Қазақстан құрамасы Жапониядағы Азиадада төртінші орында келеді

Қысқы Азиада 2017, Қазақстан құрамасы, Спорт, Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Жапониядағы қысқы Азия ойындарында әлі төртінші орында келеді. Ал бүгін екі қазақстандық биатлон квартеті аралас эстафетаның жүлдегерлері атанды.

Бұл туралы Sputnik хабарлады. Мәре сызығын 1 сағат 15 минут 40,3 секундта бірінші болып кескен квартетте Галина Вишневская, Дарья Усанова, Максим Браун, Ян Савицкий болды. Екінші орынды тағы бір қазақстандық құрама иеленді – Алина Райкова, Анна Кистанова, Василий Подкорытов, Антон Пантов. Олар жарыс жеңімпаздарынан 14,2 секундқа қалып қойды. Үшінші орын Күншығыс елінің биатлоншыларына бұйырды.