БАҚ: Орыс тіліне берілген мәртебе алынып тасталсын

Бөлісу:

АТА ЗАҢҒА ҰСЫНЫС: 7-БАПТЫҢ 2-ТАРМАҒЫ АЛЫНЫП ТАСТАЛСЫН!

Конституциядан «Орыс тіліне берілген мәртебе алынып тасталсын» деп ұсыныс жасады qamshy.kz сайты. Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы қазіргі Конституциямыздың 7-бабы, 2-тармағында «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады» деп жазылған.

Осыдан 3 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бүгінде біздің тіліміз ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды» деген еді. Тағы бір сөзінде Мемлекет басшысы «Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік Тіл болды. Бұл мәселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек және осыған өзіміз атсалысуымыз қажет», – деп үндеген еді қазақстандықтарға. Өкінішке орай, Тіл туралы заңда «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында Қазақ тілі мен қатар қолданылады» деп көрсетілген орыс тілі қолданыс аясы тарылғанына қарамастан әлі де қазақ тілімен тең дәрежеде қолданылып келеді деп жазады qamshy.kz сайты.

Аталған сайттың ұжымдық ұсынысы бұдан әрі мынаған саяды:

26 ақпанға дейінгі бүкілхалықтық талқылауға орай, Атазаңнан мынадай өзгеріс көргіміз келеді. Биліктің өзі ұсынып отырған бүкілхалықтық талқылауды пайдалана отырып, Атазаңымыздағы 7-інші баптың 2-інші «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады», – деп аталатын тармағын алып тастауды талап етеміз. Атап айтар болсақ, Тіл туралы заң қабылданған 1989 жылы халық са­нағы бойынша респуб­ли­ка­да қазақтар – 39,7%, орыстар – 37,8%, ук­раин­дар – 5,4%, белорустар – 1,1%, немістер – 5,8%, татарлар – 2,0%, өзбектер –2,7%, ұйғырлар – 1,1%, кә­рістер – 0,6%, әзір­бай­жандар –0,6%, басқа ұлт өкілдері –3,8% еді. Яғни, Қазақтар мен орыс диаспорасы өкілдерінің үлес салмағы қарайлас еді. Ол кезде екі тілдің бірдей заңдық мәртебе алуы қисынға келеді. 2009 жылғы халық санағында ресми түрде Қазақстандағы жалпы халық санында қазақтардың үлесі 63,9 пайызды құрады.

Егер, Қазақстан халқының 1999 жылы 53,4 пайызы қазақтар екенін есепке алар болсақ, арада он жылда 10% үлестік өсімді көруге болады. Ал, орыс диаспорасы 1989 жылғыдан айтарлықтай азайып, 1999 жылы 30,0%-ға төмендеген. 2005 жылдың басында Қазақстан халқының саны 15 миллионнан асып, ұлттық құрамы төмендегідей болды: қазақтар саны-8,725,206 адамға жетіп, үлесі 57,9 %-ға көтерілді. Сол санақ болған 2009 жылдан бері де он жылға жуықтап қалды. Шеттен келген оралмандар мен жергілікті демографияның өсімін және үлестік басымдылықты есепке алар болсақ, қазір Қазақстандағы халықтың 75%-і қазақтар деп еркін түрде топшылауға болады.

Сонымен қоса, қазақстандық орыс диаспорасы өкілдерінің 25,3 пайызы қазақ тілін түсінеді, 8,8 пайызы оқи алады, 6,3 пайызы жазады. Еліміздегі диаспоралардың өкілдері әлі де өздерінің, не ұрпақтарының тарихи отандарына қоныс аударғанын қалайды. Мәселен, «Сіз, өз балаларыңыздың болашағын қазақ елімен байланыстырасыз ба?» — деген сауалға, қазақтардың 96,9 пайызы, орыстардың 53,5 пайызы, басқа диаспора өкілдерінің 78,5 пайызы -«иә» деп жауап берген. Ертең елімізде қазақтар 75-80 пайызды құрап, бірақ орысша сөйлеп, іс қағаздарын орысша толтырсақ, ел ішінен ши шығып кетуі мүмкін.

