Әкім құны 3 миллионнан асатын әжетхананы арнайы өзі келіп ашты (фото)

8924
35
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстандағы бірнеше әлеуметтік нысандардың лентасын қиып үйренген әкімдер енді әжетхананың ашылуына да қатысатын болған, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Жетісай әкімі құны 3 млн-нан асатын әжетхананы арнайы өзі келіп ашты (фото)

Мақтаарал ауданының орталығы Жетісай қаласында заманауи үлгідегі қоғамдық әжетхана пайдалануға берілді. Көпшілік қажеттілігіне арналған бұл нысан көпқабатты үйлердің тұрғындарына лайықталып салынған. Әжетхананың ашылу салтанатына қала әкімі Байдуалы Базарбаевтың өзі арнайы келіп қатысты.

Өз сөзінде Базарбаев мырза Жетісайдағы бірқатар әжетханалар санитарлық талаптарға сай еместігін жеткізіп, заманауи үлгідегі бұл нысан аудан әкімінің бастамасымен бой көтергенін айтты. Сонымен қатар тұрғындарға оны таза ұстау қажеттігін ескертті.

Жетісай әкімі құны 3 млн-нан асатын әжетхананы арнайы өзі келіп ашты (фото)Айта кетейік, әжетхананың салуға 3 140 000 теңге жұмсалған. Бұл соманы естіген желі қолданушылары мұнша қаржыға бір үй салып алуға болатынын айтып, таңданыстарын жасырмады.

Алдағы уақытта мұндай нысан қаланың тағы да өзге орындарында салынбақ.

Жетісай әкімі құны 3 млн-нан асатын әжетхананы арнайы өзі келіп ашты (фото)Еске салсақ, осыдан бірнеше ай бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жол бойында әжетханалардың жоқтығын айтып, қоластындағы қызметкерлеріне күйінген болатын.

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 35 пікір жазылған

  1. Конр 21 Қаңтар, 2017 22:21 Жауап

    3 милонға 7 БОЛМЕЛІ уиді салып бітіруге болады курлыста істегеніме канша жыл болды. ол жерге калаи есептесең де 3 МИЛОН КЕТПИДІ.Əжетхана деп мемлекеттен қаржы боліп алып кин оны өздері боліп алғантта.

  2. Қолқоюсыз 22 Қаңтар, 2017 06:00 Жауап

    Туалет салғанша қала əкімі Күлпаршын базарының жанындағы көшелерге тас тосетпейме ұңқыр шұңқыр су колдеп даря боп кеткен əкім сымақ неге осы көшелерді көрмеиді асфалттамайақ шұңқырларды таспен толтырса болмайма.

    • Мəке 22 Қаңтар, 2017 15:22 Жауап

      Не деген туалет онда барлығын өзі жасайма Əкімнің басқа істер жұмысы жоқ па? Менің енем айтпақшы жетімдерге бермейміз ақшасы көп болса!!

    • Макош 22 Қаңтар, 2017 15:23 Жауап

      Не деген туалет онда барлығын өзі жасайма Əкімнің басқа істер жұмысы жоқ па? Менің енем айтпақшы жетімдерге бермейміз ақшасы көп болса!!

  3. Қалеке 22 Қаңтар, 2017 06:08 Жауап

    Қала əімі жұмыс ітемеитін əкім қала көшелері оиылып кеткен шұңқыр болып неге тас толтырып тегістелмеиді асфалть қылмай ақ тас төсеп тегістетуге тапсырма бермеиме.Байдуалы Базарбаев қала əкімі ұиқыңнан оянсайшы.жолды тегістет 3 миллионға туалет салғанша.

  4. Боке 22 Қаңтар, 2017 10:31 Жауап

    Ел мәдениетінің бірден-бір көрінісі – қоғамдық әжетханалардың жағдайы. Сондықтан әкімнің мына қадамын қолдаймын. Неше Бәйтерек, неше Ханшатыр салсаң да, шетелдік туристердің ел туралы пікірі – қоғамдық орындарға қатысты қалыптасады. Ал сонша ақшаға туалет салғанша үй салмай ма дейтіндер – өз үйлеріндегі туалетке де мән бермейтін салақтар мен настар.

  5. шал 22 Қаңтар, 2017 14:33 Жауап

    туалеттерин кутты болсын иши тез тезден толып турсын ?жетисаига барсам бир кирип отермин очередь коп болмаса.

  6. Жандарал 22 Қаңтар, 2017 15:22 Жауап

    сонша қаржыға туалет салғанша, баспанасы жоқ, жағдайы төмен отбасыларға үй алып бермейма?

  7. Академик 22 Қаңтар, 2017 15:39 Жауап

    :shoshu: Онбаган маныраган казахтар! Кой уксап манырамай этаж уйлерде туратын бейшара халыкка жонди туалет салганын миларын корыта алмай жатырма.

  8. Айгул 22 Қаңтар, 2017 23:04 Жауап

    Жумыс барысы кезинде ( тургын уйлерди кала тазалыгын аралап кору) кезинде тургындарга арналган ажетхана жайы да соз болган. Арнайы барып лентасын киды деп жалган акпарат таратып отырсындар Казак уни! Естерин дурыс па?

Пікір немесе жауап жазу

бір × 4 =