Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды

Қазақстан президентінің жарлығымен Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды"Елжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Елжан Біртанов бұл қызметке дейін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болып қызмет атқарған.

Жаңа министр 1971 жылдың 18 қазанында Тараз қаласында дүниеге келген. Отбасылы. Төрт баласы бар.