БІЗДІҢ АНА ТІЛІМІЗ ЖОҚ СИЯҚТЫ...

  Күншығыс елінен келген ғалымдар қазақ тілінде амандасып алды да, өз тілдерінде баяндамаларын оқи жөнелді. Біздің ғалымдар ана тілдерін ысырып қойып, орыс тілінде сұрақ қойып, сол тілде түсінісіп жатты... Біздің ана тіліміз жоқ сияқты, өкінішті... "Шіркін-ай, мен де Күншығыс еліне барсам, ана тілімде баяндама жасасам, олар мені тыңдап отырса..."-, дедім жанымдағы әріптесіме. Сұрақ қойғым келмесе де бірді-екілі сұрақ қойып тастадым. Ондағы ойым, қонақтарға ана тілімнің бар екенін көрсеткім келді! "Қонақ аз отырып, көп сынайды"-, дейді ғой, не ойлағандарын кім білсін?! Баяғы жартас — бір жартас...
  Жаныл Асылбекова
 Фейсбук парақшасы