Жансая Әбдімәлік еуразияның ең сұлу спортшысы атанды (фото)

Жансая Әбдімәлік еуразияның ең сұлу шахматшысы атанды деп хабарлайды baq.kz.

Өзбек қызынан озған Жансая Әбдімәлік еуразияның ең сұлу спортшысы атанды (фото)Жерлесіміз 9136 дауыс жинап топ жарса, өзбекстандық халықаралық спорт мастері Сарвиноз Курбонбоева 7848 дауыс жинап екінші орын болды. Ал тәжікстандық шахматшы қыз Мутриба Хотами 653 дауыспен үшінші орынға тұрақтады.

Биыл 17 жасқа толған Жансая 14 жасында гроссмейстер атанған.

[caption id="attachment_1397385" align="aligncenter" width="530"]Өзбек қызынан озған Жансая Әбдімәлік еуразияның ең сұлу спортшысы атанды (фото) САРВИНОЗ КУРБОНБОЕВА. ФОТО ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕН[/caption] Сонымен қатар ол 2012 жылғы жастар әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылғы 20 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионатында екінші орыннан көрінді (жалпы жарыста 6.5 ұпайдан үш ойыншы жинаған - Во Ти Ким Хун (Вьетнам), Жансая Әбдімәлік (Қазақстан) және Синит Челси (Индонезия). Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша орындар реті - вьетнам қызында 46.5, Әбдімәлікте - 43.5, ал Челсиде - 42.5.)

Жансая сәйкес жасы бойынша қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.