Ұлықтау рәсіміне қатысқан имам Трампқа құран аяттарын оқып берді

Өткен сенбіде Вашингтон қаласындағы Ұлттық кафедральды шіркеуде АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамптың қызметіне кірісу рәсімі болып өтті. Аталмыш рәсімге түрлі дін өкілдері қатысып, өз діни жоралғыларын жасаған, - деп хабарлайды Muslim.kz сайты.

Аталмыш рәсімге АҚШ мұсылмандары атынан Мухамед Маджид шақырылып, алқалы жиында азан айтуы тиіс болатын. АҚШ мұсылмандары арасында беделі өте жоғары адамның президенттің таққа отыру рәсіміне қатысуы діндес бауырлары тарапынан қатты сынға ұшырап, наразылығын тудырған еді.

Алайда, Мухамед Маджид бекітілген бағдарламаны бұзып, жұртшылық мүлдем күтпеген қадам жасады. Мінберге көтерілген ол азан шақырудың орнына қасиетті Құран аяттарын оқи бастайды. «Хужурат» сүресінің 13-аяты мен «Рум» сүресінің 22-аятын оқып болған ол отырған жұртшылыққа аудармасын айтып берген.