Көмекшісінің жаңылып кеткенін айтқан министр халықтан кешірім сұрады

[caption id="attachment_65240" align="aligncenter" width="640"]Жеңіс Қасымбек Жеңіс Қасымбек[/caption]

Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек БЖЗҚ қоғамдық кеңесінің басшысы Досым Сәтпаевқа хабарласып, вице-министр Альберт Раудың зейнетақы қорынан бөлінетін 50 миллиард теңге туралы жаңылысып айтқан мәлімдемесі үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Инвестиция және даму министрлігі ресми түрде хабарлағандай, Альберт Раудың баяндамасында айтылған "Қазақстан темір жолы" вагондарының өнідірісіне БЖЗҚ-нан 50 миллиард теңге бөлу туралы ақпарат жобаны қаражаттандырудың бір жолы ретінде ғана ұсынылған.

Бұл саланы қаржыландыруға БЖЗҚ-дан басқа да көздерді жұмылдыру қарастырылуда.

Досым Сатпаевтың айтуынша, Ұлттық банкте де БЖЗҚ-дан 50 миллиард теңге бөлу туралы ақпаратқа қатысты өз ойын білдірген: "Зейнетақымен қамсыздандыру" туралы заңға сәйкес, БЖЗҚ зейнетақы активтері Ұлттық қордың басқару Кеңесі мақұлдаған бағыттар бойынша инвестицияланады.

"Мәселенің анық-қанығына жету үшін келесі аптада Ұлттық банк өкілдерімен кездесуге ұйғардық. Сонда олар зейнетақы активтерінің қалай басқарылатыны туралы ақпарат береді", — деді Сәтпаев.

Еске сала кетейік, Инвестициялар және даму министрлігінің алқа отырысында вице-министр Альберт Рау 2017 жылы Біріңғай зейнетақы қорынан теміржол машина жасау саласына 50 миллиард теңге ақша бөлінеді деп мәлімдеген болатын.