Қазақстанда орыс тілінің үстемдік құрып тұруы БАҚ пен мемлекеттік құжаттамаға айтарлықтай кедергі жасап жатыр деуге болады. Бұл жалғыз біздің ғана емес, қоғамдағы ашық пікір. Зиялы қауым мен ғалымдар да көптен бері тіл мәселесін жиі күнтәртібіне шығарады. Кедергі келтіріп тұрған тек Конституциядағы 7 баптың екінші тармағы.  Ендеше, Мемлекеттің жалғыз құжаттық һәм қарым-қатынас тілі – Қазақ тілі болатын уақыт жетті.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 21 пікір жазылған

  1. Абай кз-дан алынды 8 Ақпан, 2017 09:45 Жауап

    33 Қазақтың баласы сн, 08/02/2017 – 9:13
    Әй, бейшара қазақтар, сендерге мемлекеттік мәртебесі бар ана тіліңде сөйлеуге кім кедергі келтіріп отыр? Өзге түгілі өздерің бір-біріңмен орыс тілінде сөйлейсіңдер. Өкіметтерің жаңадан ашылған мектептердің дерлік бәрін қазақ тіліне арнап отыр. Сендер тілден алдын ұлттық рухтарың мен ар-намыстарыңды туырлап алыңдар. Өзге емес, сендер қазақтар қазақ қыздарын орыс, негір, кавказдық жігіттердің арттарынан жүгіртіп, ұлттық намыстарыңды таптап тұрып кино түсіріп жүрсіңдер. Сол кинода қазақ қыфзы өзіне қарамаған орыс жігіттің шалбарына жармасып жүр, тағы қай жерде десеңіз, қаланың дәл ортасында, ал сендер оған жақ ашпадыңдар. Қазақ қызы қыздығынан қалай айрылады деп кино түсіріп өздеріңді масқаралап, ал қазақ жеткіншегі ешкіге ырғыса, жеңгесі үйіне келген қонақтың астына салып береді деп өздеріңді әлемге имансыз ретінде насихаттап жатсыңдар. «Шал» деген киноларыңда алжыған қақпасты герой жасап, оның аузымен немересін еркелеткенсіп «Шайтанбек» дегіздіңдер. Сендер өздеріңді ғана емес жандарыңдағы бір туған қырғыз, өзбек, түрікмен, қарақалпақ, татар, азербайджан, түрік секілді бауырларыңа теріс үлгі көрсетіп аздыратын болдыңдар ғой. Ал енді осындай теріс істеріңе қарамай намыс жайлы айтасыңдар. Алдымен сол намыстарың мен рухтарыңды түзеп алыңдар. Ауыздарыңмен айды аламыз деп ақымақ болмай, тыныш жатқан орыстарға сылтау тауып бермеңдер. Олар онсыз да бәле іздеп жүр. Украиын қайда, сендер қайдасыңдар. Сол екі туып бір қалған украинның қырымын тартып алып, донбас өңірін қанға айналдырған жоқ па? Енді украинарды бір-біріне айдап салып ит терісін басына қаптап отыр. Ал сен қазақ екі ғасыр отар болып құруға таянғанда құдайдың көмегімен аман қалдың, енді сабыр сақта, күш-қуатыңды жина, тарихи санаңды қалпына келтір, ұлттық рухыңды тікте, ар-намысыңды жастарыңа сіңіріп оят, тәуелсіздігіңнің қадірне жетіп бағалауды үйрен. Жоқ, сендерге айқай керек, желсөзге еріп шынында да жеріңмен еліңнен айрылуға шақырасыңдар, сендердің бәлелерің жандарыңдағы ұлттарға тиіп кесірлеріңе қалмасын. Ей, қазақтар қалай ақымақ боласыңдар, неге ойламайсыңдар мына алып та, бай жерді сендерге тегіннен -тегін бере салғысы келеме мына ресей, қытай және әлемдегі қаржылық топтар. Оларға ілік керек, неге түсінбейсіңдер оларға ілік керек оттың ұшқынын шығарып, елдеріңді отқа орау үшін, сөйткенде ғана жерлеріңді де, елдеріңді де өздеріне бағындырып, бөліп ала алады. Айқай сөзге емес, есті пікірге құлақ сал, қияли эмоцияға емес ғылми тұжырымға жүгін, ата тарихыңа , әлем тарихына назар салып тағлымын ал. Болмаса кешегі жоңғарға қырылғандай, орысқа отар болып жеріңнен айрылғандай, кеңестік отарда аштан, атом апатынан қынадай қырылып, нағыз жанашыр, арыстарыңды өзгенің көрсетуімен өздерің жала жауып қырып-қуғызған күндерің бастарың қайтып келуі әп-сәтте. Сол қасіреттің қайта келуінен сақтану үшін мың ойланып, жүз толған, «арқаңнан қағып ер дегенге, жанып тұрған отқа өзіңді тастап», еліңе апаттың есігін ашпа. Мына әлеуметтік желі қазар күннің ең үлкен аздырушы насихат құралы. Жастарыңды алдап, азғырып шет елге соғысқа тартуда, жерлеріңде жарылыс жасатып жамандық шақыруда, өзгелеріңнің намыстарыңа тиіп уақыты келмеген, әлі пісуі қажет істерге итермелеп провакацияға шақыруда, өзге ге айдап салып бәле іздеге сылтау қалыптастыруда. Асығыс шайтанның ісі, әрір ісімізді тигізетін пайда-зиянына қарай өлшеп істемесек, онда апатты өз қолымызбен жасаған боламыз. Қазіргі кезеңнің заңдылығымен санасуымыз керек. 10, 19, 28 сізді ақылға шақырса, 31-ші бос эмойияның құлы, не болмаса ұлтшыл кейпін жамылған провакатор қызыл сөзді қалқа етіп «мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығына хауып төндіретін күштерді бесігінде тұншықтыратын» леген шындыққа сыйымсыз жел сөзбен елді қыздырып алдағысы келеді. Ондайда саналы адам «әй, айналайын, алдымен көтіңе қара» деп ақылға шақыру, білімсіздігін бетіне басу керек. Өзім болып айтқанды түсінбеген соң, өзге болып айтуға тура келді.

