Отандық журналист сәләфиттерге нақты кімдердің жататынын тізіп айтып берді

Сәләфиттер, уахабизм, дін, ислам, жат ағым, теріс ағымдар

Егер "сахабалар əйелдерін сыйға тартқан" деген сөзді біреудің аузынан естісеңіз, ол "халял никях" деп қыздарды алдайтын жиһадист. Егер: "Хиджап кимеген, намаз оқымаған діннен шығады" деп айтатын болса, ол вахабист! Өйткені намаз оқымайтындар тек қана күнəһар саналады! Оларды кəпір деуге ешкімнің хақысы жоқ!

Ең бірінші парыз кəлима: "Лə илəһə илла АЛЛАҺ, Мухаммадур РасулАЛЛАҺ" деп айтқанның бəрі мұсылман!

Егер сіз өмірден алынған қазақы мақалдарды айтқанда, біреу сізге "ол мақал ғой, қазақ айта береді" дей берсе, ол вахабис-салафит! Егер біреу барлық дəстүрді жоққа шығарса, ол да бір вахабист-салафит, Құранның аяттарының тəпсірін білмейтін! Өйткені Құранда жазылған əр ел шариғатға қайшы келмейтін əдет-ғұрыптарын дінмен сабақтастырып өмір сүруі керек деген! Ал, халифат ешқашан құрылмайды! Ол да Құранда жазылған!

Ал, кімде-кім ЖАББАР Иеміз "аспанда, көкте, жерде, оның көзі бар, қолы бар, отырады, тұрады" деп Жаратқанның сипаты мен мекеніне таласатын болса, олар не тəңіршілдер, не вахабистер, сосын өздерін салафитпіз деп жүргендер! Құдай "Ықылас" сүресінде керемет сипатталған! Ол сондай тумаған да, ешнəрсеге мұқтаж емес, барлық нəрсе Оған мұқтаж, Оның баласы жоқ, Ол Жалғыз!

Дəстүрлі дінімізді насихаттаушы имамдарды "бидғатшы" деп жүргендерде жат ағымдағылар! Олардан сақ болыңыздар! "Аш бəледен, қаш бəле" деген ғой!

Мөлдір Нұрман,

Дереккөз: Қамшы