Астанада шетел елшілерімен кездесу өтті (ФОТО)

Фото Мөлдір Төлепбайқызы.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның Шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толуына орай «Кітап – халықтар достығының ұйтқысы» атты акциясы өтті.

Бұл туралы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз хатшысы Мөлдір Төлепбайқызы өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Акцияның мақсаты - Мәдениеттер жақындасуының Халықаралық онжылдығы аясында мәдени, рухани мұраларды, кітаптарды дәріптеу.

Аталмыш іс-шарада ҚР Ұлттық академиялық кітапханасына Қазақстан Республикасындағы шет ел Елшілері тарапынан кітаптар сыйға тарту етілді. Акция барысында шетел Елшіліктері мен шетел Халықарылық Ұйымдарының ынтымақтастықтағы жетістіктері сөз етілді.

Фото Айнаш Жуматаевой.

Аталмыш іс-шараға Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль, Венгрия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Андраш Барани, Ресей Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бочарников Михаил Николаевич, Пәкістан Ислам Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Абдул Салих Хан, Македония Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Илия Псалтиров, Финляндияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен, Малайзия Төтенше және Өкілетті Елшісі Дато Хидаят Абдул-Хамит, Индонезия істері жөнінде Уақытша Сенімді өкілі үшінші хатшы Юди Аламин, Иран Ислам Республикасының Елші кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин, Италия елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Маттео Петрини, Қырғызстан Республикасы Елшілігінің бірінші хатшысы Чолпан Абдисаматова, Австрия Елшілігінің консулы, екінші хатшысы Шпанланг Зиглинде, Жапония Елшілігінің үшінші хатшысы Таканаси Сатуро, Қытай Халық Республикасының Елшілігінің дипломатиялық қызметкері Ян СяоЦинь ханым және Немістер қоғамының «Видергебурт», «Шпетте блюмен» ансабльдері қатысты.

Мәдениеттің ошағы іспеттес рухани әлемнің қайнар көзі саналатын кітапхана холында естен кетпес кездесу болды. Әрбір елдің елшіліктері, өз мемлекеттірінің мәдениеті мен руханияты турасындағы кітаптарын тарту етті. Осы іс-шараның өтуіне мұрындық болған ҚР ҰАК директоры Үмітхан Дәуренбекқызы келген әрбір елшіге алғысын білдіріп, мерекелерімен құттықтады. Елшіліктер арқылы жоғарыда аталған мемлекеттерде Қазақстанның мәдениеті мен руханият әлемінен үзінді етіп, кітапханалардан орын алған Қазақстан орталығы үшін алғыс білдірді. Сөз барысында Жапония мемлекетінің кітап орталығын ашқымыз келетінін тілге тиек етті. Ү.Дәуренбекқызы: "Көп ұлтты мемлекетпіз, әрбір дамушы мемлекеттердің кітаптары біздің кітапхнамыздан орын алса, нұр үстіне нұр болмақ. Кітап – мәдениет көпірі, осы көпірдің мәңгілік боларына нық сеніммен қараймыз", - деп, келген Елшілерге сөз берілді.

Германия Федеративтік Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэль мырза:

- Маған бұл іс-шара ұнап тұр, мұндағы атмосфераның өзі қуаныш сыйлайды, Ежелден Гетені қазақша сөйлеткен Ұлы Абайдың өзі айнымас көпір салып кеткен, сондықтан да осы көпірдің жалғасы ретінде өз Отаным туралы кітапты тарту етемін. Оның үстіне 11-ақпан Германия Елшілігі Конгресс Холлда концерт бергелі жатыр, келіңіздер, - деп барша дүйім жұртты шақырды.

Македония Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Илия Псалтиров мырза да сөз барысында өткен жылдың қыркүйек айында Будапештегі Ұлы Абайға қойылған ескерткішті көргенін, тіпті мәдениеті мен тарихына дейін әспеттеп жеткізгенін, Венгрия ертегілерінің қазақ тіліне аударылғанын көргенін, ол деген тамаша дүние екенін, өйткені басты элементтері қазақ тарихымен тығыз байланысты және батырлары өте ұқсас екендігін баса айтып өтті. «Алдағы уақыттарда сіздердің кітапханаларыңызға Венгрия бұрышын ашсақ деген жоспарымыз бар», - деп сөзін аяқтады.

Италия елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Маттео Петрини мырза да биылғы жылдың Қазақстан үшін есте қаларлық жыл екенін айтып өтті. 2015 жылы Миланда «ЕХРО-2015» көрмесінің өткенін және ең белсенділік танытқан мемлекеттердің бірі Қазақстан екеніне тоқталып, Италия мәдениеті турасындағы бірнеше кітаптарын кітапхана қорына тарту етті. Немістер қоғамының «Видергебурт», «Шпетте блюмен» ансабльдері ұлттық нақыштағы әуендерін тарту етті.

Қазақ Үні