Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов белгісіз балуаннан ұтылып қалды

[caption id="attachment_65358" align="aligncenter" width="705"]Елдос Сметов Елдос Сметовтің Рио Олимпиадасында Беслан Мудрановқа жеңілген сәті[/caption]

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Дюссельдорфтағы Гран-при кезеңінің алғашқы айналымында-ақ ұтылып қалды деп хабарлайды NUR.KZ.

2015 жылғы әлем чемпионы, Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері саналатын Елдос Германиядағы турнирді екінші кезеңнен бастады. Оның қарсыласы бразилиялық Фелипе Пелим болатын. Бразилиялық балуан аса танымал болмаса да, қазақ  спортшысынан айласын асырды.

"Юко" ұпайын алған бразилиялық жеңіске жеткендегі қуанышын жасыра алған жоқ.

Осылайша, Рио додасынан кейін татамиге шықпаған Елдос жаңа маусымды сәтсіз бастады.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов Азия және Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.