Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі бойынша жаңа фигуранттардың аты-жөні жарияланды

Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, режиссе Талгад Жәнібеков, "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина және "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры Гауһар Ысқақовалармен қатар, қаражат жымқыру және қылмысқа сыбайлас болу күдігіне мына бес адам ілініп отыр:

  • Гизат Сұлтанов - сценарист. Ол Жәнібековпен бірге "Феникс" фильмінің сценариін жазған. Ол кинокартинаның редакторы болып тағайындалған.
  • Илья Коробейников - іс материалдары бойынша жеке кәсіпкер.
  • Бижан Әбішев - "Феникс" фильмінің екінші режиссері болған.
  • Марлен Әбішев -  Тергеудің мәліметінше, ол  "Феникс" фильмінің дайындығында түсірілім тобының директоры болған.
  • Данияр Әбдіқадыров - Соталды тергеу кезінде оның Жаманқұловпен жұмыс істеген ЖШС өкілі болған.

Осылайша, Тұңғышбай Жаманқұлов, Наталья Юдина, Талгад Жәнібеков, Гизат Сұлтанов, Гауһар Ысқақова ҚР Қылмыстық кодексінің "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде қылмыстық топ болып иемденiп алу немесе талан-таражға салу" бабы бойынша күдікті болып отыр.

Илья Коробейников, Марлен Әбішев, Бижан Әбишев, Данияр Әбдықадыров ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы, 189-бабының 5-бөлігі және 4-бөлігі бойынша айыпталып отыр.

Қалалық сот мәліметінше, іс сотқа 20 ақпанда түскен. Алдын ала тыңдалымдар 27 ақпанда басталады.

Еске сала кетейік, 2016 жылдың 2 қарашасында қазақстандық актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталған болатын. Тергеудің мәліметінше, "Қазақфильм" АҚ-ның "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ға фильмнің өндірісіне 79 миллион теңге бөлгені анықталған. "Оның 69 миллион теңгесін картина продюсері Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған. Ол - "Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS" ЖШС-ның құрылтайшысы", - делінген еді хабарламада.