Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады

[caption id="attachment_64846" align="aligncenter" width="450"]Геннадий Головкин, Бокс, Спорт, Астана, Экспо 2017 Геннадий Головкин[/caption]

Осыған дейін 10 маусымда Головкин мен Сондерс Астана кездеседі деген ақпарат тараған еді. ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы EXPO-2017 көрмесіне арналған бокс кеші өтетінін растады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әрине, спорт шаралары EXPO аясындағы жетекші орында - бұл бес әлем чемпионатын, екі Азия чемпионатын, Президент кубогі - теннистен халықаралық турнирін, "Жібек жолы - 2017" халықаралық раллиін өткіземіз, ол Мәскеуде басталып, кейін Астан, Бейжіңге барады. Дүниежүзілік бокс кеңесінің халықаралық мерейтойлық 55-ші конвенциясы мен бокс кешін өткіземіз", - деді Мұхамедиұлы.

Еске салайық, осыған дейін 10 маусымда EXPO-2017 аясында WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен WBO  бойынша белбеу иегері, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) кездеседі деген ақпарат тараған еді. EXPO баспасөз қызметіндегілер келіссөздердің жүргізіліп жатқанын мәлімдеген.