Қазақтың «қар шаңғысы» Ұлттық музейге сыйға тартылды

705
0
Бөлісу:

Ұлттық музейдің сақтау қорына ұлтымыздың спорт тарихынан сыр шертетін тамаша  дүние тапсырылды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы осыдан төрт жылға жуық уақыт бұрын өзіне аманатталған қазақтың қар шаңғысын Ұлттық музейге тапсырды.

Бұл туралы elana.kz хабарлады.

– Бұл шаңғыны Алтайдығы қандас бауырымыз  Мұрат Ақатай 2013 жылдың жаз айларында Астанаға әкеліп, өзіңе тапсырмақ болғанын білесің. Дегенмен, енді ғана жұмысын бастап, әлі ашылуы да өтпеген Ұлттық музейдің сақтау қорына бұл жәдігерді кейін тапсыруды ұйғарған едік. Соның реті міне бүгінге, қасиетті Жұмаға дөп келгеніне қуанып отырмыз, – дейді С.Мешітбайқызы.

Өз кезегінде Дархан Мыңбай байырғы шаңғының Ұлттық музейге табысталғанына ризашылығын білдірді.

– Бұл тарихи жәдігердің музейімізден орын алғанына шын қуанып отырмын. Өздеріңізге белгілі «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы бірнеше жылдан бері жүзеге асып келеді. Ұлттық мерекеміз Наурыз жақындаған шақта бұл бір тамаша тарту болды, – дейді Д.Мыңбай.

Ермұрат Назарұлы

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

он төрт − 5 =