  2. Абай кз-дағы ойға шақыратын комметтер 8 Ақпан, 2017 09:55 Жауап

    #6 өмірханға дн, 06/02/2017 – 22:24
    40% қазақ қазақ тілін білмей жүрсе оларды Сібірге айдап жібересің бе? Баяғыда бір байдың есерсоқ ұлы айтқан екен – әкемнің өлгені жақсы болды ғой, көпшігі өзіме тиді деп.Емін еркін өзім қалам деп ойлайсың ба? Қазақстандағы барлық халық қазақ тілін білгенше әлі ондаған жылдар керек. Отызыншы жылдардағыдай халықты бірден қазақша сөйлетем деген науқан жасағың келсе қала халқын ауылға айдап апарып, кеңес өкіметі жасаған отырықшыландыру науқаны сияқты күштеп қайта ауылдандыру науқанын жүргіз. Жаңа ұлтшылдардан шолақ белсенділер табыла кетеді. Ол жағынан қазақтың тәжірибесі мол.Екі миллион қырылған қазақтың жаны солардың мойнында.Сонан тірі қалғандар бірден қазақша сөйлеп кетеді. Ал шыдамың жетсе күт, қазақ тілі ешқандай заңсыз ақ қалпына келеді. Тек уақыт пен шыдам керек. Бұл мақаладағы ұсыныс – әдейі арандату, қазіргі экономикалық қиындықтардан, қымбатшылықтан, кризистен халықтың назарын әдейі басқа жаққа аудару. Жатсын солай қазақтар өзара қырқысып деген амал.

    «#10 Тіл дн, 06/02/2017 – 23:33
    Менше бұған асығыудың қажеті жоқ, жылдар өте өзі ақ қалады. одында Қазақ әліпбиін реттеуді ұсыну керек . бұл біздің мәңгілік дүниеміз !!! сол үшін қазақ тілінде қолданысы аз һәм тек орыс тілінің ережесімен жүретін әріп, дыбыстарды Қазақ графикасынан шығарып тастауды қолға алу керек. Менше алдымен » Ё » ны жоғалтсақ. қалғанын қоғамдық талқыға салу керек !»

    #19 Әрбір қазақ менің жалғызым сс, 07/02/2017 – 12:39
    10-шы пікірге қосыламын. Бұл айқай-шумен көтерілетін мәселе емес. «Қамшы кз» үкіметтің, дәлірек айтқанда Ақпарат және коммуникациялар министрілігінің қаржысы, қолдауымен күшейіп келе жатқан сайт екенін ескерсек, бұл бір жағынан билік үшін қүресіп жатқан күштердің халықты провакацияға итермелеуі болып шығады. Ал бәздің шарасыз халық ғылми сараптаманың емес, керісінше жалаң қызыд ұранның құрбаны, атойласа ере береді. Дәл қазіргі күннің өз талабы болып тұр, сайлау мәселесі, 26-бап мәселесі дегендей, жоқ Қамшы кз-ға істің аталасын шығар деп заказ келген секілді. Арандама ағайын, тілдің статусын міндетті түрде өзгерту керек, бірақ бүгін емес, алдымызда. Ал дәл қазір украйндар секілді арандауға ұшырап жеріңнен де, елдігіңнен де айрылып қалу бір ықтималдығы өте үлкен. Ешкімге бағынбау үшін өзімізге сақ болайық, ұлттың ішкі бірлігін, тұтастығын күшейтейік, ал соған жеткенше күшті көршілерге өзімізге қарсы сылтауды қолдан жасап бермейік. Дәл қазіргі жағдайымыз мынау: қазақ қазақты жек көріп, жер аудартып жіберуге дайын, рулық, жерлік бөлініс ушығып тұр. Мына жақтан «шымкент-техас» деп келеке етсе, ар жақтан «адай» деп шеттетіп бір қазақты бөліп бір-біріне айдап салуда. Дініңді бөлшектеп салаф, сопы, түріктің құлы арабтың жүгіртшегі деп бөліп, дінді ұстанып жүрген қарапайым қазақты сілікпелеп есін шығарып жауға айналдырдық. Енді дүбара жастарды азғырып шетелге асырдық, өзгелердің соғысында қырыл деп, елге оралған оралманды келімсек етіп көрсетіп отырмыз. Осының барлын істеп жатқан біреу емес қазақтың өзі. Мүмкін сырттан нұсқау берушілер бір емес көп шығар, бірақ ұлтқа қарсы сол саясатты жүзеге асырушы өзіміз. Ағайын жалаң сөзге алданба, әрбір істің өз уақты, реті бар.»

    #34 Назарбек сн, 08/02/2017 – 9:27
    #33 «Қазақтың баласы» өте жақсы, шындықты әсерлі де қисынды айтыпсың. Анығында, 26-шы бапты өзгерту үшін жасалған шара бұл, әрі ұлтты отқа итеру үшін жасалған анық провакация секілді.

  3. Гулим 8 Ақпан, 2017 12:10 Жауап

    Мүмкін қамшы сайты дұрыс қозғап отырған болар, бірақ не дегенмен, біздің елде өзге ұлттар барын ұмытпаған жөн болар. Не дегенмен қазіргі таңда шүкір қазақ тілінің мәртебесі әлде қайда жоғары. Жұмысқа қазақ тілін толық меңгермегендер қиындықтар көріп жатқаныда өтірік емес.

    • Ассар 8 Ақпан, 2017 15:21 Жауап

      Өзге ұлттар болса неғыпты ? Түркия да 10 млн күрд бар бірақ мемлекеттік тілмен қатар тең қолданыста күрд тілі жүрмейді. Өзге ұлт қай ұлтта жоқ, барлық елді өзге халық бар. Бірақ мемлекеттің тіл сол елдің тұрғылықты халықтың тілі болып есептеледі. Германияда 2-млн орыс 8 млн түрік бар. Басқа халықтарды айтпай-ақ қойайын. Бірақ мемлекеттің тіл тек неміс тілі. Иран да 35 млн азербайжан бар бірақ мемлекеттің тіл тек парсы тілі. Азербайжан тілі азербайжан елінде ғана. Азербайжанда да түріктер, күржтер орыстар армияндар бар бірақ мемлекеттің тіл тек азер тілі. Ол жақта орысша білетін адам табу қиынға соғып бара жатыр қазір. Өзбекстанда дакөп ұлтты халық, орыс тәжік қазақ толып жатыр. Бірақ Өзбек тілін білмесең аула сыпыруға да жарамайсың. Сондықтан өзге ұлттыда ойлайық деп сандырақтамаңдар. Өзге ұлттарды біз емес олар бізді ойласын.

