Биатлоншы Вишневская Азия ойындарында екінші алтынын жеңіп алды

[caption id="attachment_65339" align="aligncenter" width="668"]Галина Вишневская Галина Вишневская[/caption]

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Вишневская Қазақстан қоржынына 7,5 шақырымға спринтерлік жарыста алтын медаль алған еді. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлде алған болатын.