Қазақстанда отандық фильмдер көрсететін жаңа телеарна ашылады — Дәурен Абаев

1710
10
Бөлісу:

Похожее изображение

Наурыз мейрамына қарай Қазақстанда «Еларна» атты жаңа телеарна ашылады. Онда отандық фильмдер мен сериалдар көрсетілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев хабарлады.

«Наурыз мейрамы қарсаңында жаңа «Еларна» кино-телеарнасын іске қосу жоспарлануда. Бұл арна отандық көркем және деректі фильмдер мен сериалдарды трансляциялайтын болады» деді министр.

Айта кетейік, телеарна «Хабар» агенттігінің құрамында болады.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 10 пікір жазылған

  1. Нұрлан 7 Ақпан, 2017 13:17 Жауап

    Бұл өте жақсы хабар ,алайда бүгін Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте ҰЭМинистрі, жаңағы Абаев және Ауыл шаршушылық министрінің орынбасары Нысанбаевтың сөйлеген сөздері мені өте қынжылты. Үшеуі Ресейдің крутой қаласынан келіп, Қазақтарды менсінбей отырған, аспаннан түскен үшеу болып, қазақ журналистері берген сұрақтарға әйтеуір бірнәрсе қылып жауап берді.Көбісі орысша өтті, мен түсінбедім, осындай мен сияқты орысшаға онша түсінбейтін қарапайым қазақтар не істеп жатыр екен.Үшеуіненде тәкаппарлық өршіп тұр, сөйтіп жүре береміздеп жүр ау деймін. Өзінің тілін сақтамаған, сыйламаған бұл 3 шенеуніктердің жазаларын бір АЛЛАҺ ТАҒАЛАМ берсін.

  2. Сабина 7 Ақпан, 2017 14:16 Жауап

    Отандық өнімге басты назарды аудырып үйреніп келеміз. Жаңа телеарна ашылып, отандық кинолар мен түсірілімдерді көрсетіп жатса, неге қуанбасқа?

  3. Дулат 7 Ақпан, 2017 14:19 Жауап

    Бұл неден хабар береді, министр болсын, осы саладағы отырғнадардың барлығы дерлік жақсы жүйелі жұмыс жасап жатыр дегенді білдіреді.

  4. Төре 7 Ақпан, 2017 14:24 Жауап

    Сырт көзге әрине түрлі болып көрінуі мүмкін. Оған қарап олар жаман, адам менсінбейді деген сөз дұрыс емес. Бастысы қаймана қазақ үшін мәдениеттің ақпарат арқылы дамуына үлес қосып жатыр.

    • Қолқоюсыз 7 Ақпан, 2017 18:39 Жауап

      Қазақ Мәдинетін дамытпағанда олар не істеп жүр. тек орысша сөйлеп жүру керек пе.

  5. Дархан 7 Ақпан, 2017 18:42 Жауап

    Шынымен телеарналардан Отандық фильмдер өте аз көрсетіледі, кинотеатрлерде тіпті жоқ. Мынау бір жақсы дүние болды.

  6. Еңлік 7 Ақпан, 2017 18:43 Жауап

    Мән мағынаға толы сапалы Отандық фильмдерді асыға күтетін боламыз Еларна!

  7. келбет 7 Ақпан, 2017 18:43 Жауап

    Өзінің аты да айтып тұрғандай, Елдің арнасы! Елдің киносы көрсететін арна болсын!

Пікір немесе жауап жазу

9 + 13 =