Универсиада-2017: Хоккейден Қазақстан құрамасы ресейліктерге есе жіберді (ФОТО)

Алматыда өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасы 36 медальға қол жеткізді.

Еске салайық, жартылай финалда Қазақстан құрамасы чех елінің хоккейшілерінен айласын асырды. Қазақстан мен Чехия құрамалары топтық кезеңде де ойнаған болатын. Ол ойында отандастарымыз қарсыластарын 8:0 есебімен жеңген еді. Сергей Старыгиннің шәкірттері қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді. Ал Ресей спортшылары жартылай финалда канадалықтармен кездесіп, 4:1 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, Канада хоккейшілері Универсиаданың қола жүлдегері атанды. Олар үшінші орынға талас матчында Чехия хоккейшілерімен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті.