Науқастардың қалтасын қағуды үйреткен бас дәрігердің кім екені анықталды

Таныс болыңыздар! Парақорлықты үгіттеуші бас дәрігер - Ануар Аманов...

Картинки по запросу ануар аманов

Еліміздегі емдеу мекемелерінің бірінде басшы өз қызметкерлеріне науқастардың қалтасын қағуды үйретіп жүр. Видеосы әлеуметтік желілерде тарап, аты шыққан Алматыдағы №7 клиникалық аурухананың бас дәрігері екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Науқастардың қалтасын қағуды үйреткен бас дәрігердің кім екені анықталдыЖеліде енді тараған жазба 2015 жылы №4 ауруханада жасалыпты. Қоластындағы қызметкерлерге мүмкіндігінше науқасқа түрлі анализдерді тағайындауға кеңес беріп жатқан Әнуар Аманов сол кезде басшы болған. Бас дәрігер бір апта ішінде науқастардан түскен ақшаға көңілі толмай, жиналыс ашып, қарамағындағыларды сөгіп жатқан сыңайлы.

Аманов одан кейін Алматының №7 ауруханасына қызмет ауыстырған. Қазір бұл іс бойынша арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, Әнуар Аманов уақытша қызметінен шеттетілді. Мұндай жағдайлардың жиі кездесетінін дәрігерлердің өздері де жасырмай отыр.

Денсаулық сақтау саласының білгірлері қазір ротация бағдарламасының аясында ауруханалар мүмкіндігінше науқастан көбірек ақша шығаруды көздейтінін ашық айтты.

"Ауырған адамға пайдасы тиетін дәрілерді жазып беру керек. Сосын оның тағы бір кемшілігі бар. Бұрын дәріхананың барлығы үкіметке қарады ғой, ал қазір барлығы жекеменшік. Сосын кейбір дәрігерлер рецепт жазғанда белгілі дәріханадан сатып ал деп айтады. Сыбайластық бар", - дейді Денсаулық сақтау ісінің үздігі Ізбасқан Аймағанбетов.