқоюсыз 28 Ақпан, 2017 12:49 Жауап

    Нобел атағына құмаратқанша, қарапайым Қазақ Халқына жағдай жасамай ма одан қайта, ертең оның ешқандай пайдасы жоқ, тек Қазақ Халқының алғысы ғана жетіп тұрады егер Халқы риза болса.

  12. Ардақ 28 Ақпан, 2017 13:07 Жауап

    Елбасы Бейбітшілік саласындағы Нобел сыйлығына нағыз лайық! тілектеспіз.

  13. Қазақ 28 Ақпан, 2017 22:42 Жауап

    Сіңірген еңбегі кейінгі кезде көп жазылып жүр. Сол еңбектерінің жиынтығына баға беріледі. Мүмкіндігі -0 процент. Комиссия өте қатал!!

  14. Әбіл 2 Наурыз, 2017 10:46 Жауап

    «Оу, Ардақ, сен қайдағы, мен қайдағы…», айтасың көбік сөзді қай-қайдағы!.. :kulki:

Пікір немесе жауап жазу

бір × 3 =