ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕН немесе РЕСЕЙГЕ ҚАЙТ! – Ресейлік журналист Қазақстандағы орыстар туралы

Бөлісу:

Ресейлік «БАБР» атты басылымның редакторы Қазақстанға келгенде алған әсерімен бөлісіпті. Бұл туралы Caravan.kz порталы БАБР-ға сілетеме жасап хабарлады.

Мақала авторының айтуынша, Қазақстанда екі мәселені нақты бөліп айтуға болады. Ол: «славян мәселесі» және орыс тілді тұрғындардың жай-күйі. Оның пайымдауынша, Қазақстан этникалық және тілдік ерекшелік бойынша Солтүстік және Оңтүстік аймаққа бөлінген. Солтүстік пен Шығыс аймақтарда славяндар мен орыстанып кеткен қазақтар тұрады. Ал Шығыс пен Батыста қазақтар мен өзбектер тұратын көрінеді.

Сондай-ақ автор, Қазақстанда 20 жыл бұрынғы жағдайдан негізгі өзгешелік қазір мемлекеттік тілді білу қажет. Тек сонда ғана өзіңді қоғамда еркін сезінесің, деп пайымдапты.

«Тек қазақша сөйлеп қана, толыққанды азамат ретінде жүруге болады. Екі тілді де біліп ешқандай кедергісіз өмір сүруге де болады. Бірақ сен тек орыс тілінде ғана сөйлейтін болсаң, онда үлкен түйткілдерге тап боласың.

Орыс тілшісі славяндарға қысым жасалмаса да тілге қатысты мемлекеттің «жұмсақ» саясаты бәрібір орыстілділерге «жабық есік» жағдайын қалыптастырып отыр, деген ой түйеді.

Тұрғындар тілдің маңыздылығын түсініп келеді.Өйткені қазақ тілін білмей ыңғайсыз тілдік геттоға түсесің. Әрине гетто жағдайында ешкімнің өмір сүргісі келмейді, деп жазыпты.

Журналистің ойынша, бұл жағдайдан шығудың екі жолы бар. «Қазақ тілін үйрену немесе Ресейге кету»

«Оларды ешкім қуалап жатқан жоқ. Бірақ, қал деп те қолқа салмайды. Себебі, Қазақстандағы орыстар біртілді. Бұл елде өзім тілдескен барлық орыстар қазірдің өзінде отбасыларын Ресейге апарып тастаған немесе жақын болашақта кетуді жоспарлап жүргендер»

Сондай-ақ тілші, 20-30 жылда Қазақстанда тіл мәселесі болмайды. Өздігінен шешіледі. Оған себеп елде славяндар саны мейлінше азаяды, дейді.

Осылайша автор барық қазақстандық орыстарға кеңесім: қазақ тілін үйреніңдер немесе Ресейге қайтыңдар»,-деп аяқтапты.

Дегенмен, бұл мақала әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Әсіресе орыстілді оқырмандар автордың бос сөз жазғанын, жағдайдың мүлде олай емес екенін ашына айтуда. Көпшілік Қазақстанда қазақ тілін білмей-ақ өмір сүруге болады әрі өмір сүре береміз, деген пікірлер қалдырған.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 20 пікір жазылған

  1. Куралай 27 Қаңтар, 2017 14:46 Жауап

    Дұрыс Қазақстанда тұратын барлық қандай ұлт болмасын қазақ тилин билу тиіс. Россия немесе Астрахан ға барсан қазақша сөйлеспейді ғой. Қазақстандағы әзербайжан қытайларда қазақша сөйлесін.

  2. калбит 27 Қаңтар, 2017 14:52 Жауап

    ложь не правда орысша билмеген казахтар калалы жерде ит болып жур гои казахстанда нормальныи жумыска орыс тилисиз кирип кор .утопия .казачтанда русскии язычныи 1 сорт казахо языченыи 2 сорт

    • Нұрлан 27 Қаңтар, 2017 17:25 Жауап

      Калбит дұрыс айтасың. Оны істеп отырған өзіңнің жаман қазағың, өздерінше қазақша іс қағаз жүргізсе түсінбейді, орысшаға аудартып, переводчик қажет болып жүреді, егер Елбасы Мемлекеттік тілді-Қазақ тілін білмеген шенеунік немесе халыққа қызмет беру саласының қызметкері қазақша білмесе және іс қағазын мемлекеттік тілде жүргізбесе ол азамат жұмыс істемейді деп Қаулы қабылдаса ондай ЖАМАН ҚАЗАҚТАР қазақ тілдер курсының алдын толтыратын еді және бірінші қазақ тілін күніге оқып жүретін еді.. кейбір мекемелерде мысалы Халық Банкте іс жүргізу тек орыс тілінде жүреді, онша орысша жаза алмасаң ұят болады дейді,Қазақша жаза алмайтындар неге Қазақ Елінде ұялмайды.