  4. Согдиана 8 Ақпан, 2017 14:55 Жауап

    Бәрі де орынды айтылған, ұсыныс жаман емес, келісем. Алайда, шет елдерде осындай мәселе бар. Бұл қалыпты деп ойлайм. Өйткені адамды қыстап тіл үйрете алмайсын, ал қазір көп жерге орыс тілі қажет, бұны ұмытпауымыз керек

  5. Ассар 8 Ақпан, 2017 15:12 Жауап

    Өзі шешіледі деп жүрген де қанша қазақ тілді қазақ жапа шегу керек ? Қытайдан, Маңғолиядан келген қазақтар интернетті қолдана алмай отыр, ақпараттың бәрін орысша жазған. Алып сауда орындардың бутиктері қазақша жауап бермейді де. Интернет дүкендерге қоңырау шалсаң қазақша білмейді , клиенке орысша сөйлеңіз деп талап қояды. Бірінші бір-біріңмен қазақша сөйлесіңдер деген далбаса сөз. Бірінші интернеттегі ақпараттарды тек қазақ тілінде жазу керек. Сауда орындар орысша сұраққа қазақша жауап берсе қазақ білмейтіндер қазақша үйренбесе күні қараң екенін түсінеді. Қызметке қазақша білмейтін қазақты немесе өзге ұлтты ала береді ал орысша білмесе алмайды. Бұныда керісінше жасау керек. Мем қызметке бару үшін ана тілін білмей өсу жоқ екенін білу керек. Құжаттар тек қазақша жазылса бұл елде кім надан, орыс тілділер надан болып шығады. Сауатсыздар да солар болады. Сонда көшелерде орысша құжаттарды қазақшаға аударып беріп қазақтар ақша табады. Қашанғы ақшамен аударады, соңында өздері үйренеді. ал бізде барлық жағыдайды орыс тілділерге жасап беріп отыр. Сосын олар қазақша үйренеді екен деп ойламаңыздар, барлық жағыдайды оларға жасап отырғанымызда. Ешқашан бір-біріңмен қазақша сөйлесіңдер деп шал сиақты қуа бермеңдер. Кезінде де ешкім орыс тілді үйрен деп ешім қинаған жоқ. Саясатты орыс тілге бұрып қойды. Қалаға келсең орысшаны өзіңнен өзің сайрап кетсесің айналаң орысша іс қағаздар орысша боғласын. Сол сиақты құжаттар ақпараттар, сауда орындар да жарнамалар қазақша болса сары орыстар 3 айда қазақ болып шығады. Ешкім қинамай жасалатын нәрсе тіл деген. АҚШ ағылшынша сөйлеңдер жатқан жоқ ешкімді. Бірақ ғылымын дамытып барлық техниканы ағылшынша сайратып қойып еді дүние жүзі ағылшын тілін үйреніп жарысып жатыр.

  6. Ұлпан 8 Ақпан, 2017 17:33 Жауап

    Орыс тілі де, ағылшын тілі де керек, көп мүмкіндіктерге жол ашады емес пе! Дей отырып, ана тілімізді ардақтайық!

  7. Мереке 8 Ақпан, 2017 17:34 Жауап

    Елбасы осы жолғы жолдауында айрықша атап өтті емес пе, қазақ тілінің мәртебесі қашан да айрықша болғанын, бұдан әрі одан да арта түспек!

  8. Ерлік 8 Ақпан, 2017 17:34 Жауап

    Қазір басты орында Қазақ тілі, өз тілімізді құрметтей отырып, өзге тілді білгеннің айыбы жоқ деп ойлаймын.

