7-баптың 2-тармағы тұрғанда қазақ тілі ешуақытта мемлекеттік тіл бола алмайды!.

1386
7
Бөлісу:

ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН РЕФОРМАЛАУ ЖОБАСЫНА – 5 ҰСЫНЫС

 

 

1. Конституцияның 1-бабының 2-тармағындағы «…мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу» деген мәтіннен «немесе Парламентте» деген сөз алынып тасталсын. Себебі, жер, тіл, дін, білім сияқты мемлекеттің, ұлттың тағдырын шешетін мәселелерді Парламентте, әсіресе, бүкіл халық тікелей және жабық түрде дауыс беру арқылы  сайламайтын Парламентте шешуге болмайтынын көзіміз соңғы 15 жылда әбден жетті ғой деп ойлаймын.

2.1. Конституцияның 6-бабының 1-тармағындағы (Жер кодексінің 20-бабының 1-тармағындағы) «Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады» деген сөздерден кейінгі «және бірдей қорғалады» деген сөздерді алып тастау керек.

2.2. Жер туралы Кодекс қазақ жері ешкімге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарына да,  еш уақытта сатылмайтын, тек уақытша тегін пайдалануға берілетін болып, ал, шетелдіктер мен олар құрған заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдік қатысушылары бар отандық заңды тұлғаларға жалға да берілмейтін болып қайта қаралуы, және онда ҚР әр азаматына жалға берілетін жердің ең аз және ең көп көлемі нақты белгіленуі үшінКонституцияның 6-бабының 3-тармағы 1993-жылғы Конституцияның екі абзацтан тұратын 46-бабымен ауыстырылсын.

Конституцияның осы ауыстырылған 6-бабының 3-тармағының 3-абзацы етіп «Жерді тіршілік мақсатына және азаматтық айналымға қосу үшін жер учаскелері заттық құқық түріндегі жекеменшікте болады» деген сөйлемді қосу қажет. Кодекстің 28-бабында да «Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады» деп жазулы тұр. 

Бұл өзгерістер не үшін керек? Соңғы жылдардағы ТМД аумағында орын алған саяси оқиғалар қазақтай ең бейқам елдің өзін де еріксіз есін жиып, етегін жабуға мәжбүрлейді. Алла-Тағала да «сақтансаң ғана сақтаймын!» деген. Күндердің күнінде сепаратистер тарапынан бөлек ел боп бөлінуге (кешегі Сингапур, бүгінгі Украинадағы ДНР, ЛНР тәрізді) немесе өзге ел құрамына енуге ұмтылыс тууы мүмкін. «Тумайды!» деп ешкім кепілдік бере алмайды. Әне, сол кезде «тіршілік үшін берілген заттық құқық» талабы Конституцияның 2-бабының 2-тармағындағы «мемлекет аумағының тұтастығын қамтитын» талабынан  төмен екендігін айтып тосқауыл қоюға болады. 

3. Конституцияның 7-бабының 2-тармағы, яғни «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деген сөздер толығымен алынып тасталсын. Бұл тармақ тұрған кезде қазақ тілі ешуақытта шын мәнінде, іс жүзінде мемлекеттік тіл бола алмайды. Жасырынбақ ойнағанды, өзімізді өзіміз алдағанды қоятын кез жетті.

4. Көп талқыға түскен «әркімге» қатысты бабты өзгертудің қажеті жоқ.

5. Конституцияның 32-бабы 1993-жылғы Конституцияның 15-бабымен, яғни,  «Республика азаматтарының бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар бостандығына кепілдік беріледі» деген мәтінмен ауыстырылсын.

Өмірзақ Ақжігіт

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 7 пікір жазылған

  1. Адам 25 Ақпан, 2017 09:11 Жауап

    Сенат,парламентке сенуге болмайды. Олар кул-малайларгой,ешкандай артык ис истей алмайды. Келсе урлык жасайды оз мудеси ушин. Кашан нускау болады аспаннан деп журген жагымпаздаргой.

  2. Қолқоюсыз 25 Ақпан, 2017 16:51 Жауап

    Қазақтың тілін құртып жүрген сол өз қазақтарын, Мысалы айналаға зер салып көріңіздерші Кейбір Басшылар қазақша сөйлеуге намыстанып жүр, Орынбасарларын немесе өзінің қарамағына басқа ұлтарды жұмысқа алады, себебі оның орнын бір қазақ басып алады деп қорқады, және Мысалы барлық жерде деп айтуға болады IT- технология мамандары көбінесе орыс ұлттардан құралған олар білгіш басшылар соларды жұмысқа алады, Сонда Қазақ жастарын КІМ үйретеді-Үлкен,жақсы маман болуға, Егер солой істей беретін болсақ біздің яғни Қазақ жастарынан Елге еге болатын Қазақтар болмайды, немесе кем болады ондада орысшаланып кеткен қазақтар.(обрусевший дейді ғой)Қазір мысалы ЖОО студентері барлық жерде практика өтуге керек оларды кім жұмысқа шақырып жұмыс үйретіп жатыр, бәрі әншейін безіп жүр, оларды қадағалайтын Білім министрдің сиқы анау журналистерден қашып жүр. Сонда Қазақ жастары не істеу керек.

  3. Фариза 25 Ақпан, 2017 16:57 Жауап

    Қазақ тілі күн өткен сайын кемелденіп келеді. Қазір бұрынғыдай емес қазақтардың үлес салмағы басым. Іс-қағаздар қазақ тіліне көшіп те жатыр. Көш жүре түзеледі дейді. Әлі -ақ 100 пайыз қазақ тілді мемлекет боламыз.

    • Қолқоюсыз 25 Ақпан, 2017 18:14 Жауап

      Фариза ол қай жерде, көргеніңді айтып жатырсың ба? немесе естігеніңді айтып жатырсың ба? Әлі-ақ деп айтып жүретін жай басар қазақ болмайық ағайын.біреулер қазақтарды сөйтіп жүргенде шешіндіріп кетер. Сақ болу керек, әлден.

  4. Досхан 25 Ақпан, 2017 16:58 Жауап

    Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Ресми тіл болса да қазақ тілі ешуақытта кенде қалған емес.Әркім қазақ тілінің абыройын арттыруды өзінен бастауы керек.

  5. Салем 25 Ақпан, 2017 17:56 Жауап

    Өйтіп өмірден түңілмегін, бәрі де мүмкін. Ана тіліңде сөйлей бер, өзгені де сөйлете біл.

  6. Зейнкткер 26 Ақпан, 2017 07:08 Жауап

    Қай жерде болсын басшының қазақ екені рас. Бірақ сол басшы азаматтар өздерінің жан тынышты ғы үшін ұжымыңда ғы 4-5 орыстың ығын жығылып, қазақтарды өзі жерге тығып бойын өсірмейдіқазақ басшылары папаны да тек қазақтан алады. Өзге ұлттың өкілінің бетіне қарауға да қорқады. Олардан ештеңе талап ете алмайды да. Сондықтан өзге ұлт өкілдерін басшысының қазақ болғаны өте жайлы. Сағадиевмырза да сондай басшының бірі екеніне көзіміз жетті. Əйтпесе мұғалімдердің білімінің төмендігінебаса көңіл бөлер еді деп есептеймін. Директор етіп қазақтарды тағайындалғанда пара алу ешуакытта тыйылмайдыпараны олар тек қазақтардан алады. Орыстардан пара алуға қорқады сол басшы сым ақ қазақтар

Пікір немесе жауап жазу

он жеті − 14 =