Амандық Баталов жер сұрап келген қытайлық миллиардерді қайтарып жіберген

2183
8
Бөлісу:
Амандық Баталов

Амандық Баталов

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Конституцияның 26-бабына ұсынылған өзгерістерге қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде шекарадағы жерлерді шетелдіктерге беруге жол беруге болмайтынын мәлімдеді.

«Қызметке тағайындалғанымда бөлмеме Қытайдың инвестор-миллиардері кірді. Ол шекара аймақтарындағы жерлерде егін шаруалығығымен айналысқысы келді. Жартылай шөлге айналған жер учаскесіне ол өз қаражатынан коммуникация тартып, шөлде «оазис» жасағысы келді. Бірақ осындай стратегиялық аймақты жерді беруге бола ма? Бірде-бір сантиметр жерді шетелдіктерге бермейміз. Жер мәселесі ұдайы бақылауда», – деді Амандық Баталов.

Әкімнің айтуынша, бүгінде облыста ауыл шаруашылығы мақсаттарындағы сегіз миллион гектардан аса жер бар.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 8 пікір жазылған

  1. alau 22 Ақпан, 2017 17:13 Жауап

    Жалпы қытайдан барлық ел сақтануда.Жер беруге болмайды.Көптеп жұмысшы алуға болмайды.

  2. әлима 22 Ақпан, 2017 17:37 Жауап

    онда неге өзмізге үлтарақтай жер бермейді ????үй салуға жер сұрадық кезеке қойды,қашан келері белгісіз ???жайлымдық,егстік жер сұрадық үкімет жер беруды тоқтаты деген табақтай қағазбен жолға салды

  3. Оралбек 22 Ақпан, 2017 20:20 Жауап

    Бізге ауылдарға завод,фабрика салуға ат салысу керек, үй салу керек сонда ауыл көркейеді, сонда ауылдан келген жастар өз ауылдарында жұмыс істер еді.Қазағымыз өспейме, өнбейме əлде осы 16 млионмен тұра береді дейме.Ұлтарақтай жер ешқандай шетелдіктерге берілмесін.Ауыл мен қаланың ортасына жолды жақсылап салу керек.Мал басын көбейту керек. Қаншама жеріміз, жайлауымыз иен жатыр.

  4. Кемек 23 Ақпан, 2017 09:16 Жауап

    Алла разы болсын. Аманатқа қиянат жасамаған екен. Жер ата бабамыздың келер ұрпаққа қалдырған аманаты.Ақ білектің күшімен,көк найзаның ұшымен қорғап ,бізге аманаттап кеткен жер. Аманатқа қиянат жасамайық ағайын.

  5. Қолқоюсыз 23 Ақпан, 2017 14:46 Жауап

    Осындай Әкімді көрдіңдерме ? Жерім деген, Елім деген, сағат азанғы 6-дан жер иіскемей жүретін.

  6. Қолқоюсыз 11 Ақпан, 2018 15:14 Жауап

    осындай ел ағалармыз көп болса, тәуелсіздігіміз маңгілік болады, рахмет, елім деген нағыз ер!!!!

Пікір немесе жауап жазу

4 + он төрт =