Ерлан Қарин «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы боп тағайындалды

1125
2
Бөлісу:

Ерлан Қарин «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бүгін жаңа басшыны ұжымға таныстырды. Бұл туралы Сайгез ақпараттық порталы хабарлады.

16700384_284793871939345_7878282786053920141_o

“Бүгін «Қазақстан» РТР­К» АҚ ұжымына жаңа ба­сшы – Ерлан Қаринді таныстырдым. Ерлан Тынымбайұлы біл­ікті саясаттанушы, ид­еолог, еліміздің шына­йы патриоты ретінде к­өпшілікке жақсы таныс­ екеніне еш күмәнім ж­оқ.

Ендігі жерде оған елі­міздегі ең ірі медиа ­құрылымның жұмысын од­ан әрі дамыту тапсыры­лып отыр. Ерлан Тынымбайұлы бұғ­ан дейінгі іргелі шар­аларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны ­жаңа деңгейге көтеред­і деп сенемін” деп жазды министр фейсбук парақшасында.

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорация құрамына «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «KAZsport» телеарнасы, «Балапан» телеарнасы, «Мәдениет» телеарнасы, Қазақ радиосы, «Шалқар» радиосы, «Астана» радиосын және де аймақтық телерадиокомпаниялар кіреді. Ол Қазақстандағы және аймақтағы ең ірі Телерадиокорпорация болып табылады.

Ерлан Тынымбайұлы Қарин – мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым. 2014 жылдың 16 қазан күнінен бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарған.

qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 2 пікір жазылған

  1. Нұрлан 10 Ақпан, 2017 10:05 Жауап

    Қазақстан» РТР­К» өте жақсы канал, барлық қазақ көріп жатыр, тек үнді киноларын және басқада шет сериалдарын алып тастаса өте жақсы болатын еді.Мүмкін Теледидар ақша түсімін ойлап жатқан шығар, бірақ ол Қазақ жастарына ешқандай үлгі беріп жатқан жоқ, мысал Келін деген кино болып жатқанына әғ жыл болған шығар, не деген ұят нәрсе, қазақтар сонша не болды бір ақша үшін сол жаман Үндінің сериалын бүкіл Қазақ жұртына ұсынып. Теледидарларды қарап отырсаң бәрі орысша, тек осы бір Қазақстан ТВ қазашқа осыны ұстап тек қазақша тілде көрсетіп, Қазақтың сәлт дәстүрлерін, күй, өлеңдерін, айтыс, қазақ киноларын, Қазақтар түскен жарнамаларын тағы сол сияқты көрсететін Қазавқ Елінің үлгілі теледидарына айналу керек. Осы Үкімет қаржыландырып ұстап тұрмаса онда бәрі бекер болады.Ресейге жалтақтай беруге болмайды.

  2. Арман 10 Ақпан, 2017 11:15 Жауап

    Ерлан мырзаның келгеніне қуаныштымын. Ұлтжанды азамат қой. Телеарналарымыздың сапасы артады деп сенемін. «Балапанда» да, «Қазақстанда» да сапасыз, ешқандай тағылымдық мәні жоқ дүниелер жетіп артылады. Мәні жоқ сериалдар, шоулар, екі сөздің мағынасын жете түсінбейтін әртіссымақ жүргізушілер, т.б. «Әйел бақыты» сияқты түк мәні жоқ жарымжан шоулардың көзін құрту керек-ақ.

Пікір немесе жауап жазу

1 × бес =