Үй салуға ипотека алғыңыз келе ме?

1931
7
Бөлісу:

Ипотека, Қазақстан ипотекалық компаниясы, Тұрғын үй

Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қазақстандықтарға арзан ипотека берудің амалын айтты, деп хабарлайды kazinform.kz.

«Мемлекет ипотеканың құнын азайту үшін жаңадан салынған үйлерден пәтер сатып аламын деген кісілерге 10 пайызбен, ал жеке үй саламын деген азаматтарға 5 пайызбен ипотека береді. Бұл ипотекалар «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы субсидияланады», – деді Мархабат Жайымбетов.

Түсіндіре кетсек, «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» қазір еліміздегі екінші деңгейлі банктермен келіссөз жүргізіп жатыр. Мархабат Жайымбетовтің айтуынша, олар (құрылыс комитеті мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы – агенттік) екінші деңгейлі банктерді 17 пайызбен ипотека беруге көндіріп жатыр. Бұған келіскен банктердің берген 17 пайыздық ипотекасының 7 пайызын мемлекет субсидиялайды да, азаматқа қалған 10 пайызы қалады. Жеке тұрғын үй саламын деген азаматтарға да тура осы механизмнен өту керек. Жеке үй саламын деген азаматтар үшін бұдан да аз пайыз, яғни, 5 пайыз көзделген.

«Осы ипотеканы субсидиялау үшін 10 млрд теңге көзделіп отыр. Осындай субсидиялаудың арқасында 600 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр», – деді Жайымбетов. Бұл жеңілдікке Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары ғана ие бола алады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Шоң бидің ұрпақтары 25 Ақпан, 2017 19:54 Жауап

    Оның керегі не?
    «Жасың 40- тан асып кетті, ипотеканы өз құлағыңды көре алмайтын сияқты, сізге берілмейді жəне еңбек ақыңыз бар жоғы 45 мың ғана «-деп бетті қайтарып жіберген. Оданда жалақысы 50 мыңға жетпейтін , пəтер жалдап, қаңғырып жүрген қазақтарға берсін ипотеканы. Сол жағын ойластырсын!
    Жүрміз анда мында қаңғырып сыған сияқты » ҚОН сосын ЦОН əрі қарай ВОН»-деп.

  2. Қолқоюсыз 26 Ақпан, 2017 00:13 Жауап

    Ия , мен 5 балалы анамын Оқо пəтпр сатып аламызба жоқ əлде жұмысқа тұрамызба басымыз қатып кетті . Баспана жоқ жұмвста жоқ қиын . Ұлтымыз қазақ əр квартираға көшіп дорбамын арқалап. Соғысты нпмістер ұтып алғанда қазақтар мынандай кедейшілікке ұшырамайтынбеді .Кім білсін. :shoshu:

  3. Гуля 26 Ақпан, 2017 23:17 Жауап

    Үй жалдап журген канша халык бар 40.000.50.000.60.000мынға боска биреулерге берип отыр. Ол жалдаған үй бари бир озініки емеско осындай арзан ипотекалар болса бариде келісип алар едиго айтуір тубі озінин уйі болып калуы ушін толеуге тырысадыго боска акшасын біреуге толегенше

  4. Бақыт 1 Наурыз, 2017 12:27 Жауап

    Жалпы ипотека деген қол жетпейтінді берміз, деп өзі азар жүрген кедей-кепшікті дәмелендіріп,, үкімет жарылқадық деп өтірік ақпарат тарату тәрізді қойлым ғой.

  5. Гульбану 26 Ақпан, 2018 21:31 Жауап

    Бберсендерши уй жалдап жургендерге боска біреуге беріп отыр оданда тубі өз уйі болып каладыго тұрғын уй жыйнак банктын салымшысы болу керек дейди алатын жалакысы 50-60т болса калай салады оданда уйді берсин сосын ай сайын төлеп отырады халык өзі ушін уй өзінікі болып каладыго əйтуір

Пікір немесе жауап жазу

бір × 5 =