  9. айеке 8 Ақпан, 2017 17:55 Жауап

    қолдаймын супер —анау жоғарыдағы Абайдан алынған раздолбайдың соөзін тыңдамаңдар———

  10. Нурик 8 Ақпан, 2017 21:00 Жауап

    Ау агайындар бауырлар неге кинани баска биреуден издеймиз кина озимизде когамдык орындарга барсан баласына орысша сойлеген казак айелдери немересине орысша сойлеген казак ажелер 1ши озимиздин семиямыздан бастауымыз керек казакша сойлеп

  11. Иманжүсіп 8 Ақпан, 2017 22:56 Жауап

    Көбіңіздің айтқандарыңызда шындық бар, бірақ еліміздің қазіргі мүмкіндігімен, геосаяси жағдайымен, – ғасырлық отарлық тарихымен санасуымыз қажет шығар. Барлық нәрсе біздің қалауымызға ғана байланысты емес қой. Сондықтан тарихтың даналығына жүгініп бүгінгі күніміз үшін қажеттірек мәселелерді шешуге көңіл бөлейік. Әрбір іс, шынында да өз уақтымен. деген дана халқымыз.

  12. Азамт 8 Ақпан, 2017 22:57 Жауап

    Жақында бір інім автосалонға (Ниссанцентр Алматыда) жұмысқа тұрмаққа барған, мен бірге барып қайтқам, әңгімелесуге (собеседование). Сыртында 1-2 мәтін ғана қазақша жазылған, қалғаны орысша. Ішінде түгел орысша. Кірген адаммен амандасу ғана қазақша, ары қарай орысша сөйлемесең түсінбейді, қазақтың қыздары да бар. Әңгімелесуде орысша болды дейді, қазағымның қыздары бір сөз түсінбейді, інім орысша сөйлей алмайды, мен кіргем жоқ, жұмыс қарапайым автослесарь. Өз жерімізде өз тілімізде сөйлеп қара жұмысқа да тұра алмаймыз не сұмдық. :jap:

  13. Азамт 8 Ақпан, 2017 22:58 Жауап

    Жақында бір інім автосалонға (Ниссанцентр Алматыда) жұмысқа тұрмаққа барған, мен бірге барып қайтқам, әңгімелесуге (собеседование). Сыртында 1-2 мәтін ғана қазақша жазылған, қалғаны орысша. Ішінде түгел орысша. Кірген адаммен амандасу ғана қазақша, ары қарай орысша сөйлемесең түсінбейді, қазақтың қыздары да бар. Әңгімелесуде орысша болды дейді, қазағымның қыздары бір сөз түсінбейді, інім орысша сөйлей алмайды, мен кіргем жоқ, жұмыс қарапайым автослесарь. Өз жерімізде өз тілімізде сөйлеп қара жұмысқа да тұра алмаймыз не сұмдық.

  14. Арыстан 9 Ақпан, 2017 18:07 Жауап

    Орыс тілді, Конституциядан алып тастау керек. Оны талқылауғада керек жоқ. Тұтас бір ел болудын ұақытты келді.

  15. диуана қазақ 11 Ақпан, 2017 13:23 Жауап

    орыс-тілі қажет емес көп елдерде екінші тіл ағылшын мысал келдіреиін сендерге далаға шығып мектеп аралап қараңдар қазақ мектептерінде бастауыштың бір сыныбында 27-ті бала оқыиды тек соның екі-үш баласы ағылшын тілін қосып оқыиды ұстазға айтсаң мен қайсы біріне жетемін деиді қалған балдар мектепке барып келіп жүр аты бар есесіне орыс-тілін сол қазақ балдардың мыиына құиып оқытып жатыр 27-ті баланың ал екінші орыс мектепке барсаң оларға барлық жағдай жасалған мысалы 27-ті бала бір сыныпта болса оларды екіге бөліп оқытып жатыр яғни 14-бала бөлек 13-бала бөлек ағылшын тілін есесіне қазақ-тілін 27-ті баланың екі-үшеуі біледі енді қараң ағайындар кім ұтып жатыр кім ұтылып жатыр кім мәңгүрт болып жатыр топасыз қазақтарға айтарым салыстырып қараңдар сендерде талаптарыңды күшитіңдер мектепке барып бізің бала неге ағылшын -тілін білмеиді деп

Пікір немесе жауап жазу

16 + он екі =