Данияр Елеусінов отбасын ертіп АҚШ-қа көшетінін айтты

[caption id="attachment_65143" align="aligncenter" width="545"]Данияр Елеусінов Данияр Елеусінов[/caption]

Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой рингтегі алғашқы жепке-жегіне дайындығы өтетін АҚШ-тағы жаттығу жиындарының мән-жайын айтып берді деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әзірге нақты ештеңе белгісіз. Наурыз басында немесе ақпанның соңында шығар. Ағам Дәурен Елеусінов және әкеме жаттығатыным ғана нақты белгілі", - дейді Елеусінов.

- Сізді Дерек Сантос жаттықтыратын болады. Ол туралы не ойлайсыз?

- Олимпиада алдында мені жаттықтырған. Оның қалай жаттықтыратынын және жігіттерге қарым-қатынасы қандай екенін көрдім. Өте жақсы бапкер, тамаша адам. Онымен жұмыс істеу ыңғайлы.

- Сапарға аттанып бара жатқаныңызды жақындарыңыз қалай қабылдады?

- Мен туыстарымның бәрін өзіммен алып кетемін. Қасымда болады.

- Сіз АҚШ-та тұруды ойлап отырсыз ба?

- Мен ол жерде жаттығамын. Әрине, жекпе-жектерден кейін Қазақстанға келіп тұрамын. Бірақ көбіне сол жақта боламын.

Айта кетейік, 25 жастағы Елеусінов 2016 жылдың тамызында Рио-де-Жанейродағы Олимпиаданың чемпионы (69 келі салмақта) болды. Оның әкесі Марат Елеусінов кәсіпқой бокста да жаттықтырушысы болады.

Даниярдың жаттығу лагері Флоридада. Оны америкалық мамандар да жаттықтыратын болады.

Кәсіпқой бокста Елеусінов жартылай орта салмақта (66 келі) жұдырықтасатын болады. Алғашқы жекпе-жегін Елеусінов осы жылдың мамырында Қытай елінде өткізеді.