    • Қолқоюсыз 27 Қаңтар, 2017 22:51 Жауап

      Нұрлан сен өзіңнің ойыңды олай жазғаның өкінішті қатырдым деп отырсыңба орыс тілі қазақстанда 2сорт болып қалады солай болып қала береді есіңді жи қазақ көзіңді аш

    • Айбек 27 Қаңтар, 2017 22:52 Жауап

      Нұрлан сен өзіңнің ойыңды олай жазғаның өкінішті қатырдым деп отырсыңба орыс тілі қазақстанда 2сорт болып қалады солай болып қала береді есіңді жи қазақ көзіңді аш

  3. Ермек 27 Қаңтар, 2017 20:08 Жауап

    Орыс редактор маладес. Дегенмен, бұл ел ішінде іріткі салу ойымен әдейі айтып отыруы да мүмкін дегенді естен шығармайық. Ал, негізінен, дұрыс. Орыстар ғана емес, өзге ұлттың бәрі қазақ тілін білу керек! Бұл талқыланбайтын мәселе.

  4. Алаш 27 Қаңтар, 2017 20:10 Жауап

    Орыстарға қысым көрсетіліп жатқандай етіп айтыпты. Бұл бәлелер сондай. Ертең Ресейге барып, Жириновский секілді әумесер депутаттарға баяндама жасайды. Сосын ол шығады Қазақстанда орыстарды кемсітіп жатыр, ана жер біздікі, мына жер біздікі деп. Бірақ, Елбасы орысшаға орысша жауап бермесе жұмыстан кетеді деп айтты ғой. Одан басқа не керек. Биліктің өзі орыс тілінің ығына жығылып тұрған заман болды ғой. Қайран бабалар осынау жерді тіліңді, ұлтыңды қорла деп қалдырып кетіп пе еді???

  5. Ақбикөш 27 Қаңтар, 2017 20:12 Жауап

    Алаш, дұрыс айтасың. Бірақ, Назарбаев тек орысшаға емес, қазақшаға қазақша жауап бермесе де жұмыстан қуылады дегенді меңзеп айтты ғой. Почему то, Ахметов, Кулагин секілділер тапжылмай отыр. Тіпті, кеше ғана орыстың қазақ тілінде қойған сауалына орысша жауап берген Ішкі істер министрі Қасымов та отыр орынында. Елбасы айтуын айтады-ақ. Соны тек орындауға келгенде қиындық туады.

  6. оқырман 27 Қаңтар, 2017 20:14 Жауап

    Жарайсыңдар, Қазақ Үні!!! Осындай өткір тақырыпты көтеріп отыратындарың, ұлттық мүдде мен тілге қатысты дүниелерді ұдайы назарда ұстап отыратындарың үшін рақмет!!! Орыстар ғана емес, әрбір қазақстандық қазақ тілін білуі тиіс!!!!!!!

  7. Қолқоюсыз 28 Қаңтар, 2017 10:32 Жауап

    Ана тилин мамбет деп менсинбеитиндерге аитарим, сендер ана тили жок жетимсиндер,казак та емес орис та емес мангуртсиндер.

  8. Бұқарбай 28 Қаңтар, 2017 11:32 Жауап

    Ондай қара ниетті елге дақ түсірер азаматтар елімізде жетерлік. Бір жағдай бола қалса ешқашан отанына жаны ашиды деп үмітте артпаңдар, жүректерін сең басып қалған, өзіңе қарсы шабатындар. Тұрып жатқан жерінің суын ішіп, нанын жеп, түкіріп кете береді, мемлекет тіліне пысқырыпта қарамайды, соңына дейін қарсы тұратындар. Олардың армандаған жеріне кетулеріне кедергі болмауымыз тиіс.

  9. Заманбек 28 Қаңтар, 2017 11:36 Жауап

    Елді мемлекет құрушы ұлтты жамандауға рұқсат еткен БАҚ құралына ірі əкімшілік шара қолданылу керек. Заңмен қудалау қажет.

  10. Арыстан 28 Қаңтар, 2017 17:04 Жауап

    Барлық қазақтарға айтарым, басқа ұлт өкілдерімен қазақша сөйлесіндер, талап етіндер. Барлығымыз бір адамдай кіріссек, бұл мәселе тез шешімін табады!

  11. Ассар 10 Қазан, 2017 11:43 Жауап

    Орыс тілін білгенде не ұттық, халықаралық тіл деп ешеді бірақ орыс тілін қолданып жамып кеткен ел жоқ. Түріктер бір тілді халық. аз топтары ағылшын, неміс тілдерін жақсы меңгерген. Бірақ түркия мен ресейді салыстырсақ ресей тек қару жарақтан ғана дамыған шығар. Оның халыққа пайдасы жоқ. Әр ел өз тілімен ғана өмір сүрсін сосын әлемдік жаңалықтарға, технологияны меңгеруге ағылшын тілін алу керек. Орыс тілі бізге ағылшын тілі мен қазақ тілінің ортасындағы посредник тіл. Онда да білім ғылымды толық жеткізіп беру қауқары жоқ. Одан да тіке ағылшын тілінің өзінен технологияны алсақ сол ұтымды. Орыс тілі мәңгі шовоноизм тілі болып қала бермек. Соғыста ақш-тың арқасымен жеңіп әлі күнге жыртылып жүр соғыста бәрін жеңдік деп. Бірақ сол немістің , түріктің, франсуздың туалетін тазалауға қолдары жетпей жүр шошқа жегіш орыстар.

  12. Сакен Ташметов 25 Қазан, 2017 09:42 Жауап

    Орыс тілі-оташылдардың тілі. Орыстар қазақтарға жақсылығынан жаманшылығы өте көп болған. Біз Түркия секілді бір тілді болуымыз керек. Телеарналарды 100 пайыз қазақша сөйлету керек.

Пікір немесе жауап жазу

он бес + 6 =